ӘлеУМеТТІк ПедаГОГТыҢ ОТБаСыНыҢ
ТӘРБиелІк ӘлеУеТІН көТеРУ БОЙыНШа қыЗМеТІ
к.Ш. Молдасан, М.а. Токабаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
Түйіндеме.
Мақалада әлеуметтік педагогтың отбасында бала тәрбиелеуде жүргізілетін
жұмыстары жайлы әр түрлі авторлардың ұстанымдары мен көзқарастарына теориялық талдау
жасалған. Автор әлеуметтік педагогтың қызметінің маңыздылығы және Қазақстанның ертеңгі
болашағы – бүгінгі білімді ұрпақты тәрбиелеу ісінде әлеуметтік педагогтың атқарар рөлін
айқындаған.
Түйінді сөздер:
әлеуметтік педагог, отбасылық тәрбие, білім беру жүйесі.
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж.
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г.
78
Қоғамдағы барлық оқыту және тәрбиелеу
іс-әрекетімен
шұғылданатын
әлеуметтік
институттардың ішінен отбасы тәрбиесінің
маңызы зор. Өйткені, балалардың алғашқы
өсіп-жетілуі,
қалыптасуы,
әлеуметтік
қарым-қатынасы,
байланыстары,
іс-
қимылдар мен мінез-құлық нормаларын
меңгеруі отбасынан басталады. Отбасы бізге
белгілі баланың адамгершілік, тұлғалық
қасиеттерін, жеке қабілеттерін дамытып,
белсенділікке, шығармашылыққа, жігерлі,
қайратты,
адал
болуға
тәрбиелейді.
Адамзат баланың адам ретінде қалыптасуында
тәрбиенің негізгі ата-анадан деп есептегенімен,
жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-
жолдастың, жанұяның, ең әуелі туған жердің
табиғатына дейін әсерін тигізетіні рас.
Бұлардың бәрін, ержетіп, азамат болуда ықпал
етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп,
көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына
қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі – әке-
шешесі, ұрпағы отбасының аса құнды ықпалы
мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен
салыстыруға болмайды. Сондықтан да, мұғалім
мен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы
міндетті және отбасы мәртебесін биіктетуі шарт.
Қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық,
гуманитарлық
және
демократиялық
өзгерістерге байланысты жеке тұлғаның
дербестік дамуы маңыздылық сипатқа ие болуда.
Қазіргі таңда біздің елімізде тұлғаны тәрбиелеу
мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Яғни, мектеп
оқушыларының бойында шығармашылық
қабілетін, бағыт бағдарын, өмірлік ұстанымын,
өзіндік сенімін, қызығушылығын, танымдық
үдерістері мен психологиялық қасиеттерін
дамытатын мүмкіндіктерді жасауды қажет
етіп отыр. Қоғамдағы әр түрлі жаңғырулар
мен өзгерістердің ықпалы қатты әсер ететін
ең бір нәзік тұсы – бала. Сондықтан әлеуметтік
педагогика баланы басты обьект ретінде
қарап, баланың білім алуына, тәрбиеленіп,
әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына отбасы,
білім, қоғамдық институттардың тигізетін
әсерін зерделейді. Әлеуметтік педагогтың
негізгі нысаны да балалар мен жасөспірімдер
болып табылады. Қазақстанның ертеңгі
болашағы – бүгінгі білімді ұрпақты тәрбиелеу
ісінде әлеуметтік педагогтың атқарар рөлі
зор. Мектептерде педагог-психолог, қосымша
білім беру педагогі, тәлімгер, әлеуметтік
педагог мамандары пайда болды. Бұлардың
әрқайсысының білім беру үрдісінде өзіне ғана
тән қызметтік мазмұны мен өзіндік орны бар.
Қоғамға, мектепке керек бұл мамандықтың
қыр-сыры, қызмет ерекшелігі жан-жақтылықты
талап етеді. Мектептегі әлеуметтік педагогтің
негізгі міндеті – әр адамның өмір сүру сапасынын
жақсарту мақсатында жеке тұлға мен қоғам
арасындағы өзара жағымды қарым-қатынас
қалыптастыру. Әлеуметтік педагог қызметінің
негізгі ортасы – баланың оқып, білім алу қызметі
жүзеге асырылатын мектеп, үйі мен әр түрлі
спорттық секциялар, мектептен тыс қоғамдық
орындар және бала қарым-қатынаста болатын
барлық орта. Әлеуметтік педагог жұмысының
осындай кең ауқымдылығына байланысты
маман сан қырлы, жан-жақты болуы керек [3].
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда
отбасының мынадай төрт түрлі мәртебесі
бар: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-
психологиялық,
әлеуметтік-мәдени
және
ситуативтік міндеттер.
Мұғалім отбасы мен жұмыс нысаны
барысында – балалар, жастар, ересек
адамдар,
қарттар
жалпы
отбасының
барлық
мүшелерімен
жұмыс
жасайды.
Отбасымен жұмыс жасай отырып, оларға: білім
алуға, оқуға, психологиялық көмек алуға жәрдем
береді. Сондықтан педагог ата-анамен (отбасы
мүшелерімен) мынадай іс-шаралар жүргізеді:
—
тәрбиелеуде балалардың жас және жеке
ерекшеліктерін ескеруді қаперінде ұстау;
—
ата-аналардың
тәрбиеде
(бала
тәрбиесінде) жіберген қателерінің себеп, сал-
дары туралы мәлімет беру және айғақтар мен
дәлелдер келтіру арқылы дұрыс тәрбиенің
мәнін ашып көрсету және нандыру;
—
оқу, еңбек, ойын, демалыс және бос
уақытын дұрыс пайдалану бойынша кеңестер
беру;
—
жастайынан, әуелі санасыз, еліктеу
арқылы пайда болатын жаман әдеттер:
ішімдікке әуестену, шылым шегу, нашақорлыққа
еліктеудің алдын алу шараларын ұйымдастыру
[4].
Мұғалімнің ата-анаға беретін көмегі,
ақыл кеңесі баланы тәрбиелеудегі мақсат
пен міндетті түсіну, оның мүддесін қорғап
қажеттігін
қанағаттандыру,
отбасы
мүшелерінің ой санасына, ақыл-кеңесіне ықпал
ететін әңгімелер өткізу, басқа да іс-шаралар
ұйымдастыру осы қызметтің пәрменділігін
көрсетеді. Салауатты отбасымен жүргізілетін
әлеуметтік педагогикалық көмектің тағы бір
аса маңызды құрамды бөлігі – психологиялық
көмек. Психологиялық болсын, әлеуметтік-
педагогикалық болсын тәрбиенің дұрыс
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж.
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г.
79
қалыптасуы ұстаз, бала, ата-ана еңбегімен
байланысты. Береке бірлікте жұмыс істеп,
бұзылмайтын, айнымайтын тәртіпке бас игенде
ғана іс оңға баспақшы. Әр отбасы ата тегінен
келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін
құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге
еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық
еңбек барысындп адамгершілік қағидаларды
қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-
кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп, қалыптасқан
дәстүрді жетілдірген.
Туыстық,
отбасылық
(әлеуметтік)
қатынастарды бала кезінен қалыптастырғын.
Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың
орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті
қалыптасады. Салауатты отбасы – өркениетті
қоғамның талабы. Қазіргі заманғы отбасы
тәрбиесінің жағдайына әлемдік деңгейде
мән беріліп отыр. Әрбір отбасы қоғамның
кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан,
қоғамды
өркениеттілікке
жеткізу,
ең
алдымен, әр отбасындағы өмірді дұрыс
ұйымдастырудан басталмақ. Отбасында түрлі
қарым-қатынас қалыптары көрініс береді [5].
Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен
жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-
қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел
орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның
да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің
басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы
баланың
тұлғалық
қасиетінің
дамуына
жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман
ағымына қарай, отбасында демократиялық
қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр
отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты
орнатуды көздейді. Егеменді еліміздің ертеңгі
болашағы жас ұрпақ тәрбиесі.
Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру
үшін барлық балабақша, мектеп, ата-ана болып
ынтымақтасып ат салысуымыз қажет. Тәрбие
арқылы ересектердің бойындағы жақсы жаман
қасиеттерді ажырата біліп, еңбекке, өнер
білімге бой ұрады. Сондықтан да отбасында
болып жатқан кіші-гірім оқиғалар: ата-ананың
бір-бірімен қатынасы, баламен сөйлесуі, үй
шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке
көзқарасы, бос уақыттын өткізуі, туыстарымен
жолдастарының ықыласы, қонақ қабылдауы,
бәрі балаға тікелей әсер етеді, мінез-құлқыда
соған қарай қалыптасады. Отбасылық тәрбие
– ата-аналар мен туыстардың күшімен нақты
отбасындағы қалыптасқан тәрбие мен білім
беру жүйесі.
