Мінез бірлігімен қатар, әр жазушының шығармашылығынан оның тек өзіне
ғана тән тіл ерекшелігін аңғарамыз. Бізде Сәбиттің тілі, Ғабиттің тілі, Мұхтардың
тілі дейтін көп тіл жоқ, бір ғана қазақ тілі бар; Мұқанов та, Мүсірепов те, Әуезов
те сол бір ғана қазақ тілінде жазған. Бірақ үшеуінің тіл мәнері – сөз қолдануы,
сөйлем құрауы, сөзбен сурет салуы не баяндап беруі, сыр ағытуы, не сезім жеткізуі
әр түрлі. Үшеуін тіпті шатастыру мүмкін емес. Өйткені тіл ерекешелігі – шешуші
ерекшелік. Әр жазушының тіл ерекшелігіне қарап, оның бір шығармасы емес,
кейде тіпті бүкіл суреткерлік бітімін бір қырынан байқап қалуға болады. М.Әуезов
бір жолы бір топ ақынға мынадай бір-бір мінездеме берді: қырғи тілді Асқар,
сыршыл үнді Әбділда, майда қоңыр Ғали, басым сөзді Тайыр, күйлі-мұңды Қасым,
ізденгіш те тапқыш Хамит, өзіне бөлек сырлы сазды Сырбай, салқын ойлы Саин...».
Стильдің жазушы шығармашылығындағы көрінісі күрделі әрі қызық.
Жазушы не жазса, соның бәрінде оның өзіндік стилі төрт бұрышын түгел
танытып тұра қалды деуге болмайды. Жазушының шығармашылық ерекшелігі
әр шығармасында әр қырынан – повесте сюжет құру ерекшелігі көрінсе, әңгімеде
образ жасау ерекшелігі , эсседе тіл ерекшелігі айқынырақ аңғарылуы мүмкін.
Демек, жазушының стилі жайлы бір емес, барлық шығармасын оқып барып
байлау жасаған дұрыс. Сонымен, біз әрбір жазушының бүкіл
шығармашылығының өн бойынан идеялық-көркемдік негіздің (идея-тақырып-
мінез-тіл) тек сол жазушыға ғана тән ерекшелігін аңғарамыз. Мұндай ерекшелікті
жазушы шығармашылығының мазмұны мен тіліне қатысты басқа жайлардан да
іздеп таба беруге болады. Міне, стиль – әр суреткерге тән осындай
шығармашылық ерекшелік.
№ 14-15 дәріс
Тақырыбы:
Әдеби ағым бағыттар. көркемдік әдістер
Достарыңызбен бөлісу: