Монография «Елтаным баспасы»


Аспанмен қатар оның шырақтары  да құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл  мағынада, əсіресе,  Күннің



Pdf көрінісі
бет94/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162
Байланысты:
Монография «Елтаным баспасы»

Аспанмен
қатар оның шырақтары 
да құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл 
мағынада, əсіресе, 
Күннің
атқаратын рөлі ерекше. Қазақ ертегілерін-
де ертегі кейіпкерлерін Күнсұлу, Күн астындағы Күнікей жəне т.б. деп 
бекер атамаған. Азиялық өркениетте
 Күнмен
қатар қастерленген аспан 
шырағы 
Ай
болған. 
Ай 
көне түрік мəдениетінде 
Күннің
орынбасары, 
сұлулықтың таңбасы, көп мұраларда 
əйел
тіпті 
құдай
ретінде танылған. 
Көшпелілер үшін де 
Айдың
маңызы зор болған. Даладағы малшылар 
қараңғы түнде айдың тууы мен батуын бақылаған, одан өздерінше 
қорытынды жасап, жыл мезгілдерін айыру есебін шығарған. Олар жаңа 
туған айдың күн сайын көлемінің кемитінін, ақырында «
тау
сылып», 
«өліара»
келетінін білген. Бұл кезде ауа райы өзгеріп, ғылыми тілмен 
айтқанда, циклон басым болады. Халықтық дүниетаным айдың климатқа 
тигізетін əсерін жақсы білген. 
Алайда, Айдың басты символдық ерекшелігі оның күн мен түннің 
арасындағы алатын орнына қатысты. Күн батып кеткенімен, Нұр (Ізгілік, 
жылулық, сəуле) жеңілмейді.
Күн мен Айдың қатарласуы əлемдік мəдениетте кең таралған идеяның 
бірі. Мұсылмандық əлемде
 Ай 
діни таңбаға айналған. Бұл жерде ес-
керетін бір жəйт бар. Ай символикасы мəдени гомогендік дəстүрімен 
тығыз байланысты. Ол аруақтар дүниесімен жалғастыратын 
белгі
 
болып 
табылады. Мұсылман зираттарына
 Ай
белгісін қою ұрпақтар, дəстүрлер 
сабақтастығының тым терең екендігін көрсетеді. 


135
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, 
Ай
əдемілік пен сұлулықтың үлгісі 
болып табылады. Қазақ эпосында сұлулық, нəзіктік, арулық Аймен 
теңестіріледі: 
«
Туған айдай толықсып, бұралып кетіп барады» 
(Қыз Жібек), 
«Жалғыз қызы Гүлбаршын – 
он бесте толған ай еді»
(Алпамыс),
 
«Жақсы Ай - Күндей, жарығы əлемге бірдей»
(мақал). 
Ал орыстарда қыздың сымбаты, нəзіктігі, сұлулығы 
қайыңға
теңеледі.
Сонымен бірге, табиғи жағдай халықтың тарихи тағдырына да əсерін 
тигізеді. Мəселен, аралды жерлердің тұрғындары кеме тұрғызумен, 
балық аулаумен ғана айналысады.
Ø


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет