Жасуша тіршілігін бірнеше фазалық цикл түрінде сызба-нұсқада көрсетуге болады.
Жасушалық цикл – аналық жасушаның бөліну арқылы түзілген жаңа жасушаның өзіндік бөлінуге дейінгі кезеңді жасушалық цикл деп атаймыз. Жасуша тіршілігінің негізгі кезеңдері:
Өсу фазасы,
Бөлінуге дайындық фазасы
Бөліну фазасы
Жасушалық цикл 3 негізгі кезеңдерден тұрады: интерфаза, митоз және цитокинез.
Жасушалық цикл 3 негізгі кезеңдерден тұрады: интерфаза, митоз және цитокинез.
Жасушалық циклдің ұзақтығы жасуша типіне және ағзаның даму кезеңіне байланысты. Мысалы: ұрықтанған жұмыртқаның жасушалық циклі ұзақ емес.
Жұмыртқа жылдам бөлінеді (бақаларда – 30 мин.) S және митоздың уақыты ұзақ, ал G1 және G2 – қысқа, өйткені жұмыртқада бөліну үшін ақуыздар, әртүрлі заттар көп. Адамда жасушалық цикл шамамен 24 сағат (жылдам бөлінетін жасушалар үшін).
G1, S, G2 - фазалар бірге интерфаза деп аталады (яғни, жасуша бөлінуінің аралық фазалары).
Бұл фазадағы бірқатар жасушалар G0фазасына өтеді, бұл жасушалар қызмет атқарып, содан кейін бөлінусіз жойылады (мысалы, эритроциттер).
Жасушаның бөлінуі
Бөлінуге дайындалу кезінде ДНҚ репликациясы жүреді, әрбір хромосомада оның копиясы синтезделінеді. Бұл хромосомалар екіеселенгеннен кейін әрбір жұптағы хромосома хроматид деп аталады.
Репликациядан кейін ДНҚ конденсирленеді, хромосомалар компакталып жинақталады, оларды мироскоппен көруге бөлады.
G1- фазасы жылдам синтезбен сипатталады: митохондрия, Гольджи комплексі, ЭПТ, ядрошық, рибосомалардың түзілуі. Сонымен қатар жасушада құрылымдық және функциональдық ақуыздар түзіліп жасушаның өсуі жүреді.
S фазада -ДНК репликациясы немесе екіеселену процестері өтеді. Гистондық ақуыздардың синтезі жүреді. Әрбір хромосомалар екі хроматидке бөлініп өзара центромера немесе кинетохормен байланысады.
G2 фазада биосинтез процесі жүреді және АТФ немесе макроэргтар түрінде энергия сақталады, митохондрия бөлінеді. Бөліну ұршығы түзіліп, центриольдер репликациясы жүреді. Клетканың М фазаға өтуі М қолдаушы факторлармен бақыланады.
Интерфаза біткеннен кейін кариокинез немесе митоз басталады.