Саясаттанудың негізгі мектептері.
Қазіргі шетелдік саясаттану ғылымында
американдық саясаттану мектебі
жетекші
болып табылады (Г.Алмонд, З.Бжезинский, С.Верба, Р.Даль, Д.Истон, С.Липсет, С.Хантингтон
және т.б.). Олардың зерттеуінің негізгі бағыттары: саяси билік, саяси билік механизмі, саяси
билік принциптері, саяси мінез-қҧлық, саяси партия, т.б. Салыстырмалы саясаттану.
Ағылшын саясаттану мектебі
американдық мектептің ықпалы негізінде қалыптасты.
Зерттеулерді экономикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-саяси бағыттар бойынша жҥргізеді. Саяси
жҥйе, сайлау жҥйесін, мҥдделі топтардың билікке ықпал ету механизмін, шиеленіс, келісім
теориясын, плюралистік демократия, т.б.
Неміс саясаттану мектебі
(Т.Адорно, Х.Арендт, Р.Дарендорф, Э.Фромм) зерттеулерді
теория-философиялық пен саяси-әлеуметтік мәліметтерді байланысы негізінде жҥргізеді.
Негізгі ғылыми бағыттары: саясат философиясы, шиеленіс, саяси жҥйе теориялары, саяси
ҥстемдіктің тарихи және салыстырмалы тҥрлері, тоталитаризм, саяси институттар
социологиясы, саяси мінез-қҧлық, қоғамдық пікір, БАҚ-тың саясаттағы рӛлі.
Француз саясаттану мектебі
(М.Бонгран, П.Бурье, Ф.Буррико, Д.Давид, М.Фуко) ІІ-ші
дҥниежҥзілік соғыстан соң қалыптасты.Бҧл мектеп билік мәнін, таптарды, саяси партияларды,
әлеуметтендіруді зерттеді және қолданбалы саясаттануды дамытты.
ХХ ғасырдың саясаттану ғылымының қазiргi кезеңдегi әр тҥрлi бағыттары қалыптасты:
1
Әлеуметтiк бағыт
,
ол әсiресе батыстық саясаттану ғылымында ерекше орын алды.
Оның ӛкiлдерi саясат қҧбылыстарын қоғамның кҥрделi әлеуметтiк қҧрылымы мен процестерi
арқылы зерттейдi. Саясаттануда бҧл бағыттың қалыптасуына М. Вебер, Э. Дюркгейм ҥлкен
ҥлес қосты. Осы бағыт iшiнде В. Парето мен Г. Моска элита концепциясын, ал Р. Михельс
саяси партия теориясын қалыптастырды.
2
Саясаттанудың екiншi бағыты –
Достарыңызбен бөлісу: |