Отбасының негізгі міндеттері:
—
баланың өсіп дамуына, толық жағдайлар
жасау;
—
балаға әлеуметтік-экономикалық және
психологиялық қорғаншы болу;
—
өз халқының этно-мәдениетін дәріптеу;
—
баланың
адамгершілік
қасиетін
дамытуға мүмкіндік жасау.
—
Отбасылық
тәрбиенің
негізгі
принциптері:
—
өсіп келе жатқан адамға қайырымдылық
және мейірімділік көрсету;
—
балаларды жанұя өміріне енгізу, ақылшы
ретінде қарау;
—
балалармен
ашық
және
сенімге
негізделген қарым-қатынас құру;
—
жүйелі талап қою;
—
өзінің баласына шамасына қарай көмек
жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу;
—
ұрып-соғу, жазалауға тосқауыл жасау.
Міне,
отбасы
осы
міндеттер
мен
принциптерге сүйеніп еңбек еткенде ғана ұрпақ
тәрбиесі дұрыс бағытта өрбиді. Отбасы – адамзат
қоғамының шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі
қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ
әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік
жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы
рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде
қалыптастыру. Отбасындағы жас ұрпақтың
тұлғалық
қасиеттерінің
қалыптасуына
ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-
қатынасындағы мейірімділік пен махаббат
қажет [6]. Толық мәнді отбасы болу үшін
ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің
береке-бірлігі, түсіністікті сақтауы, сонымен
қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Мұндай талап-тілектерді ата-аналар түсінбейді
деуден аулақпыз. Өкінішке орай жағымсыз
жағдайлар да кездесіп жатады. Мұның өзі
кейбір ата-аналардың тәрбие жұмысына
дайындығының кем болуынан, баланың мінез
құлқының дамуы мен оның құқықтарын түсіне
білмеуінен, ал кейде өздерінің қоғам алдындағы
жауапкершілігіне мән бермейтіндігінен болса
керек.
«Қазақстан
Республикасындағы
баланың құқықтары туралы» Қазақстан
Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес
«әрбір бала отбасында өмір сүруге және
тәрбиеленуге құқылы, өзінің ата-анасын
білуге, олардың қамқорлығы мен тәрбиесін
алуға құқылы» деп жазылса, Қазақстан
Республикасы Ата Заңының 27-бабының
2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау
және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж.
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г.
80
құқығы, әрі парызы» делінсе, «Қазақстан–2030»
бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың,
аталар мен әжелердің өз балалары мен
немерелері
алдындағы
жауапкершілігін
күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз
балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс
болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде
қандай күйде көргіміз келеді...» делініп, ұрпақ
тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған.
Осы аталған міндеттердің өзі ата-ананың бала
тәрбиесінде алар орнының маңыздылығын
көрсетіп отыр емес пе? Егер бала ата-анасының
ақылды, әдепті, ұқыпты, аса байыпты, білімді
екеніне сенетін боса, ол бала үшін үлгі өнеге.
Әрі ата-анасын сыйлап, құрметтеу арқылы
үлкендерді қадірлеп, кішілерге қамқор болады.
«Балаға бес жасқа дейін патшаңдай қара, он
бес жасқа дейін құлыңа сана, он бес жастан
соң досыңа бала», – деген қазақтың дана сөзі
көрнекті чех педагогы Ян Коменскийдің:
«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, содан соң
ақыл-парасатқа, ең ақырында нағыз пайдалы
ғылымға баулу керек» – деген пікірімен
мазмұндас келуінде үлкен мән мағына жатыр.
Жақсы қасиет пен жаман қасиетті бала басқа
жақтан алмайды, көбіне ол отбасында көргенін
қайталайды. Ата-ана – отбасының жүрегі. Олар
өнегелі ісімен, ар тазалығымен бала болашағын
қалыптастырады. халқымыздың кемеңгер
ұлы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Адам
баласының жаман құлқы жаратылысынан емес,
өскен орта, көрген үлгі-өнеге, білетіндігінен...
Көпшілікті адамшылдыққа тәрбиелеу үшін жас
буынды жақсылап тәрбиелеу қажет». Ал, осы
жас буынды тәрбиелеуді отбасынан бастап
және мектептегі тәрбиемен ұштастыра отырып
ғұлама даналар айтқандай, қандай қасиеттердің
қажет екенін балаға дер кезінде сіңіруіміз керек.
Мектеп және отбасы – біздің жарқын
болашағымыздың бастауында тұрған екі
қоғамдық институт. Орыстың ұлы жазушысы Лев
Толстой: «Тәрбие мен білім ажырағысыз. Білім
бермей тәрбиелеу мүмкін емес, ал білім тәрбие
арқылы ғана бойға сіңеді», – деген. Біз тәрбие мен
білімнің отбасында жатқанын ұғынуға тиіспіз.
Отбасының
кішігірім
мемлекет
екені
адамзат қоғамында әлдеқашан дәлелденіп,
мойындалған аксиома. Мектеп пен отбасының
ынтымақтастығы
педагогикалық
қана
емес, мемлекеттік мәселе. Себебі екеуі де
мемлекетіміздің
азаматтарын
тәрбиелеп,
әлеуметтендіріп,
қалыптастырып
беретін
әлеуметтік институттар.
Мектеп пен отбасының арасындағы
ынтымақтастық шынайы болып, қоғамдық
сипат алмайынша оқу-тәрбие процесінде жоғары
сапаға қол жеткізу, ұрпақ тәрбиесін оңалту
мүмкін емес. Қазақстан Республикасындағы
педагогикалық
ынтымақтастық
негізінде
тәрбиелік, дамытушылық міндетін ойдағыдай
атқарып жүрген үлгілі отбасылары мен
мектептер аз емес. Ата-аналармен мұғалімдер
арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде талай
ұрпақ мектептен түлеп ұшып, өмірден өз орнын
тауып келеді. Екі жаққа да үнемі қозғау салып
отыратын бұл процесс үздіксіз де мәңгілік.
Қазіргі заманда ұлттық мектептің іргетасы
қалана бастаған кезде ата-аналар да мектеппен
байланысын нығайта түсуі абзал. Мектеп
өмірі мен оқушы тұлғасын әлеуметтендіру
проблемасында әріптестік педагогиканы талап
етеді. Мектеп пен отбасы бірлескен кезде ғана
тәрбие үрдісі өз жемісін береді деп ойлаймын.
Ынтымақ бар жерде, тәрбие де бар, ынтымақ
бар жерде, береке, бірлік те бар. Ата-аналармен
ынтымақтасу дегеніміз – балаға үйде де,
мектепте де бірдей талап қою деген сөз емес. Ол
ата-аналарды педагогикалық технологияның
дербес әдістеменің негіздерімен таныстыру.
Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей,
ата-анаға арыз айтпай, оқуда, тәрбиеде балаға
жәрдем керек болса, бірлесіп аяғынан нық тұруға
көмектесу. Яғни, әрбір оқушының жеке басын
тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін мұғалім
неше түрлі әдіс-тәсілдер арқылы олардың ата-
аналарымен тығыз байланыста болуы керек.
Мысалы ата-аналмен дәстүрлі тоқсандық
үлгерім бойынша жиналыстар өткізу, балардың
ойын сауығына шақыру орнына ата-аналармен
дөңгелек
үстел,
дебат,
психологиялық
тренинг, ситуациялық-рөлдік ойындар сияқты
инновациялық жұмыстар атқарып, оларды өзара
сыйластыққа, бала жанын түсінуге, ақыл-ойын
дамытуға бейімдеп, үйрете білген мұғалім ғана
оқушыларын жақсы үлгерімге жеткізе алады.
Мектеп өзінің оқушылармен қоса олардың ата-
аналарын тәрбиелеу міндетін де ұмытпауы
керек. Мектептің, әсіресе сынып жетекшілерінің
оқушылардың отбасымен одақтастығы бала
тәрбиесінде ерекше рөл атқарды.
Өскелең
ұрпақты
қоғамдық
өмірге
қатыстыру, жеке тұлғалық қасиетін дамыту
және оны қоғамда толық мәнді өмір сүруге
дайындау тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі
шарттары болып табылады деуге болады.
Әлеуметтік педагогтың қызметі балалардың
дамуы мен оны қорғауды қамтамасыз ету
заңына негізделген. Әлеуметтік педагог
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж.
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г.
81
сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан
Республикасы «Білім туралы» Заңын, басқа
да нормативтік актілермен құжаттарды,
басшылыққа алады. Қоғам мен отбасы, бала
тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола
отырып,
тәрбиеленушінің
қалыптасуына,
балалар мен ересектер арасындағы гуманистік,
рухани-адамгершілік
қарым-қатынастарға
ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |