«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
UNIVERSITY»
2
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби туралы білмейтін адам кемде-
кем. Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник,
лингвист, логика, музыка зерттеушісі Аристотельден кейін "екінші ұстаз" атағына ие
болды. Әл-Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы
мен ежелгі мәдениетін
табыстырып, еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Ғұламаның
еңбектері әлі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
Фарабтан шыққан Әбу Насыр
Әлем оны "Әбу-Насыр әл-Фараби" деп таниды. Бірақ азан шақырып қойған аты –
Мұхаммед. Әкесінің есімі де сондай болған. Атасының аты – Тархан, бабасы – Ұзлақ.
Ал ғұламаның толық аты-жөні - Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлақ ибн
Тархан Әл-Фараби.Ұлы ойшылдың балалық және жастық шағына қатысты деректер
жоқ. Дегенмен, 870 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға
құятын сағасындағы Фараб
қаласында дүниеге келгені белгілі. Сол себепті ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни,
"Фарабтан шыққан Әбу Насыр" атанып кеткен.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті.
Оның бақытына қарай сол
заманда Отырар жақта аса бай кітапхана болған. Әл-Фараби парсы,
грек тілдерін
үйренді, осы тілде ғылыми трактаттар оқыды.
Ұлы ойшыл бастапқы білімін Фараб пен Бұқарада алды. Одан кейін Бағдатқа
аттанды. Негізгі масқаты – білімді жетілдіру. Бағдат шаһарында логика, математика
ғылымдарын
терең зерттеп, араб тілін меңгеріп алды. Дүниенің өткінші
қызықтарынан, ойын-сауықтан алыс жүрді. Тұрмысына жетерлік аз дүниеге қанағат
етіп, уақытының барлығын ғылым жолына арнады.Білімге
деген құштарлығының
арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск,
Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Мерв, Нишапур, Рей,
Хамадан қалаларында болып,
білімін үнемі жетілдіріп жүрді. Сол жерде Шығыстың ең көрнекті ғалымдарымен
танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
[2]