1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


 Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби)



Pdf көрінісі
бет14/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   126
Байланысты:
саясаттану лекция

3. Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби). 
Саяси iлiмдер тарихында орта ғасыр ойшылдарының еңбектерi мен идеяларының маңызы 
зор. Олар феодалдық қоғамдық-экономикалық қҧрылыспен тығыз байланысты. Әрi олардың 
саяси тҧжырымдары дiни сипатта болды. 
Солардың бiрi, 
А. Августин
(354-430 ж.ж.) христиан философиясының негiзгi 
қағидаларын дәрiптеп уағыздаған. Ол «Қҧдай қала туралы» атты еңбегiнде саяси ой-пiкiрлерiн 
бiлдiрдi. А. Августин барлық әлеуметтiк, мемлекеттiк, қҧқықтық ҧйымдар мен заңдар адам 
кҥнәсiнiң нәтижесi деп санады. Себебi, оның ойынша адамдарға баста екi жолмен ӛмiр сҥруге 
мҥмкiндiк берiлген. Бiрi қҧдай жолымен, екiншiсi адам жолымен. Бiрiншiнi қалағандар 
қҧдаймен мәңгiлiк патшалық қҧрып бақытты ӛмiр сҥрсе, екiншiлер жын-шайтандармен бiрiгiп 
азапқа тҥседi. 
Ф. Аквинский 
(1224-1274 ж.ж.) «Қҧдайшылдықтың жиынтығы» деген еңбегiнде саяси 
билiктiң ҥш элементiн: мәнiн, формасын және қолдана бiлудi ажыратып кӛрсеттi. Сонымен 
бiрге, ол ӛз еңбектерi арқылы арнайы заң теориясын жасады. Заңды мәңгiлiк, табиғи және оң 
деп бӛлiп кӛрсеттi. Қҧдай жауыздық емес, қайырымдылықтың себебi. Сондықтан билiктi 
қҧрайтынның барлығы мейiрiмдiлiктен тҧрады деп санаған. Ф. Аквинский монархияны 
қолдады, себебi ол заңға сҥйенедi деп есептеген. 
Қазақ және Араб саяси философиясының әкесі Әбу-Насыр әл Фараби. 
Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен қҧқық туралы 
ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат, 
мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға кӛңіл бӛлмеген араб философы бҧл 
ҧғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ҧсынды. 
Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мҧсылман философы кӛп жағдайда грек ойшылдары 
Аристотель және Платонның еңбектеріне сҥйенді. Саясат ол ҥшін ӛзі «қайырымды қала» деп ат 
қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады. Мҧндай қалалар ретінде бірге 
тҧрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына 
дейінгі адамдар қауымдастығын тҥсінді. 
Әл-Фараби «Қарапайым қала тҧрғындарының кӛзқарастары туралы» трактатында қала 
тҧрғындарын бес топқа бӛледі. Оның ойынша, «қала бес тҥрлі адамдар тобынан қҧралады: ең 
қҧрметті адамдардан, шешендерден, ӛлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан». Әл-
Фараби ең қҧрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды істерде 
беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші топтағы шешендерге – діни қызметкерлерді, 
ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жҧмыспен айналысатындарды, 
ал ӛлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды 
қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал ӛсірушілер, саудагерлер, 
қол ӛнершілер. 
Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты тҥрлі қасиет болу керек деп есептеген. 
Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс ӛнерін 
жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін ӛз бойында ҧштастыратын адам 
барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сӛзі мен ақылына қҧлақ қою керек 
екенін кӛрсететін ҥлгі болады. Мҧндай адам мемлекетті ӛзінің қалауынша басқара алады». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет