Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды



Pdf көрінісі
бет28/41
Дата08.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#135388
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
Karapaiym matematika

Ортаңғы топтағы
жұмыстың міндеттері

-
балалардың геометриялық пішіндері жайында түсініктерін дамыту: 
дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, шар, текше;


57 
-
көру және сипап сезу анализаторларының көмегімен пішіндердің 
ерекшеліктерін ажыратуға үйрету (бұрышының болу/болмауы, 
тұрақты/қозғалмалы және т.б.). 
Ортаңғы топта таныстыру әдістемесі. Сәбилер тобындағы тәсілдер 
арқылы ортаңғы топта да жаңа пішіндермен (тікбұрыш) таныстырылады. 
Мәселен, пішіндерді ұстау, сипап сезу, олармен практикалық әдістер.
Ересек топтағы таныстыру әдістемесі.
Ересек топтағы балаларына 
таныстыру міндеттеріне балаларды сопақшамен таныстырып, оны дөңгелекпен 
салыстыра отырып негізделеді. Төртбұрышты түсінігімен таныстыру: шаршы 
мен тіктөртбұрыш төртбұрыштың түрлері екендігіне көз жеткізу. 
Геометриялық пішіндерді ажырату қыралығын дамыту: таныс заттардың 
формаларын 
салыстырып, 
анализ 
жасай 
алуы. 
Айналасынан 
ұқсас/ұқсамайтынын пішіндегі заттарды анықтай алу: кітап, кірпіш – 
тіктөртбұрыш; айна, жұмыртқа – сопақша және т.б.
Сурет-5.6. Геометриялық пішіндерге ұқсас заттар 
Ересек топта және мектепалды даярлық мынадай мазмұндағы 
жаттығулар мен ойындарды жүргізуге болады: геометриялық пішіндердің 
түрлеріне байланысты бірізділік жүйені сақтай отырып үлгіге сай заттарды 
табу, кімде қандай ойыншық, сипап сезу арқылы тап; күрделі формаларды 
аналитикалық қабылдау және оны қайта жасауға арналған жаттығулар 
«Ағаштар», «Балға және ұста», «Түрлі-түсті мозайка құрастыр», «Ойлан, тап» 
және т.б.» дидактикалық ойындар: «Сипатына қарай тап», «Кім көбірек 


58 
табады», «Бірдей өрнек тап», «Әр пішіннің орнын тап», «Сәйкес пішінді тап», 
«Артық пішінді тап», «Таяқшалардан форма құрастыр».
Мектепалды даярлық тобында таныстыру міндеттері: көпбұрыштар 
(үшбұрыш пен төртбұрыштың мысалы арқылы), түзу сызық, кесінді туралы 
қарапайым түсініктер беру. Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін 
нақтылау (шар, текше, цилиндр, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, 
тіктөртбұрыш). Геометриялық пішіндердің сұлбасын жасау: екі үшбұрыштан 
бір көпбұрыш, екі кіші шаршыдан бір үлкен тіктөртбұрыш құрастыру; 
дөңгелектің бөлшектерінен бір дөңгелек құрастыру және т.б.; геометриялық 
пішіннің қасиеттерін сөзбен сипаттап, тізбектеу; нұсқау көмегімен немесе 
өзінің ойынан геометриялық пішіндерден тақырыптар компазициялар 
құрастырады.
Сурет-5.7. Екі төртбұрыштың қосындысынан тіктөртбұрыш шығады 
 
Заттардың формалары мен жеке құрамды бөліктеріне анализ жасай алуға 
үйрету; нұсқаулық, үлгі және елестетулері бойынша заттардың формаларын 
қайта жасай алу.
Практикалық 
әрекеттерді 
орындап, 
геометриялық 
пішіндермен 
манипуляциялап, қайта құрастырады. Осындай үйрету процесінің нәтижесінде 
«математикалық» сөздік қоры ұлғаяды. Мектепке дейінгі балалардың форма 
жайындағы түсініктері мен елестетулерін қалыптастырудың негізгі 
дидактикалық тәсіл зерттеу болып табылады. Тәрбиеші балаларға заттардың 
формаларының өзіне тән ерекшеліктерін толық зерттеуге үйретеді. Бұл зерттеу 
математика, құрастыру және бейнелеу өнерінде қарастырылады. Осы оқу 
әрекеттерінде беттестіру, сәйкестендіру, астына қою, контурын сызу, штрихтау 
және өлшеу қолданылады. Балалар жазық геометриялық фигуралды сызады, ал 
геометриялық денелерді ермексаздан, сазбалшықтан жасайды. Сондай-ақ, бұл 
іс-әрекет тікелей жазу элементтерімен тығыз байланысты: тор көзді сызу, 
дөңгелек, сопақша сызу, түзу және қисық сызықтарды жүргізіп, дәптермен 
танысады.
Оқу әрекетінің мақсаты келесідей, геометриялық пішіндерді салыстырып, 
олардың қасиеттерін ерекшелеу. Салыстыру үшін бірнеше көпбұрыштар 
ұсынылады. «Бұл пішіндер қалай аталады? Бұл пішіндердің қандай 
ұқсастықтары бар? Деп тәрбиеші сұрақ қояды. – Ал, қандай айырмашылықтары 
бар?». Балалар айналасындағы заттарға ұқсас қасиеттері бар геометриялық 
пішіндерді анықтайды.


59 
Геометериялық пішіндермен таныстыруға арналған материалдарға 
келесідей талап қойылады. Бірнеше қалталары бар қорапша. Бірінші 
қалтасында үшбұрыш, екіншісінде – трапеция, үшіншісінде – тіктөртбұрыш. 
Заттар бейнеленген екі үлгі беріледі: саны мен бөліктерін орналастырып 
көрсететін контурлы және толық. Бөліктерге бөлінгенде үлгі тұрады, ал 
бөлінбеген екінші жағында тапсырма орындалатын болады. Бұл қорапшадағы 
берілген тапсырмаларды орынауда тәрбиешілер дұрыс нұсқау беріп, бағыттап 
отыруы талап етіледі. Сондай-ақ, оларды орындап қана қоймай, бала сөйлеу 
әрекетін де меңгеруіне жағдай туындайды.
Осы қорапшада болашақ мектеп балалары әртүрлі зияткерлікті дамытуға 
арналған тапсырмаларды орындайды. Мысалы, ойлану, құрастыру және 
трансформациялау 
тапсырмалары. 
Берілген 
жаттығулар 
балаларды 
жалықтырмай, керісінше белсенді әрекетке итермелеуі қажет. «Қай пішін 
артық?», «Кандай пішін жетпей тұр?» сияқты жаттығуларды орындату, 
балалардың қызығушылықтарын арттырып, алға қойылған мәселені шешуге 
жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет