Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет86/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»

Тəуке 
хан
тұсында қазақтың би-болыстары Түркістан маңындағы Күлтөбе 
деген жерге (Шойтөбе, Одабасы деп те аталады) күн сайын жиылып 
мəжіліс құрады екен. Сондағы айтатындары – жауға қалай тойтарыс беру, 
ел-жұртты қалай аман сақтау. Күндегі əдеттерінше тағы да төбе басына 
жиналып, мəжіліс жасап, ақылдасып отырғанда Қаратау жақтан қаптап 
жау кеп қалады. Істен гөрі сөзге үйренген би кеңесшілер, қарақұрым 
жауға төтеп бере алмай, өздері бас сауғалап қаша жөнеледі. Жаудың 
соққысын өз бастарымен көтерген қауым жұрт жаумен қалай соғысудың 
əрекетін үйретуші күнде жиын құратындарға қаратып:
 
Күлтөбенең ба-
сында күнде жиын, Ақыры бұл жиынның болды қиын
 
деген екен. 
Мұндай тіркестер қатарына 
«Қытай қорғанына»
қатысты парадигмалы 
тіркестер де жатады.


125
Ресей патшалығының саясаты нəтижесінде қазақ даласына сыймаған 
«қолайсыз» ел азаматтарын жазалаудың бір түрі ретінде ел-жұртынан 
айырып, Сібірге жер аударып отырған. Тіліміздегі «
Ит жеккенге айдалу 
//айдату» 
тіркесі Сібірдің кейбір халықтарының қыс кезінде шанаға ит 
жегіп, тіршілік ететін кəсібіне қарай айтылатын түсінік келе-келе алыс, 
шалғай дегенді білдіретін фразеологизмге айналды. 
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің қоры халық басынан өткен алуан 
түрлі тарихи жағдайлардың ел аузында сақталу деңгейіне байланыс-
ты ұлтының өткен кеткен өмірін қадірлейтін тілдік тұлға туған тілінде 
сақталған, əлі де айтылып жүретін ерекше мазмұнды тұрақты тіркес 
түрлерін жадында тұтып, таратып айта жүрсе, келер ұрпақ тілі де жанды 
мағлұматқа толы ұлт мəдениетін дəріптейтіні анық.
Антропонимдердің этнонимдік семантикасы генонимдерде де (ру, 
тайпа) кездеседі. Қазақ елінің кең байтақ даласында қоныстану
үрдісінде 
жазылмаған
заң сияқты қалыптасқан рулық- тайпалық құбылысы 
қатаң сақталған. Қазақ «у ішсең – руыңмен» деп ескертіп отырған. 
Аймақтық өмір сүру кеңістігі қаншама шалғай болса да ел ішінің ара-
лас-құраластығының арқасында өз ара ру арасында көп ретте түрлі 
əзіл немесе ескертпе сияқты «ойнап айтса да, ойындағысын айтатын» 
тіркестер арқылы дүйім қазақ даласына тарайтын сөз қалып отырған. 
Əсіресе, ру атына байланысты айтылған тіркестер ел аузында жақсы 
сақталап қалады. Мəселен, 
Танысаң – Адаймын, Танымасаң – Құдаймын, 
Адай қорықса Бекет дейді, Бекет те айтқандарын екі етпейді, Най-
ман қу ма, сайтан қу ма, қызыл бөрікше
 
сөйлесу 
(жасырын сөйлесу 
мағынасында). 
Қазақстанның қай жерінде болмасын, түрлі ру жайлаған өлкелерде 
осындай əзіл-шыны аралас сөздер кездесуінің өзі бұл тіркестердің 
жасалуына біраз күндік өмірдің жемісі емес, талай жылдың еншісіне 
жазылған мəдени тіршілік беттерінен қалатын халық сөзі. Этногроф 
А.Сейдімбек «Бұл ретте, ономастиканың арналы бір саласын құрайтын 
этнотопонимдердің этностар тарихы мен тағдырына қатысты беретін 
мағлұматы айырықша мəнді» ,-дейді [2008: 485].
Сонымен антропонимдер мен топонимдердер арқылы жасалған фразе-
ологизмдер тіл арқылы мəдениеттанудың құрамды бөлігі ретінде тіліміз-
дегі тұрақты тіркестер қорында ақпараттық мəні басым болуына қарай 
өміршеңдігімен ерекшеленеді. Тарихи фразеологизмдер ұлт тарихына 


126
қатысты дерек көздері болып, ономастикалық лингвомəдениремалар 
ретінде танымдық жəне коннотациялық қасиетке ие болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет