Issn 2226 1176 индекс 75756


БІлІкТІлІкТІ аРТТыРУ ЖҮЙеСІНде МҰҒалІМдеРдІҢ кОМПЬЮТеРлІк



Pdf көрінісі
бет7/54
Дата10.12.2023
өлшемі2,59 Mb.
#136038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
Байланысты:
sciPaper29922

БІлІкТІлІкТІ аРТТыРУ ЖҮЙеСІНде МҰҒалІМдеРдІҢ кОМПЬЮТеРлІк 
ЖӘНе ақПаРаТТық СаУаТТылыҒыН қалыПТаСТыРУ
С.Т. Мұхамбетжанова
«Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және 
ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын 
республикалық институты, Алматы, Қазақстан
Түйіндеме. 
Мақалада білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагогтардың ақпараттық 
коммуникативтік және технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері қарастырылған. 
Мұғалімдердің компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын арттыру үшін Оңтүстік Кореяның 
білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) қолдану негізінде 
білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру тәжірибесі ескерілген.
Түйінді сөздер: 
ақпараттық-коммуникациялық технология, ақпараттық-коммуникациялық 
және технологиялық құзырлылық, желілік қауымдастық, ақпараттық сауаттылық, контент, 
бейнеконтент, виртуалдық оқыту, он-лайн режимінде оқыту, электрондық оқыту жүйесі, smart 
оқыту 
Бүгінгі таңдағы педагог өзінің кәсіби іс-
әрекетінде дәстүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып 
қана қоймай, сонымен қатар АКТ құралдарының 
мүмкіндіктерін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалана 
алатын, ақпараттық-коммуникациялық және 
технологиялық құзырлылығы қалыптасқан 
тұлға дейтін болсақ, дәстүрлі біліктілікті арттыру 
жүйесінде курсты ұйымдастыру траекториясы 
педагогтардың білімді ақпараттандыру үдерісін 
ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын 
қалыптастыруға сай қойылатын талаптарды 
толығымен қанағаттандырмайды. Сонымен 
қатар, педагог мамандардың өзіндік кәсіби 
біліктілігін дамытудың виртуалдық ортасы 
қалыптаспаған. Білім беру ұйымдарына 
элек трондық 
оқыту 
жүйесінің 
енгі-
зілуі 
мен 
интернет 
техно логиялардың 
дамуына байланысты педагогтардың ком-
муникациялық мәдениеті қан дай деңгейде 
деген сауал туын дайды. Электрондық оқыту 
жүйесінің платформаларымен жұмыс жасауда 
педагогтардың жұмыс жасау деңгейі қалыпты 
деп айтуға болады. Электрондық журнал 
мен электрондық күнделікті толтыру және 
оқушылардың білімін электронды түрде тексеру 
– бүгінгі педагогтың күнделікті жұмысына 
толығымен айналуы тиіс. Педагогтардың кәсіби 
қызметін электрондық форматқа ауыстыру және 
бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу мәселелері 
де кө кейкесті. Педагогтың комму никациялық 
құралдармен жұмыс жасау сауаттылығы да 
өзекті мәселе. Сондықтан сауат ты лық ты 
қалыптастырудың негіз гі те тіктерінің бірі 
ретінде педа гог тардың телеарналарға шығуы 
мәдениетін арттыру мәселесі туындайды.
Кореяда біліктілікті арттыруда «теңбе-
тең» оқу ұстанымын кеңінен қолданады, яғни 
білік тілігін арттырған әрбір ұстаз өз мектебі 
мен өзге мектептегі әріптестеріне жаңа 
тәжірибесін он-лайн режимінде үйретеді, кәсіби 
мәселелерін шешу үшін Кореяда педагогтардың 
желілік қауымдастығының қорлары белсенді 
пайдаланылады, ал біліктілікті арттыруда 
кредиттік жүйе қолданылады, яғни әрбір 
мұғалім жыл сайын 8 кредитті (120 сағаттық) 
жинау қажет. Педагогтардың АКТ дайындығын 
қамтамасыз ету үшін арнайы контент 
жасалған. Сонымен бірге бұл елдің мектеп 
оқулықтары smart-технологияға көшірілген. 
Smart-оқыту жүйесін білім беру ұйымдарына 
енгізу бағыттары мектепке тәжірибе жүзінде 
сынақтан өткізілуде. Кез келген технологияны 
енгізу үшін ең алдымен материалдық-
техникалық база қорларымен жабдықтап, 
соған сәйкес кадрлар үздіксіз дайындалады 
екен. Білім беру реформасы ең алдымен, ата-


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
16
ананың және оқушылардың ой-пікірлерін сұрау 
арқылы жүргізіледі. Мектеп оқулықтарының 
сараптамасы 
оқушылардың 
сынағынан 
өткізіледі. Егер олардың пікірі «оң» болған 
жағдайда ғана білім реформасы жүргізіледі. 
Осы мәселені шешу барысында Корея 
Республикасының білім саласы бойынша 
үйренген тәжірибемізді ортаға салсам деп 
отырмын. Е-learning жүйесіне енбес бұрын 
5 жыл дайындық жұмысы жүргізілген. Ең 
алдымен, 
педагогтарды 
психологиялық 
тұрғыдан дайындық жұмыстары жүргізіле 
отырып, 
ЮНЕСКО 
стандартына 
сәйкес 

кезеңнен 
педагогтардың 
біліктілігін 
арттырған. Ең алдымен, бірнеше телеарналар 
білімге байланысты іске қосылған. Атап 
айтар болсақ, Оңтүстік Кореяда білім беру 
жүйесінің ақпараттық кеңістігін кеңейтетін 
оқыту және ғылыми-көпшілік бағдарламалары 
Educational 
Broadcasting 
System 
(EBS) 
телерадиокомпаниясының 7 телеарнасынан 
таратылады. Оңтүстік Корея елінде 7 телеарна 
білім саласы бойынша жұмыс жасайды 
екен. Аталған арналар арқылы педагогтар 
білімін өздігінен жетілдіріп отырады. Бір 
бейнеконтент жасалу үшін 2 апта жұмсалады 
екен. Оған ғалымдар, тәжірибелі педагогтар 
және әдіскерлер тартылады. Сандық білім 
ресурстарын жасауда бірнеше компаниялар 
айналысады екен. Олардың өнімі педагогтардың 
сараптамасынан өткізіледі. Сонымен бірге бұл 
елде білім беру жүйесінің келесі ақпараттық 
платформалары: EduNet (оқыту мен оқу үшін), 
EMIS және NEIS (басқару үшін), Cyber Home 
Learning System (CHLS) (үйден оқыту үшін) 
құрылған. Аталған платформалар e-learning 
оқыту жүйесін іске асыруға бағытталған.
Алайда ІТ саласының ди на микалық 
өзгерісіне 
сәйкес, 
республикадағы 
300 мың ға тарта педагогтың ақпарат-
тық-коммуникациялық 
құзыр лы лығын 
қалыптастыру бір жылда жүзеге асыру мүмкін 
емес. Бұл қажеттілікті шешу барысын да 
республикалық инс титут ЮНЕСКО, Майкрософт 
және Интел компанияларымен бірлесе отырып, 
жұмыс жасап келеді. Жыл сайын e-learning 
жобасына сәйкес 8000 педагогтың АКТ 
бойынша құзырлылығын қалыптастырумен 
айналысудамыз. Осы жобаның жүзеге асуы-
на сәйкес Оңтүстік Корея мен Ан глия 
мамандарымен тәжірибе ал масып, біліктілікті 
арттыру бой ын ша меморандумға қол қой ылды.
Он-лайн 
режиміндегі 
ин терактивтік 
сабақтар өткізу Білім және ғылым министрлігімен 
бірлесе жүргізілуде. Педагогтар он-лайн 
режимінде өз тәжі рибелерін ортаға салу мен осы 
режимде Ұлттық бірыңғай тестке дайындалу 
үрдістерін же тілдіріп келеді. Мысалы, Батыс 
Қазақстан облыстық институты директорының 
орынбасары Сайфуллин Елдоспен бірлесе 
отырып, педагогтардың біліктілігін арттыруда 
smart-оқыту жүйесінің мүмкіндіктерін қолдану 
мәселелері қарастырылуда. Атап айтқанда, 
Сайфуллин Елдостың математик ретінде жасаған 
«Математикадан оқушыларды ҰБТ-ға дайындау 
мәселелері» бейнеконтентін алуға болады. Оны 
бүгінгі таңда кез келген математика мұғалімі 
өз тәжірибелеріне қолдана бастады. Сонымен 
бірге педагогтарға «e-learning ортасында жұмыс 
жасау әдістері» бейнеконтенті дайындалып, 
өздігінен білім алуға мүмкіндік туындап жатыр. 
Жоғарыдағы 
аталған 
мәселелерді 
практикаға енгізу бағытында республикалық 
институтта шағын жинақты мектептердің 
педагогтары үшін қашықтықтан оқыту 
курстарын ұйымдастыру жұмыстары басталып 
кетті. Тіпті бұл үшін республикалық институтта 
интерактивтік виртуалдық орта жасалды (www.
ripkso.project.kz). Осы ортада республикадағы 
шағын жинақты мектеп ұстаздары бүгінгі күні 
қашықтықтан біліктілігін арттыру үстінде.
Бүгінгі таңда Ұлттық білім берудің 
деректер қорының (НОБД) толтырылуы 
қазақстандық педагогтар үшін АКТ бойынша 
құзырлылықтарын қалыптастыруға ықпал етті. 
Жалпы, педагогтардың ІТ-саласын жан-
жақты меңгеруі үшін кез келген педагог 
кең жолақты интернет желісіне қосылған 
ноутбукпен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда 
ғана ол іздене бастайды. Олардың кәсіби 
деңгейіне қойы латын талаптардың бірі 
ретінде ақпараттық-комму ни кациялық және 
технологиялық құзырлылығын қалыптастыру 
нор мативтерін қарастыру көз делген. Аталған 
үрдістер тәжірибеге енгізілген жағдайда пе-
дагогтың 
ақпараттық-ком му ни кациялық 
құзырлылығын 
қалып тастыруға 
толық 
мүмкіндігі болатындығы дәлелденген. Бұл 
фактілер педагогтардың ІТ саласын меңгеруі 
бойынша үз діксіз біліктілігін арттырумен 
қамтамасыз етілгендігін көрсе теді. 
Елбасының Жолдауында көр сетілген 7 
стратегиялық қадам ның бірі ретінде алдыңғы 
және бә секеге қабілетті ұлттық білім беру 
жүйесін қалыптастыру – жоғарыда айтылған 
ойлардың негізгі түйіні болып табылады. 
Балаларымыздың бойында бәсекеге қабілеттілік 
дарынын ояту үшін алдымен педагогтардың 


БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж. 
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г. 
17
санасын түбірімен өзгерту қажет. Педагогтар 
қауымы үнемі ізденіс үстінде жүрсе, оны көрген 
балалар да тартыла бастайды. 
С.Т. Мұхамбетжанова
ФОРМИРОВАНИЕ КОМПЬЮТЕРНОЙ И ИНФОРМАЦИОННОЙ 
ГРАМОТНОСТИ УЧИТЕЛЕЙ В СИСТЕМЕ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет