Тақырыбы: « Ауғаныстан- мәңгі есте »
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру. Тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру. Ауған соғысын еске алу.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақ барысы: Оқушылармен амандасу
Кіріспе сұрақ: Балалардың соғыс туралы танымдарын жаңарту.
Соғыс деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Соғыс деген кезде көз алдарыңа не елестейді?
Әр топтың пікірі тыңдалады.
Мұғалім соғыс туралы және Ауған соғысы туралы түсінік береді: Соғыс — мемлекеттер, үкіметтер, қоғамдар, әскери күштер мен әралуан топтар арасында жалғасатын қарсы жағын - жауын құртуды көздейтін қарулы қақтығыс. Жершарылық деңгейдегі яғни көп елдер қатысқан соғыс - дүниежүзілік соғыс деп аталады.
Ал екі ел арасындағы соғыс - мемлекетаралық соғыс деп аталады.
Бұдан басқа бір елдің ішкі түрлі күштері арасында немесе билігі мен қарсы топтар арасында болатын соғыс - мемлекет іші соғысы немесе азаматтық соғыс деп аталады.
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Соғыстың аяқталғанына 15 ақпанда 34 жыл толады.
1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады.
Оқушылардан соғыс туралы қандай мақалдар білетіні сұралады.
«Мақалды біріктір» ойыны Әр топқа аяқталмай қалған мақалдар жазылған қағаздар беріледі. Оқушылар мақалдың жалғасы жазылған қағазбен біріктіріп оқуы тиіс.
Оқушылар суреттерге қарап соғыс бейнесі жайлы өз ойларын айтады.
Ардагерлер туралы: «Батырлардың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ»
1. Сыздықов Сүндет Қырғызбайұлы (1978-1980 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
2. Солтиев Серікбек Тілеужанұлы (1979-1980 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
3. Аманбаев Жомарт (1985-1987 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
4. Рысмендиев Қайрат Сейпенұлы (1986-1988 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қазіргі таңда Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған, сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азамат ағалар еліміздің түкпір – түкпірінде еңбек етіп, өз үлестерін Отан үшін қосуда. Үкіметіміз ардагер ағалардың ерлігін ескеріп, жеңілдіктер жасап келеді. Ал біздер, Тәуелсіз елдің жарқын болашағымыз. Ел тыныштығы үшін, бірлік үшін соғысқа қатысқан ардагер ағаларымызды құрмет етіп, ерлігін жырға қосып, есімдерін естен шығармауға міндеттіміз. Қазіргі сәтте тыныш және бейбіт өмір сүруіміз осындай ардагер батырларымыздың арқасында. Осындай тыныш елде өмір сүріп жатырғанымыз үшін батыр аға әпкелерімізге мың алғыс.