«География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар жинағы»


«Аспан денелері» бойынша тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет18/32
Дата08.12.2023
өлшемі1,32 Mb.
#135034
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Байланысты:
«География п нінен о ушыларды функционалды сауаттылы ын арттыр

«Аспан денелері» бойынша тапсырмалар 
 
1-тапсырма
Аспан денелерінің бірі — Ай белгілі бір мөлшерде Жерге әсер 
етеді. Сен жалғыз өзің ешқандай тіршілік белгісі жоқ аралға тап 
болдың. Айдың көмегін қалай пайданар едің? 
______________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы: 
Толысу құбылысын пайдаланып, су қайтқанда балық
тағы басқа теңіз өнімдерін теріп тамақтанар едім. 
2-тапсырма
1
2
3
 
Ай мен Жердің арақашықтығы — 384 000 км. Айдың диаметрі 
Жерден 4 еседей аз. 
Жоғарыда көрсетілген суреттердің қайсысында күн тұтылу 
құбылысын байқауға болады? 
А. 1-сурет В. 2-сурет С. 3-сурет 
Жауабы: В 
3-тапсырма. 
 
Ғаламшарлар секілді Ай да салқын дене. 
Айжан ата-анасымен қонақтан үйлеріне түн ауа қайтты. Ай 
жарқырап үйге қайтар жол ағараңдап анық көрінеді. Айжан ай 
неге жарық, ол салқын дене емес пе деп ойлады? Неліктен ай 
салқын дене бола тұра бізге жарық болып көрінеді? Түсіндір. 


36 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
Жауабы:
Ай күн сәулесін қабылдай алмайды, оның орнына тек 
шағылыстыратын қабілеті бар. 
4-тапсырма . 
Қазақта өмірде өзіңнен кейін ізің қалсын деген қанатты сөз бар. 
Бұл әрине рухани өмірдегі адмгершілік іздері жайлы айтылған. 
Ал жер бетінде біздің аяғымыздың ізі көп дегенде бірнеше күн 
ғана сақталса, ай бетінде ғарышкерлердің ізі ғасырлар бойы 
сақталады. 
Ай бетінде ғарышкерлердің ізі жүздеген жылдар бойы 
сақталуының себебі не? 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 
________________________________________________________ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет