218
жəне тұтас тілдік орта қалыптастыру, ортақ əліпби жасау сияқты
мəселелелердің уақыт өткен сайын қажеттігі айқындалып келеді.
«Түркі əлемі» тіркесінің тілдік репрезентациясы ары қарай тілта-
нымдық мəселелердің көптеген сауалдарын алға тартады. Себебі «түбі
бір түркілердің» о баста бастау алған мəдени бұлақ көздерінен таралаған
өзендер «түркі əлемі» дейтін алып мұхитқа ұласты. Əлемдік өркениеттен
өзіндік орнын алып, енді осы ХХІ ғасыр «түркілер ғасыры» деген атқа
лайық игі істерді игеруге ден қойды.
Кез келген ұлттың өткен өмірі мен басынан кешкен түрлі оқиғалары
оның тілі арқылы өрнектеліп, кейінгі ұрпақтар жадында тек тілі арқылы
сақталады. Демек бір тіл – бір ұлт деген аксиомалық қағида қай кезде
болса да ұлт тарихы – тіл тарихы деген сабақтастыққа əкеледі.
М. Хайдеггер тілді «домом бытия» деп атаған: «Сущность человека
покоится в его языке. И поэтому чтоб понять природу языка, нужно
понять природу человека и его мир» [Хайдеггер, 1993, с. 101]. Адам
болмысы мен оның əлемі қатынас тілі арқылы ғана ұлт тіршілігінен ха-
бар береді.
«Əлемнің ұлттық бейнесі» сол халыққа ғана тəн түсінік категориялары-
нан тұратын тұрақты бейнелерге – образдарға байланысты қалыптасады.
Ол халық дүниетанымы мен болмыс қағидасын құрайды. Түркілік
біртұтас дүниетанымды қалыптастырған əрекеттерді, жағдаяттарды
кеңістік пен уақыт бедерінен іздеу керек.
Түркі əлемінің тілдік бейнесі
деген ұғым қазіргі таңда түркі тектес халықтар ғалымдарының ортақ
зерттеу нысанына айналып келеді.
Өз беттерімен бөлініп өмір сүрмеген түркі халықтарының этникалық
топ ретінде күн көрісіндегі ортақ дəстүр, ортақ мəдениет, ортақ тіл мен
менталдық тарихи-мəдени тұтастықты қалыптастырды. Ал мұның ең
жоғары көрінісі түркітану ғылымының қайнар көзі, бастауы Махмуд
Қашғаридің «Диуани лұғат – ит түрк» еңбегі екендігін білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: