73
Əйел
макроконцептісін мазмұн межесінде қарастырғанда, ұжымдық,
тұлғалық санадағы барлық біліми ақпараттар шоғыры көрінеді. «Əйел»
лексемасының мазмұн межесін толықтыратын микроконцептілерді
«Қыз-келін»
– қыз, бойжеткен, ару, қалыңдық, келін, келіншек, жеңге,
қайын сіңлі;
«Əйел-ана»,
– əйел (жұбай, зайып, жар, қосағы), қатын, ана, (апа,
шеше), əже, кейуана, кемпір;
«Бəйбіше-тоқал»
– бəйбіше, тоқал, ханым, қайын ене, ханша,
бике, бибі, бикеш, күң, күңше, күндес, жесір
т.б. барлығы 32 бірліктен
тұратын үш іргелі тақырыпқа бөлуге болады. Өйткені көрсетілген атау-
лардан ұлттық мəдениеттің ерекшелігі, салт-дəстүрлері, əдет-ғұрыптары,
мəдени құндылықтары аңғарылады. Сондай-ақ, «Əйел» макроконцептіні
таныту үшін
əйел
лексемасын тұрпат межесінде алсақ, онда айналасы-
на ұйымдасқан тіл бірліктерін – лексикалық, фразеологиялық, мақал-
мəтелдер жүйесін көреміз.
Мəселен, тек
«Қыз-келін»
тақырыбы маңына
қызға қырық үйден
тыю, қыз қылығымен,
қызым саған айтам, келінім сен тыңда
т.б. тіркес-
тер қазақ ғұрпында қызды болашақ өмірге дайындау, тəрбиелеу, ескерту
сынды үлгілермен айтылады.
Халқымыз қыз баланы əрқашан ибалылыққа, иманжүзділікке, бол-
мысы өзге нəзіктікке, сыпайылыққа тəрбиелеуге аса жауапкершілікпен
қараған. Сондықтан да
қырық үйден тыю
деп жиі қыдыртпауды, белгісіз,
мəнсіз ортамен көп араластырмауды көздеген. Жоғарыда келтірілген əр
тақырып аясындағы жеке лексемалардың фразеологизмдердегі көрінісі
өте бай əрі жан-жақты. Тек «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде»
мыңнан астам тіркестер тіркелген.
Есік көрген –
бұрын күйеуде болған əйел туралы. «
Достарыңызбен бөлісу: