А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет69/227
Дата10.12.2023
өлшемі5,46 Mb.
#135669
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

91
Талдау:
1. «Иммунитет түрлері» деген сызба сызыңдар. Оларды туа біткен және 
жүре пайда болған иммунитет деп бөліңдер. Оған жасушалық және 
ұлпалық иммунитетті қосыңдар. 
2. Табиғи жүре пайда болған иммунитеттің қалыптасу үдерісін талдаңдар. 
Ол қандай аурулардан пайда болады?
­
3. Иммунитет түрлері арасындағы айырмашылықты көр сетіңдер. 
Синтез:
1. Өздеріңе белгілі вакцина мен сарысуға мысалдар келтіріңдер. 
2. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, БцЖ, шешек, АКДС және
сіреспеге қарсы екпенің қандай вакцинаға немесе сарысуға жататы-
нын негіздеп ұсыныңдар. 
3. Қандай жағдайда вакцина енгізуге болмайды және себебі неде? 
Жауаптарыңды негіздеңдер. 
4. Жұқпалы ауру қоздырушыларының бұзылған құрам бөліктері са-
рысу негізі болып табылады деп ойлайсың ба? Ал вакцина ше? 
Жауаптарыңды дәлелдеңдер. 
Бағалау:
1. Иммунитет түрлері тұрғысынан неліктен сапасыз дайындалған вак-
цина қауіп тудыруы мүмкін екенін бағалаңдар. Оның әсерін ауру 
қоздырушыларының әсері мен теңестіруге бола ма? Жауаптарыңды 
негіздеңдер. 
2. Табиғаттағы 
табиғи 
иммунитет 
түрлерінің 
маңызы 
туралы 
түсіндіріңдер. Неліктен Эбола вирусымен күресуде ең тиімді деп 
есептелетін сарысуды жылқы қанынан алғанын түсіндіріңдер. 
3. Мынадай құбылыстардың маңызын түсіндіріңдер: энцефалит, ұйқы 
ауруы сияқты кейбір жұқпалардың «табиғи ошағы» бар. Неліктен 
осы аурулардың қоз дыру шыларының табиғи тасымалдаушылары, 
яғни жануарлар өлмейді? 
§21. қан топтары және қан құю. Резус-фактор 
Агглютинация және резус-конфликт механизмдерін түсіндіру
Антидене және антиген дегеніміз не? Жүре пайда болған табиғи иммуни-
тетке қандай жасушалар жауапты? 
қан топтары. 
Адамда 
4
қан­тобы
бар. Олар эритроциттер бетіндегі 
арнайы нәруыздар арқылы анықталады. Эритроциттердегі нәруыздар – 
агглютиногендер
, ал плазма нәруыздары – 
агглютининдер
. Қан топтарын 


92
рим цифрларымен немесе эритроциттер бетіндегі нәруыздар синтезіне 
жауап ты ген таңбаларымен белгілеу қабылданған. 
Бірінші қан тобын I немесе 00 деп белгілейді. Оны кез келген топқа 
құюға болады. Сондықтан қаны бірінші топқа жататын адамды 
әмбебап­
донор
(қан беретін) деп атайды. 
Екінші қан тобын Iі немесе А (АА, А0) деп белгілейді. Екінші топқа 
екінші және і топ қанын құюға болады, ал оны іі және IV топқа құяды. 
үшінші қан тобын Iіі немесе В (ВВ, В0) деп белгілейді. үшінші топқа 
үшінші және і топ қанын құюға болады, ал оны ііі және IV топқа құяды. 
Төртінші қан тобын IV немесе АВ деп белгілейді (4-кес те). Оған кез 
келген қан тобын құюға болады. Сондықтан қаны төртінші топқа жата-
тын адамды 
әмбебап­реципиент
(қан алатын) деп атайды.
4-кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   227




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет