5-бөлім. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды геометриялық пішіндер
және денелер туралы ұғымдармен таныстыру
5.1
Геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі кезеңде геометриялық пішіндерді қабылдаудың
қалыптасуы баланың сенсорлық және ақыл ойының дамуында маңызы зор.
Баланың сенсорлық дамуы – бұл сыртқы ортадағы заттардың қасиеттері туралы
түсініктерінің қабылдауы мен оның қалыптасуы. Осы кезең бала үшін
рецепторлардың, сезім мүшелерін жетілдіруге ең қолайлы шақ болып
табылады. Сенсорлық оқытудың классикалық жүйесінің өкілдері Ф. Фребель
мен М. Монтессорийдің геометриялық пішіндермен таныстыру әдістемесі
көрсетілген. Педагог Ф. Фребельдің «Сыйы» қазіргі кезеңде балаларды
заттардың
пішінімен
таныстыруда
дидактикалық
материал
ретінде
пайдаланылады. Қоршаған ортамен танысу айналадағы заттар мен
ққұбылыстарды қабылдаудан басталады. Басқа танымдық үрдістер қабылдау
үрдісінің негізінен құралады. Мектепке дейінгі кезең баланың сезімдік
мүшелері қарқынды дамығандықтан, қабылдау үрдісі де жылдам дамиды.
Қабылдау – сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың
тұтас бейнесі.
Көлем, пішін барлығы түйсік арқылы қабылданады. Бұл сенсориканың
тәрбие мәселесі. Сенсорика – иіс, дәм, сипап сезу, есту және де көру.
Заттар мен құбылыстар туралы дұрыс түсінік олармен заттық әрекет
барысында жеңіл қабылданады. Сенсорлық қабылдау үрдісі әртүрлі іс-әрекет
барысында заттарды дұрыс қолдану жүзеге асады.
Негізгі пішіндерді игеру және олардың атауын айта білу баланың
айналадағы ортада бағдарлана алуын жеңілдетеді. Алған білімдері мен біліктері
заттардың пішіндерін зерделей отырып, оны суретте және құрылыс
ойындарында жасауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде «сенсорлық эталон»
түсінігімен танысып, интеллектуалдық қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ең
алғаш «сенсорлық эталон» ұғымын А.В. Запарожец ұсынған болатын.
Сенсорлық эталон дегеніміз заттардың қасиеттері мен қатынастарының
жалпы қабылданған бір үлгісі.
Геометриялық фигуралар жайындағы мәліметті балалар алғаш рет
ойынан алады. Оқу жылының басында топқа дөңгелек, құрылыс
материалдарын, мозайкалар т.б. енгізеді. Балалармен ойнай бастаған педагог
геометриялық фигуралардың дұрыс атын атайды[9].
Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар
туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың дөңгелек және
төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Бірақ кейбір балалар екінші кіші топқа
алғаш рет келуі болады, сондықтан сабақты фигуралармен таныстырудан
бастау керек. Кішкентайлар тобымен жұмыс істеген тәрбиеші дөңгелекті атап,
оны көрсетеді, әр түрлі қимылдар жасап қолдан-қолға домалатады. Екі
алақанымен дөңгелетеді, үстел үстінде дөңгелетеді, қимыл барысында тәрбиеші
сөйлеп айтады: дөңгелек домалап жатыр. Мен дөңгелекті қолдан-қолға
53
домалаттым. Балалар қолдарына дөңгелекті алып дәл осы әрекетті қайталайды,
кейін кімнің дөңгелегі қандай түсте екенін анықтайды. Қорыта келе, қолда
қызыл дөңгелек, ол домалап жатыр.
Кейін балаларды кубпен таныстырады. Оларда заттың көлемін зерттеу
тәжірибесі болғандықтан әр түрлі өлшемдегі кубтар ұсынылады. Алдымен
тәрбиеші кубты көрсетіп атайды. Кейін екі түсі өзгеше куб көрсетеді және «Бұл
не?», «Оның түсі қандай?», Қай куб үлкен немесе кішкентай деген сұрақтар
қояды. Балалар кубты әбден ұстап, зерттеп болғаннан кейін оның тұрақты
екенін анықтайды. Олар үлкен кубтың үстіне кішісін қойып, түрлі заттарды
құра бастайды.
Кейін бұл фигураларды салыстыру, топтастыру жаттығуын жүргізді.
Балаларға үлгі бойынша бірнеше шар немесе куб алуды ұсынады.
Дөңгелекті немесе кубты көрсет (3-4 фигураның арасынан). Дәл сол
түстегі немесе көлемі де сондай дөңгелекті тауып көрсет.
Куб және дөңгелекті айыра білу жаттығуы берілген белгілер бойынша
заттарды теңестіруге кіреді.
Балалардың
білім
жиынтығын
тексеру
үшін
тағы
ойын
ұйымдастырылады. Олар түрлі салмалармен ойын ойнайды, әр орынға қажетті
өз фигурасын (үшбұрыш, төртбұрыш, шар) қою керектігін, бір фигура екінші
фигураның орнына шақ келмейтінін түсіндіреді (сурет-5.1).
Сурет-5.1. Салмалар
Дөңгелек пішіні тек өзінің арнайы орнына келеді. Тәрбиеші қолымен
пішіннің шеттерін ұстап шыққан соң, ол баланы заттың формасын қабылдауға
үйретеді. Егер бала өзі істеуге қиналса, оған қолмен батыл жүргізуге көмектесу
керек.
Геометриялық фигураларды оқытуда балаларға қолмен айналдырып
көрсету, көзбен қадағалау маңызды болып саналады. Тәрбиеші фигураны
көрсетіп оны атайды, кейін балалардан соны қайталауын сұрайды, кейін
балалармен бірігіп, дәл сондай қимыл жасауға шақырады. Балалар тәрбиешінің
қолына қарап дәл соны қайталайды. Тәрбиеші форманың қасиетін шығару үшін
54
баладан қандай да бір қимыл жасауын сұрайды, фигураларды дөңгелеткенде
бала дөңгелекті домалатып, ал тік төртбұрыштың домаламайтындығына көз
жеткізеді. Тәрбиеші балаларға: «не үшін тік төртбұрыш домаламайды?»,- деген
сұрақ қояды. Балалар жауап береді, себебі тіктөртбұрыштың бұрыштары
кедергі жасайды.
Фигура туралы түсінік құру үшін оның моделін қолданады (дөңгелек,
төртбұрыш, үшбұрыш т.б.) картоннан, қағаздан істелгенін пайдаланады (сурет -
5.2).
Сурет-5.2. Геометриялық пішіндер
Қорыта келе, оқу әрекетінің соңына таман балалар әр түрлі фигуралардың
ішінде төртұрышты, үшбұрышты, дөңгелекті таба алады.
Мектепке келген балалар келесі геометриялық фигураларды ажыратып,
дұрыс атай білуі керек: үшбұрыш, төртбұрыш, шар, цилиндр (сурет -5.3).
2-сурет
Сурет-5.3. Геометриялық пішіндер және дене
Олар заттан өздері білген көлемді табуды үйренеді. Бұл жұмысқа ереже
бойынша 30 минут бөлінеді. Оқу жылының басында тәрбиеші баланың көлем
туралы білімінің деңгейін анықтайды. Егер балалар үшбұрыш пен дөңгелекті,
төртбұрыш пен цилиндрды ажырата алмаса, онда фигуралардың моделін
салыстыру қажет болады [7].
Балалардың алты-жеті жасында ойлау қабілеті арта түседі. Сондықтан
балаларға берілген тапсырма да күрделене түседі. Мысалы геометриялық
фигураларды айыра білу керек. Екі-үш фигураны құрастыру арқылы қандай
жақсы денені құрастыруға болады. Тапсырманы орындаған бала қандай
фигураларды құрастыру арқылы, қандай фигура жасап шыққанын айтып бере
алады. Балалармен бұлай жұмыс жасау арқылы баланың математикаға деген
қызығушылығы артады, білімі жетіледі. Мектеп жасына дейінгі балалар мұндай
қызықты тапсырмаларды ынталана отырып, шын ықыласымен орындайды.
55
Мысалы, түрлі үйшік формалы фигурадан жалауша шығарады, жеті таяқшадан
екі квадрат шығарады, конструкторлармен ойнай отырып, одан қоян немесе
тырнаның мүсінін шығарады. Өз беттерінше тапсырманы орындаған балаларды
мақтап, өзгелерге үлгі етеді (сурет-5.4). Тапсырманы өзің орындағанда ғана
қызықты болатынын түсіндіре отырып, тәрбиеші баланың өзінен талап етеді.
Сурет-5.4. Таяқшалардан пішіндер құрастыру
Достарыңызбен бөлісу: |