А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет143/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

183
Митоз,­ мейоз,­ хромосомалардың­ гаплоидты­ және­ диплоидты­
жиынтығы,­гаметалар,­зигота,­споралар,­партеногенез.
Білу және түсіну:
1. Митозға анықтама беріңдер. 
2. Гаметалар дегеніміз не? 
3. Неліктен жыныстық үдерістерге мейоздық бөліну қажет?
4. Хромосомалардың гаплоидты және диплоидты жиынтығы дегенді 
қалай түсінесіңдер? 
5. Мейоздық бөліну не үшін қажет екенін түсіндіріңдер.
6. Жасушалардың бөліну жолдарына сипаттама беріңдер. 
қолданылуы:
1. Ағзалардың көбею жолдары мен жасушалардың бөліну түр лерінің 
арасында қандай байланыс бар екенін анық таңдар. 
2. Митоз бен мейоз нәтижелерін салыстырыңдар. 
3. Жасушаларда хромосомалардың белгілі бір гаплоидты және диплоид-
ты жиынтықтарының түзілу себептерін түсіндіріңдер. 
4. Суретке мұқият қараңдар. Қай сызбада митоз, қайсысында мейоз
бейнеленгенін анықтаңдар. Бос орынға жетіспей тұрған санды 
жазыңдар.
8
8
?
8
4
?
4
?
4
?
5. Зиготада немесе гаметада хромосомалардың жиынтығы қалай түзі-
летінін сипат таң дар.
Талдау:
1. Сүтқоректі 
жануарлардың 
(адамның) 
ұрықтанбаған 
ана лық 
жұмыртқа жасушалары мен олардың екінші ұрпа ғындағы хромосома 
жиынтығының түзілуін сызба түрін де бейнелеңдер. 
2. Эволюция барысында жасушалардың әртүрлі бөлінуі мен гаплоидты 
және диплоидты жиынтығы бар жасушалардың түзілуі туралы өз 
пікірлеріңді айтыңдар. 
3. Жоғары сатыда дамыған, ұрықтануға қабілетті кез келген ағзалар 
үшін хромосома жиынтығының өзгеруі, ми тоздық және мейоздық 
бөліну керек екенін нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдеңдер. 


184
Синтез:
1. Митоз және мейоз құбылыстарын ұқсастығы мен айыр машылық 
белгілері бойынша жіктеңдер.
2. Тірі материяның дамуындағы үлкен эволюциялық жетіс тіктер ретінде 
мейоздың рөлі туралы эссе жазыңдар. 
3. Денесінде тек ғана гаплоидты жиынтықты хромосомасы бар және 
ешқашан мейоздық бөліну жүрмейтін ағзалар болуы мүмкін бе? 
4. Биологиялық үдерістерді қамтамасыз етудегі митоздың рөлін 
бағалаңдар.
Бағалау:
1. Жасушалар бөлінуінің әртүрлі үш типі: митоз, мейоз және амитоз ту-
ралы реферат жазыңдар. 
2. Білімнің қосымша дереккөздерін пайдалана отырып, «редукцияның 
үш типі»: зиготалық, гаметалық, споралық туралы өз пікірлеріңді 
айтыңдар.
3. Митоз бен мейоз құбылысының табиғаттағы маңызы қан дай? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет