Үшінші ақпараттық мағыналық бөлік. Жыртысты орнымен, жасы-
на лайық, құрметіне қарай тарату жағын сол ортаны жақсы білетін,
тапсырылған жұмысты ерекше жанашырлықпен орындап шығатын
адамдар атқарады.
Сонымен
жыртысын жырту фразеологизмінің мағынасы көмектесу,
жанашырлық таныту. Фреймнің аталған бөліктерін «менталдық
кеңістіктер» дегуе болады.
Фразеологизмдердің негізінде жатқан фреймдерде адамдардың дағдылы
білімдері, оларға қатысты түрлі жағдаяттары тек статикалық түрде
ғана емес, динамикалық сипатта да болады. Динамикалық жағдаяттар
фреймнің ерекше түрі – сценарийлермен құрылымданады. Олар орын-
далатын іс-əрекеттердің қайталанбалы стеоретиптерін динамикалық
жағдаятта көрсетеді. Фрейм тармақтары төңірегінен оқиғалар мен ситуа-
циялар (жағдаят) жүйесі жинақталса, оны
сценарий құрайды. Сценарий
концептінің идеясын танытатын сюжеттерден құралады.
Сценарий сөзіне
ағылшын термині
skript скрипт cəйкес келеді. Когнитивтік фразеологияда
бұлар бірінің орнына бірі ауысып қолданыла береді.
Фразеологиялық фрейм-сценарийлерде типтік жағдаяттар орын ала-
ды. Мысалы, қазақтың би-шешендерінің дискурсында көрінетін мəдени
этикет үлглері бар. Қазіргі тілмен айтсақ – сөз сұрау.
Тілімізде «қамшы» төңірегінде айтылатын əр түрлі əдет-ғұрыптар,
салттық ерекшеліктер біршама. Солардың бірі – билер арасында сөз
кезегін алу үшін қолданылатын əдіс – «қамшы тастау».
Мысалы:
•
Сөз астарын түсінген қызба мінезділеу Темір би сөз талас- тырғысы келіп кетіп, ежелгі дəстүр бойынша, айыр тісті, алтын сыммен оралған тобылғы сапты қамшысын алдына тастай сал- ды. – Ат тұяғы басқан жердің бəрі бірдей шөптей жапырылып жата қалмайды, – деді ол қара сұр беті күреңденіп, – Əбілқайыр ханның да мүйізі шаңырақтай кей батырлары Еділдің ар жағына өткен. Бірақ одан не ұтты? Мойындары ырғайдай, биттері торғайдай боп елдеріне əзер жеткен.