219
стеоретип дағдылар мен мəдени өмір салты жəне дін ортақтығы о бастағы
бір тұтас менталдық кеңістікке негізделген. Ал осы тұтастықтың кел-
беті тілдің кумулятивтік қаситеті арқылы жинақталып, сақталып «өткен
күнде белгі бар» екендігін айғақтайды. Бұл ретте түркі фразеологиясы
мен паремиологиясының мəдениеттанымдық интрепретациясын ерекше
айтуға болады.
Кез келген ұлт өкілі өз тілін, тіл байлығын мақтаныш етеді. Дүниедегі
зат, құбылыс, іс-əрекет белгілі бір аталыммен тілдік қатынасқа қызмет
етеді. Тіпті атаусыз қалған ұғым да сирек кездеседі. Бұл ретте түркі
тілдес халықтар тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы ұлттың рухани
құндылығы
ретінде ерекшеленеді
Əдетте тіл-тілдегі фразеологиялық қор ұлт өмірінің айнасы іспеттес.
Мұнда халықтың бүкіл өмір-тіршілігі, салты мен дəстүрі, құндылықтар
жүйесі көрінеді.
Жалпы түркі тілдеріндегі тұрақты тіркестер туралы
алғашқы
ғылыми пікір С.Н. Муратовтың «Устойчивые словосочетания в тюрк-
ском языке». (М., 1961) еңбегінен басталады. Бұған дейін В.В.Радловтың
«Опыт словаря тюркских наречий» (СПб., 1899), Л.Будаговтың («Сравни-
тельный словарь турецко-татарских наречий» (СПб., 1869) еңбектерінде
қазақ тілінен жиналған мақал-мəтелдер мен тұрақты тіркестер тобы кез-
деседі.
Түркі фразеологиясы – өзбек, қырғыз, башқұрт, əзірбайжан, чуваш
зерттеулерінің дені қазақ тіл біліміндегі фразеологияның қалыптасуы мен
дамуына ұқсас болғанымен, жекелеген кейбір түркі тілдерінде, мəселен,
хакас, түркімен т.б. жүйелі ғылыми нысанға айналмаған деген пікірлер
бар. Дегенмен де кез келген түркі тілдес халықтардың тіл біліміндегі
фразеологиялық зерттеулердің ғылыми нəтижелері түркітанудың ортақ
табысы деуге болды.
Түркітануда фразеологизм туралы алғашқы ғылыми ізденістер
ХХ ғасырдың 40 жылдарынан кейін басталды.
Қазақ тіл білімінде
фразеологияның зерттелуі І.Кеңесбаев атымен байланысты болса да,
Кеңестік кездегі барлық түркі тілдеріндегі фразеология ғылымының көш
бастауы осы есімге қатысты десек артық айтпағанымыз.
Түркі тілдері фразеологиясының зерттелу тарихының хороноло-
гиясын талдағанда өткен ХХ ғасырдың екініші жартысынан басталғаны
220
байқа
лады. Түркі деген жалпы атаудың аясындағы тілдердің
фразеологиялық
зерттеулері жан-жақты, əрі бүгінге дейін маңызын
жоймаған іргелі ғылыми еңбектер тізімі бар. Мəселен, қазақ фразеологи-
ясы – І.Кеңесбаев, əзірбайжан – Г.А.Байрамов, өзбек – Ш.Рахматуллаев,
түркімен – Л.Бабаев, қарашай-балқар – З.К.Жарашуева, башқұрт
– З.Ураксин, ұйғыр – Ч.Сайфуллин, қырғыз – Ж.Осмонова, түрік
– Л.Н.Долганов, құмық – К.Х.Даибова, чуваш – М.Ф.Чернов, саха –
Н.С.Григорьев т.б. тілдердің фразеологиясын зерттеген ғалымдардың
еңбектерінде түркі фразеологиясының алғашқы теориялық ұстанымдары
сараланды. Сондай-ақ, кейінгі жаңа ғылыми бағытта қарастырылған
фразеологиялық зерттеулердің бастау көзі болды.
Түркі тілдес əр ұлттың осы аталған ғалымдарының алдында ең басты-
сы өз тілдеріндегі тұрақты тіркестердің тақырыптық классификациясын
жасау, мағыналық топтарын жүйелеу жəне грамматикалық ерекшелік-
терін саралау сияқты құрылымдық семантикалық негізді айқындау басты
міндет болды.
Түркі тілдес халықтардың жалпы қолданыс аумағында ортақ мағынада
немесе аздаған өзгешеліктермен кездесетін фразеологизмдердің түрлерін
пайызға салып айту, əрине, қиын. Өйткені ортақ түркі фразеологизмдерінің
ерекшеліктері туралы да жүйелі əңгіменің шеті енді көрінді.
Қ.С.Қалыбаеваның «Салыстырмалы түркі фразеологиясы» (2009)
атты монографиясында
қыпшақ тобындағы татар, башқұрт, ноғай,
қарақалпақ, құмық тілдерінің материалдары бойынша түркі фразеоло-
гизмдеріне алғаш рет талдау жүргізіледі. Аталған тілдердің фразеоло-
гизмдері тақырыптық, семантикалық жағынан салыстырыла зерттелген.
Бұл мəселе бұған дейін түркітануда да, фразеологияда да арнайы зерт-
теу нысаны болмаған. Оның үстіне түркі тілдерінің туыстығына қарай
топтастырулар бойынша Батыс хун тілдеріндегі бұлғар, оғыз, қыпшақ,
қарлұқ, Шығыс хун тілдеріндегі ұйғыр-оғыз, қырғыз-қыпшақ тілдерін-
дегі лексика-семантикалық жəне грамматикалық зерттеулер түркі фра-
зеологиясына дендеп ене алмай жатыр. Дегенмен де тілдік фактілер
айғақтайтын тіркес мағыналарының қалыптасу уəжінің түп төркіні
жалпы алыс түркілік қабатқа кететіні рас.
Мəселен, қазақ тіліндегі фразеологизмдерді қазіргі түркі тілдерінде-
гі жəне «Көне түркі тілі сөздігіндегі» мысалдармен семантикалық са-
лыстырулар фразеологизмнің лексикалық құрамы мен құрылымының
221
ұқсастығын байқатады. Қазақ тіліндегі фразеологизм компоненттерінің
басқа түркі тілдерінде де еш тұлғалық өзгеріссіз кездесетіндері бірша-
ма. Жəне компоненттер қосындысынан туатын ұқсас фразеологиялық
жиынтық мағына басқа да түркі тілдерінде сол күйінде кездесетіндігін
көреміз.
Мысалы: тез, жылдам мағынасында –
көзді
ашып жұмғанша – қазақ;
гез ачгъынча – кұмық; козъ ашып юмгаша – ноғай; куз очиб юмангча
– өзбек;
т.б.
Түркі тілдес халықтар арасында қай кезде де өз ұлтының тілі арқылы
ғана түсінісу күні бүгінге дейін ешбір қиындықсыз жүзеге асырылып ке-
леді. Ортақ фразеологизмдердің қолданыс аумағының көптігі де осының
айғағы. Мысалы:
Іштен шыққан шұбар жылан (
қазақта)
Ичтен чыккан ийри жылан
(қырғызда)
Қойдан қоңыр
(қазақта)
Қойдон коңур
(қырғызда)
Адам сөйлескенше,
жылқы кісінескенше
(қазақта)
Адам сүйлөшкөнчө, жылкы кашынышканча
(қырғызда)
Ынсан сораша-сораша,
Хайван ысгаша-ысгаша (
түрікменде)
Іnsan konusa
Hayvan koklasa koklasa
(түрікте)
Түркітануда түркі тілдес халықтардың осындай ортақ мақал-мəтелдері
туралы, сондай-ақ ортақ тұрақты тіркестері туралы айтылатын əңгіме əлі
ғылыми ойдың негізіне айналмай келеді.
Ал тіркес құрамындағы кейбір жекелеген
компоненттер этимоло-
гиясы арқылы ұлт тіліндегі бүтіндей бір фразеологизмнің мағынасына
қатысты жəне нақты алғанда мағынасы күңгірт сөздердің түп төркінін
анықтау туыстас түркі сөздеріне келіп тіреледі. Мəселен, тіл-тілдің фра-
зеологизмдері құрамында кездесетін мағынасы көмескі, түсініксіз сөздер
көптеп кездеседі. Солардың мағынасын ашу үшін əдетте монғол, араб-
парсы, түркі тілдеріне жүгінеміз. Қазақ тілінде де түсініксіз сөз төркінін
осы тілдерге байланыстыра іздейміз.
Мысалы, алдыңғы тарауда талданған «
Достарыңызбен бөлісу: