Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғарғы
білім министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті
Факультеті
:Тарих,археология және этнология
Тақырыбы
: Археологиялық ескерткіштерді зерттеу барысында
жаратылыстану ғылымдарының алатын орны мен маңызы
СӨЖ
Орындаған:
Бауыржан З.Б.
Тексерген:
Омаров Ғ.Қ.
Алматы 2023
Археологиялық ескерткіштер бұл тарихты ғылыми түрде айқындау мен
дәлелдеудің негізі дереккөзі болып табылады. Археологиялық мерзімдеу сол
табылған ескерткіштердің
абсолютті жасын анықтауда, хронологиялық шеңберге
орналастыруда өзекті. Археологиялық ескерткіштер археологиялық
деректермелер тобын құрайды. Археологиялық деректемелердің ең басты
ерекшелігі: деректемелер барлау және қазба жұмыстарының нәтижесінде
табылады. Сол арқылы алыс дәуірлер тарихы жасалып,
кейінгі дәуірлер жөнінде
түсінік толығып отырады. Археологиялық деректемелер дәуіріне, зат
материалына, жасалу әдісіне байланысты жіктеледі. Деректемелерді зерттей
отырып тұрмыс – тіршілікке байланысты құбылыстарды ашуға болады. Тарихи
қорытынды жасалғанда деректемелерден алынатын мағлұматтар тоғысады., яғни
синтезделеді. Зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын археологтардан әр деректің
өз маманы қалыптасады. Мәселен, тас құралдарының маманы, керамиканы
зерттеуші, әшекей-бұйымдарды танушы. Археологиялық деректемелердің
көпшілігі жердің астынан қазылып алынады. Олар, әдетте, толық күйінде
жетпейді: сынық,
фрагмент, тотық түрінде кездеседі. Сол себепті оларды дұрыс
қазып алу, қалпына келтіру және сақтау өте маңызды.
Заттай деректер негізінен 2 жерден табылады. Олар біріншісі ежелгі адам
қоныстарынан, екіншісі олардың жерлеу орындарынан. Жерлеу орындарының
түрлері де әртүрлі. Олар сол кездегі адамдардың діни түсінігі мен
дүниетанымымен және олардың мекен еткен жерінің жер қыртысының
ерекшелігімен де байланысты. Заттай деректер – табу, зеттеу, деректік
мәліметтерін
ерекшелеу, мұқият зерттеуді талап етеді. Ол негізінен алғанда
адамдар жасаған заттар ретінде айқындалады. Ескерткіштің күнін белгілеу
археологиялық зерттеулердің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Бірақ
бірқатар басқа мәселелердің шешімдері де өте маңызды,
атап айтқанда, заттың
өндірілетін орны туралы мәселе. Оны түсіндіру үшін олар көбінесе
табылғандарды картаға түсіруге жүгінеді. Егер қандай да бір аумақта бір типті
заттардың табылуы тығыз картаға түсірілсе, зерттелетін заттардың өндірісі осы
аймақта болған деп тұжырымдауға негіз бар. Құйылған
бұйымдардың жергілікті
өндірісінің маңызды белгісі оларды өндіруде қолданылатын құйма қалыптардың
табылуы болып табылады.
Археологияның маңызды бөлімдерінің бірі, алғашқы археология
эволюциялық теорияның арқасында дами алды. Жаратылыстану ғылымдарының
өкілдері — антропологтар мен геологтар өздерінің ғылыми зерттеулері кезінде
адамзат қоғамының алғашқы кезеңдерінде адамның
пайда болу тарихы туралы
материалды жүйеледі және зерттеді, осылайша алғашқы археологияның
бастаушылары болды. Бұл байланыстар одан әрі үзілмеді және археология
мақсаттары мен қажеттіліктері үшін жаратылыстану әдістерін қолдану
мүмкіндігі артты. Қазіргі уақытта археологиялық ескерткіштерді ашу және
зерттеу үшін жаратылыстану ғылымдарының әртүрлі салаларынан алынған 40-
тан астам әдіс қолданылады. Табылған заттарды мерзімдеуде жаратылыстану
бағытындағы ғылымдардың үлесі жоғары болып табылады.
Себебі олар заттың
абсолютті жасын дәл анықтауға көмектеседі. Солардың бірі – радиоизотоптық
әдістерге жататын, әсіресе, көне тас дәуірлері ескерткіштерінің жасын анықтауда
көп пайдаланатын калий-аргон, торий-230, актиндік радий әдістері. Қола,
алғашқы темір дәуірлері ескерткіштерінің жасын анықтауда радий көміртегі әдісі
кеңінен пайдаланылады. Қазақстанда осы әдіспен Үстірттегі Тоқсанбай энеолит
– қола дәуірінің бекіністі тұрағы, Маңғыстаудағы Дікілтас обасы және т.б. түрлі
ескерткіштер анықталған. Бұлардан басқа дендрохронология яғни ағаштың
сақиналарының өсу кезеңдері мен заңдылықтарына негізделген,
термолюминисценттеу, радиокарбон, тағы басқа әдістер қолданылады.
Кейбір жағдайларда палеонтологиялық деректер
қоныстану мерзімін
анықтауға көмектеседі. Егер зерттелген аумақта жойылған жануарлардың
сүйектері табылса, онда жануардың түрін анықтап, оның қашан жоғалғанын білу
арқылы оның мерзімін белгілеуге болады.