Адамзат дамуыныњ єр кезењі ѓылым мен мєдениеттіњ, єдебиеттіњ ќалыптасуы,µркендеуі, зерттелуі туралы µзіндік пікірлерімен ерекшеленіп, жања баѓыттар, жања танымдыќ аппарат пен жања терминология тудырып отыратыны белгілі


көргем жоқ, барамын, жүрмеп едім, көремін, барып



Pdf көрінісі
бет48/136
Дата10.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#135603
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   136
Байланысты:
Adilova korkem matin

көргем жоқ, барамын, жүрмеп едім, көремін, барып 
көрем, алып берем, ойнап көрсін, көрсем деп ем. 
Автордың теңізге екі жақты көзқарасы бірінші шумақтан-ақ, 
бағалауыштық мәнді сөздердің оппозициялық жұптары арқылы көрінеді:
 теңіз 
– аспан, теңіз – жер, аспанда – жерде.
Өлеңнің вербалды құрылымында 
семантикасында ой мен іс-әрекет динамизмі, күрес семалары сақталған лексика 
басым. Бұл 
дүрбелең, дауыл, толқын
зат есімдерінен, 
долы
субстантивінен 
және 
тулау, шулау, тербетілу, арпалысу
етістіктерінен байқалады. Ал 
бұлардың барлығы жиналып толқын концептін кейіптейді. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


66 
Осы сөздер қатарын қысқартылып, маркерсіз келтірілген 
«тоғыз вал
» 
артонимі өзектендіреді. Оқырман бірден И.К. Айвазовскийдің «Тоғызыншы 
вал» картинасын еске түсіреді. Бұл сурет кеңес өкіметі тұсында туып-өсіп, 
бірыңғай оқу-білім бағдарламасы бойынша білім алған оқырмандардың 
бірнеше буыны үшін прецедентті феномендер қатарына жатады. Ақын 
визуалды образдың әсерін 
тоқсан вал
сөз тіркесімен еселеп күшейтеді. 
Айвазовский картинасы мен М. Мақатаев өлеңінің арасында семантикалық 
байланыс барына бұдан басқа толқып жатқан теңізде із-тұзсыз жоғалған 
кемелер туралы жолдар куә бола алады. 
Келесі шумақ алдыңғыға қарағанда теңіздің мүлде кереғар суретін береді, 
оны тыншу, тыныштық семантикалы лексика байқатады: 
тербетіле, моп-
момақан, мөлдіреп жатар, мүләйімсіп иегін жерге тіреп,
яғни «тақырыптық 
жетекші сөздер мен ұйытқы сөйлемдер өзара гармония мен контраст 
қатынастарға түсе отырып, бір-бірінің мағынасын күшейту және азайту арқылы
кезек-кезек ақпарды жарқ еткізгендей болады» [98, 56]. Бейтарап мәнді сөз 
тіркестерінің жағымсыз семантикаға ауысуы автордың теңіздің аумалы-төкпелі 
күйін екі жақты қабылдайтынын көрсетеді. 
Теңіздің мұндай құбылмалы бейнесінен ақын оның долы да қаһарлы 
стихиясын суреттеуге көшеді және оны өзінің шабытты шағымен қатар қояды. 
Егер Айвазовский картинасына қарап тұрғанда: «долырған стихияның 
суреттелуіндегі трагедиялылық оның әдемілігі мен орасандығымен 
салыстырғанда кейінге ысырылып қалатынын» ескерсек [99, 304], өлеңнің 
вербалды құрылымында соның бәрі дәл, анық көрінеді. Ал бұның өзі ақынның 
күрделі, тентек, арпалысқан табиғатын жан-жақты танытады. 
Өмірді танып, түйсінуінің тілдік бейнесінде теңіз комплексі басым орыс 
ақындарына [100, 80] қарағанда, қазақ қаламгерлері үшін «дала» концептін 
вербалдайтын лексика әлдеқайда маңызды. Бұл, әрине, қазақ халқының 
тұрмыс-тіршілігімен, 
айналысатын 
шаруашылығымен, 
табиғат 
және 
географиялық жағдайымен байланысты екені түсінікті. Ұлттық ментальділіктің 
ұйытқы мағыналарын беретіндіктен «дала» концепті оқырманға да таныс әрі 
жақын мазмұнды-концептуалды ақпарды бере алады. Ал теңіз, бұған керісінше, 
қазақ қаламгерлерінде ондай айқын концепт түзуші қызмет атқара алмайды. 
Соған қарамастан М. Мақатаев теңіз құбылмалылығын соншалықты 
талантты, соншалықты әсерлі суреттегендіктен, оқырман теңізді де, оның өз 
талант-табиғатын да көз алдына айқын елестете алады. Оған себеп болып 
тұрған ақын шеберлігі, дүниетанымының жан-жақтылығы, кеңдігі, қиялының 
ұшқырлығы, дәлдігі, яғни «оның концептосферасында мәтін туындату және 
қабылдау заңдылықтарына сәйкес көптеген жеке мән болуы тиіс» [101, 59]. Ал 
оқырман өлеңді оқып отырып, мазмұндық-астарлы ақпарды түсінгендіктен, 
теңіздің құбылмалығын ақынның өз табиғатымен қатар қояды. Екі бейненің де 
полярлық қайшылықтарын синкретті интертекстуалдылық – визуалды және 
вербалды мәтіндердің бір-бірін өзара толықтыруы көрсетеді. 
Мәтінаралық 
байланыстар 
синкретизмін 
ішкі 
және 
сыртқы 
интертекстуалдылық тұрғысынан да қарастыруға болады. Кейбір көркем 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


67 
шығармаларда басқа семиотикалық жүйеге жататын реалды мәтіндер 
суреттеліп, сипатталып, оларға кейіпкерлердің реакциясы арқылы ол 
туындының семантикасы, модальділігі айқындалып, нақтыланады. Қаламгер 
шығарманың мазмұндық-концептуалды ақпарын басқа кодтағы мәтін арқылы 
толықтырып, оқырман интерпретациясына бағыт сілтейді. Әдетте живопись, 
музыка, скульптура, кинематография саласына жататын мұндай мәтіндер 
мәдени қауымдастықтың мүшелеріне әр түрлі деңгейде таныс болады. 
Сондықтан да сол мәтін орнына қолданылатын фрагмент оның таңбасы ретінде 
өзі кіргізіліп отырған мәтіннің семантикасын түзуге ықпал етеді. Айта кету 
керек, қазақ қаламгерлері Айвазовскийдің «Тоғызыншы вал» картинасы 
арқылы 
әлеуметтік-мәдени 
ортада 
қалыптасқан 
ассоциацияны 
өз 
шығармаларында түрлі мақсатта пайдаланады (Қ. Жұмаділов – «Көкейкесті», 
Ж. Елшібек – «Қош бол, теңіз!»). 
Музыкалық шығармалармен байланысты синкретті интертекстуалдылық 
әр қилы көрінеді. Қайсыбір көркем туындыда, зерттеушілер көрсетіп 
жүргендей [8, 55], музыканың семантикасы вербалданып, сол музыканы тыңдап 
отырған адамның реакциясы, қатысы, пікірі суреттеліп, көркем мәтін 
кейіпкерін мінездеуші, даралаушы қызмет атқарады да, жалпы алғанда мәтін 
модальділігін түзуге жәрдемдеседі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет