176
Жаны шыға жаздау –
Жаны шығып кете жаздау
Фразеологиялық тіркестің бір сыңары қосарлану арқылы:
Құлындай тебісіп өсу – Құлын-тайдай тебісіп өсу
Танауы желбіреу –Танауы желп-желп ету
Фразеологизмдердің варианттылығы қалай
десе де стиль мен нормаға
тығыз байланысты. Фразелогизмнің мағынасына нұқсан келтірмей
өзгертіп айту үшін де белгілі бір тілдік нормадан, қалыптан аспау керек.
Фразеологиялық қордағы вариант фразеологизмдердің түрлері əдеби нор-
ма тұрғысынан қалыпқа түсіріліп отырады. Бұл көбінесе көркем мəтінде
жазушы шығармалары арқылы жəне бұқаралық
ақпарат құралдарында
берілуі де назардан тыс қалмауы тиіс. Əдетте фразеологизмдердің ок-
казионал қолданыстары кездеседі. Бірақ оның да стильдік қызметі бо-
лады.
Бұлар поэзиялық, прозалық шығарма тілдерін талдағанда бірден
байқалатын құбылыс.
5.2 Мағыналас фразеологизмдер
*
Тілдегі парадигматикалық қатынастардың ең
айқын көрінетін жері
синонимдер. Синонимдер тіл байлығын көрсетеді. Тілдің лексикалық
жəне фразеологиялық қорында айтушының қолданыс ыңғайына қарай
мағыналас, мəндес айтылатын сөздер мен тұрақты тіркестер бар. Мəселен,
тұрақты тіркестер де – лексикалық синонимдер
сияқты мағына тепе-
теңдгі мен реңктеріне жəне стильдік ерекшеліктеріне қарай жұмсалатын
фразеологизмдердің семантикалық категорияларының бірі.
Əдетте сөздер бір-біріне синонимдер болу үшін бір сөз табынан бо-
луы тиіс деген қағида бар.
Сонымен қатар, мағыналас сөздердің реңк
белгісінде айырмашылық болу керек деген тілдік талаптар қойылады.
(Синонимдер сөздігі. 13 б.) Олар:
Достарыңызбен бөлісу: