17
А. Автомобильдер
В. Темір жол көлігі
С.Ұшақтар
15-тапсырма
Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза
оттегі мөлшерінің 10-12%-дан артпауына алып келді.
Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда
қалалықтар экологиялық ахуалдың
жақсарғанын көріп,сезінеді?
А. 100%
В. 51%
С. 21%
16-тапсырма
Ауаның қасиеттерін мөлдір, иіссіз, түссіз екенін Әмина
дүниетану сабағынан біледі.
Бірақ ауаны Әмина естіп, сезініп
және көргісі келді.
Қай тәжірибені жүргізгенде:
1-тәжірибе: Үлкен суы бар ыдысқа стақанды түбін жоғары
көтеріп қисайта түсіргенде;
2-тәхірибе: Үрленген шарды
қысып ұстап тұрып ауасын
шығарғанда;
3-тәжірибе: Үрлеген шарды бетіне тақап тұрып ауасын
шығарғанда;
Әмина ауаны көреді, естиді, сезінеді? Тәжірибе қорытындысын
тұжырымда.
Жауабы:
1-тәжірибеде –көреді. Стақаннан
біртіндеп шыққан көпіршікті
байқауға болады, ал көпіршіктің ішінде ауа бар.
2- тәжірибеде-естиді. Үрленген шарды біртідеп қысып тұрып
ауасын шығарса ауаның даусы естіледі.
18
3-тәжірибеде-сезінеді. Үрленген шардың ауасын бетке тақап
тұрып шығарса ауаның лебін тері арқылы сезінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: