253
саусақпен басып, тамырдың соғуын анықтауға болады. Тамырдың соғуы
арқылы 1 минуттағы жүректің жиырылу санын анықтауға болады.
2. Отырып, өздеріңнен тамырдың соғуын табыңдар. 1 ми нуттағы
жүректің жиырылу санын санаңдар.
3. Тұрыңдар және 1–2 минуттан кейін
тұрған кездегі тамырдың
соғуын есептеңдер.
4. 20 рет отырып, тұрыңдар. Сосын тамырдың соғуын са наңдар.
Кестені дәптерге сызып алып, барлық
алған деректеріңді жазыңдар
.
1 минуттағы тамырдың соғу саны
Тыныш күйде
20 рет отырып,
тұрғаннан кейін
Отырған кезде
Тұрған кезде
қорытынды жасаңдар.
Жүректің
жиырылу санының неліктен
өзгергенін түсіндіріңдер.
№8зертханалықжұмыс
өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу
Жұмысмақсаты:
өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау.
Құрал-жабдықтар:
сұйық, ауа немесе электрондық спирометр.
Жұмыс барысы
1. Спирометр жұмысымен танысыңдар.
2. Отырып, барынша терең тыныс алыңдар. Спирометрге бүкіл деміңді
шы ға рыңдар.
3. Өз ӨТС көрсеткіштеріңді дәптерге жазыңдар.
4. Өз ӨТС көрсеткіштеріңді анықталған нормамен салыстырыңдар.
Өз өкпелеріңнің функциялық даму деңгейі туралы қорытынды жасаңдар.
254
№9зертханалықжұмыс
Сүйектің макро- және микроскопиялық құрылысы. «Сүйектің
химиялық құрамы» деген көрнекі көрсетілетін тәжірибе
Жұмысмақсаты:
табиғи және өзгертілген сүйектің микро скопиялық
және макроскопиялық құрылысын зерттеу негізінде сүйектің химиялық
құрамы мен құрылымының әртүрлі құрамбөліктерінің рөлдерін анықтау.
Құрал-жабдықтар:
сүйек ұлпасының микропрепараттары, сүтқоректі
жануарлардың араланған жалпақ және түтік тәрізді сүйектері,
жануарлардың күйдірілген және каль ций сіздендірілген сүйектері (мыса-
лы, тауықтың); препарат тық ванна немесе табақ.
Жұмыс барысы
1. Араланған сүйектің макроскопиялық құрылысын қараңдар. Мы-
надай элементтерді анықтаңдар:
– тығыз сүйек заты;
– кемікті зат – оның пластиналары қай бағытта орна ласқанына назар
аударыңдар;
– сүйекқапты табыңдар. Оның қабатын тығыз заттан бөлуге бола ма?
– сүйек басынан гиалинді (тегіс шеміршекті) табыңдар;
– қуысты – сары сүйек кемігін табыңдар;
– зерттелетін сүйек типтерін анықтаңдар.
2. Сүйектің микроскопиялық құрылысын қараңдар.
Мынадай
элементтерді анықтаңдар:
– сүйек цилиндрлерінің пластиналары;
– остеоциттер және олардың өсінділері;
– остеондардың орталық қуысы.
3. Сүйектің үш: күйдірілген, кальцийсіздендірілген және өзгертілме-
ген (табиғи) типтерінің қасиеттерін көрнекі түрде зерттеңдер.
– Барлық үш сүйекті созып көріңдер. Кальцийсіздендіріл ген сүйек
қандай қасиетке ие?
– Барлық үш сүйекті иіп көріңдер. Күйдірілген сүйекті игенде не
болады? Ол қандай қасиетке ие?
Зерттеу жүргізу барысында алынған мәліметтерді кестеге толтырың-
дар. Сүйектің қасиеттері неге өзгергені туралы қорытынды жасаңдар.
255
Сүйек
типтері
Созу
Ию
Құрамының
өзгеруі
Алынған
нәтиже
себептері
Қалыпты
Кальцийсіздендірілген
Күйдірілген
Сүйек элементтері мен сүйек ұлпасының, оның химиялық
құрамбөліктері мен қасиеттерінің өзара
байланысы туралы қорытынды
жасаңдар.
№10зертханалықжұмыс
Достарыңызбен бөлісу: