30
§7. Саңырауқұлақтар – тірі ағзалардың
ерекше патшалығы
Саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау
Тірі ағ за лардың қанша патшалығын бөліп көрсететінін айтыңдар. Осы
патшалықтардың қандай басты ерекшеліктері бар? Өсімдіктер мен
саңырауқұлақтардың қандай ұқсас тықтары бар? Сапрофиттер де геніміз
не? Гликоген және хитин дегені міз не?
Саңырауқұлақтар – тірі ағзалардың жеке патшалығы.
Са-
ңырауқұлақтар – өсімдіктердің де, жануарлардың да бел гілері бар, бірақ
олар дың екеуіне де жатпайтын ағзалар. Осы белгілерді кесте түрінде
қарастырайық:
1-кесте.
Саңырауқұлақтардағы өсімдіктер мен жануарлардың
белгілерін салыстыру
Саңырауқұлақтардағы өсімдіктердің
белгілері
Саңырауқұлақтардағы жануарлардың
белгілері
1. Жасушасы қатты жасуша
қа быр ғасымен
жабылған
1. Жасуша ішкі қабықшасы
хитин-
нен
тұрады
2. Қозғалмайды,
нағыз вакуолі
бар
2. Қоректік қор заты –
гликоген
3. Бүкіл тіршілік бойы өседі
3. Хлоропластары жоқ
4.
Қоректік заттарды жануарлар
сияқты жемейді, денесінің бе тімен
сіңіреді
4. Дайын органикалық зат тар мен
қоректенеді
5.
Споралары арқылы немесе
ве ге тативті жолмен көбейеді
5. лизосомалары – асқорыту ва куолі
бар
Саңырауқұлақтардың нақты шығу тегі белгісіз. Олар – жер бетінде
пайда болған алғашқы ағзалардың бірі. Саңырауқұлақтардың арғы тегі
мұхиттан шыққан, құрлықта тіршілік етуге бейімделген біржасушалылар
болуы мүмкін.
Эволюция барысында
саңырауқұлақтар дамып, алуан түрлі болды.
Ғалымдар саңырауқұлақтар патшалығының бес немесе алты жеке
бөлімдерін ажыратып көрсетеді. Бірақ олардың айырмашылығын жай
көзбен көруге болмайды. Сондықтан біз ғылыми жіктеуді қолданбаймыз,
саңырауқұлақтарды тіршілік әрекетінің ерекшеліктері бойынша топтарға
бөлеміз.