Силлабус ќ±рылымы


Силлабо-тоникалық өлең жүйесі



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата10.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#136298
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәріс 4-15

Силлабо-тоникалық өлең жүйесі
(силлабо-латынша буын деген сөз, тон – 
екпін деген мағынада) өлең ырғағы екпінсіз буын мен екпінді буындардың 
кезектесуіне негізделеді. Бұл орыстың классикалық поэзиясында кең қанат жайып, 
қазіргі дәуірде де молнынан қолданылып келеді. Сол сияқты неміс, ағылшын 
халықтарының поэзиясында қолданылады. Орыс поэзиясында бұл өлең жүйесі 18-
ғасырда Тредиаковский, Ломоносовтардан бастап орныға бастады. Орыстың 
халықтық поэзиясында өлең өлшемі негізінен екпінге, яғни екпінді буындарды
тұрақты орында қолдану арқылы жасалып келген. Ал 18-ғасырда Тредиаковский 
мен Ломоносов өлеңнің ырғақ-өрнектерін байытып, толықтыра түсу мақсатымен 
осы өлең жүйесін қолдана бастады. 
Тоникалық өлең өлшемі - 
орыс поэзиясында Тредиаковский 
реформасынан (ХVІІІ ғ.) кейін ресми ат алып, айдар таққан тоникалық (грекия 
tonus – екпін), яки акцентті (латынша accentus – екпін) өлең. Бұл өлеңнің өлшемі – 
екпін: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де екпінге негізделеді Егер 
силлабикалық өлеңде буын атаулының бәрі есепке алынатын болса, тоникалық 
өлеңде екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпін түспейтін буындар 
есептелмейді.
 
Бұл өлең жүйесі орыстың халықтық поэзиясында қолданылып келген. 
Кейінгі дәуірлерде халықтық дәстүрді жаңғыртып, дамыту негізінде бірталай 
ақындар тарапынан жазба әдебиетінде тоникалық өлең жүйесін қолдануға ұмтылу 
байқалады. Орыс кеңес әдебиетінде тоникалық өлең жүйесін орнықтырған 
Маяковский болды. 
Силлабикалық өлең жүйесі: 


Силлабика (грекше – gillable – буын) – буынға негізделетін, яғни өлеңде 
буын санын тұрақты мөлшерде сақтайтын өлең жүйесі. 
Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе – буын: ырғақ пен шумақ, 
тармақ пен бунақ – бәрі де буынға негізделеді. 
Силлабикалық жүйе – орыс әдебиетінде өткінші ғана құбылыс болды. Орыс 
ақындары С.Полоцкий, А. Кантемир, Ф.Прокопович, В.Тридаковский т.б. бұл 
жүйемен ХVІ ғасырдың аяқ жағынан бастап жазды да, ХVІІІ ғасырдың бас жағында 
силлабо-тоникалық жүйеге көшіп кетті. 
Демек, силлабикалық өлең жүйесі екпіні аумалы-төкпелі тілдерде емес, сөз 
тіркестерінің буын сапалары бірдей, дыбысталу әуендері ұқсас тілдерде ғана 
тұраұқты. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян, поляк, араб халықтарының 
және қазақ, өзбек, қырғыз, татар халықтарының поэзиясында қолданылады. 
Екпінді буындар айырықша бөлектене қоймайтын, барлық буындар ырғағы 
жағынан негізінде біркелкі естілетін тілдерде бұл өлең жүйесін қолдану мейлінше 
ұтымды. Яғни басқа өлең жүйесі секілді силлабикалық өлең құрылысы өзі 
қолданылатын тілдің өзгешелігіне толық сәйкес жасалған. Силлабикалық өлең 
құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ құрылысы ерекшеліктерін талдау 
арқылы танып-білуге болады. Қазақ өлеңінде әр жол, яғни тармақ мөлшері 
буындардан тұрады. Сонымен бірге тармақтың өзі бірнеше буын саны тұрақты 
бөлшекке, яғни бунаққа бөлінеді. 
Қазақ өлеңінің құрылымына келсек ол шумақтан, шумақтың әр жолы 
тармақтан, тармақтағы дауыс толқынының соқпа-соқпасы – бунақ болады. Ең кіші 
элемент – бунақ. 
Шумақ – бірнеше тармақтың шумақталып, белгілі ретпен топтасуы. Дүние 
жүзі поэзиясында ең көп тараған шумақ төрт тармақты болып келеді. Екі тармақ, 
алты, сегіз тармақты т.б. шумақтар да жиі қолданылады. 
Өлеңдердегі шумақ – аяқталған синтаксистік ой, жинақталған синтетикалық 
шындық. 
/Қабақ түйіп/ /қара бұлт/ /тұрды сәл-ақ/
12 
/Өте шықты/ /селімен/ /қырды сабап/ 
11 
/Көк жүзіне/ /керіліп/ /келе қалды/
11 
/Мәңгі-бақи/ /тозбайтын/ / сырлы садақ/
11 
(І.Мәмбетов) 
Бұл өлеңнің бір шумағы, төрт тармағы, он екі бунағы бар.
Шумақ кем дегенде екі тармақтан құралады. 
Үлгілері: 
Екі тармақты шумақ: 
Сапарға /кетсе де енді /келмейтұғын,/ 
12 
Қалды ол /өзі жыр боп /өлмейтұғын./ 
11 
(Е.Әукебаев) 
Үш тармақты шумақ: 


Жар демеп ем/ ешкімді /жар дегіздің,/ 
Сүйе білер /бір жүрек /бар дегіздің./ 
Өмір-бақи/ қасымда/ қал дегіздің./ 
(С.Сейітов) 
Төрт тармақты шумақ: 
Туған жерім /– Тың өлке - / 
Сарыарқаның /сауыры./ 
Тың өлкенің/ төрінде/ 
Ақын қыздың/ ауылы./ 
(М.Хакімжанова) 
Бес тармақты шумақ: 
Елін сүйген /ұлдардың/ 
Сөнген талай /жанары./ 
Сонау өткен/ жылдардың/ 
Көлеңкесі/ қаралы – / 
Петропавл/ қамалы./ 
(С.Мәуленов) 
Алты тармақты шумақ: 
Бойы бұлғаң,/ 
Сөзі жылмаң/ 
Кімді көрсем, /мен сонан/ 
Бетті бастым,/ 
Қатты састым,/ 
Тұра қаштым/ жалма-жан./ 
(Абай) 
Жеті тармақты шумақ: 
Сен мені /не етесің?/ 


Мені тастап,/ 
Өнер бастап,/ 
Жайыңа / 
Және алдап,/ 
Арбап,/ 
Өз бетіңмен/ сен кетесің./ 
(Абай) 
Сегіз тармақты шумақ: 
Алыстан/ сермеп/ 
Жүректен/ тербеп/ 
Шымырлап/ бойға жайылған,/ 
Қиуадан/ шауып,/ 
Қисынын/ тауып,/ 
Тағыны жетіп /қайырған./ 
Толғауы тоқсан/ қызыл тіл./ 
Сөйлеймін десең/ өзің біл./ 
(Абай) 
Он тармақты шумақ: 
Балалық өлді,/ білдің бе?/ 
Жігіттікке /келдің бе?/ 
Жігіттік өтті,/ көрдің бе?/ 
Кәрілікке/ көндің бе?/ 
Кім біледі/ сен кәпір,/ 
Баяндыдан /сөндің бе?/ 
Баянсызға/ төндің бе?/ 
Әлде айналып, /кім білер,/ 


Боталы түйе/ секілді/ 
Қорадан шықпай/ өлдің бе?/ 
Бір бунақты тармақ: 
/Сап-сары бел/ 
/Еседі жел/ 
/Еседі/ 
/Еседі жел/ 
/Көшеді ел/ 
/Көшеді/ 
(Мағжан) 
Екі бунақты тармақ: 
/Аттанып ауыл/ / анадан/ 
/Оқуға кеттім/ /қалаға/ 
/Жабыла маған/ /қараған/ 
/Жалтаңдай кеттім/ /далаға/ 
(Ғ.Орманов) 
Үш бунақты тармақ: 
/Кім көрді/ /көктің жерге/ /құлағанын/ 
/Кім көрді/ /күннің жарық/ /сұрағанын 
/Кім көрді/ /Ақбөпедей/ /қыршын жастың/ 
/Шомылып/ /қанды азапқа/ /жылағанын/ 
(И.Байзақов) 
Төрт бунақты, яки көп бунақты тармақ: 
/Аруана/ /жаудың/ /қолына түссе/ /ботасын шайнап/ /өлтіріп/ 
/Қаралы/ /мойнын/ / қайтадан артқа/ /бұрмастай жөнге/ /келтіріп/ 
/Жеріне тартып/ /отырады екен/ /моншақтап жасы/ / боздаумен/ 


/Омырауын шерге/ /толтырып/ 
(Т.Айбергенов) 
Міне, қазақ өлеңіндегі шумақ пен тармақ түрлерінің біраз үлгілері осындай. 
Қазақ өлеңі силлабикалық жүйеге жатқандықтан, өлең ырғағының тірегі – 
буын, яғни, ырғақ буын санымен өлшенеді. Силлабикалық өлең атаулының 
бәріндегі, оның ішіндегі қазақ өлеңіндегі, поэзиялық қасиеттің көбі буында жатыр. 
Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. 
Керек десеңіз, тіпті дауыссыз ақ өлеңнің өзін өлеңге айналдыратын бірден-бір күш, 
осы- буын. 
Қазақ поэзиясында ең көп қолданылатын өлең өлшемдері – жеті буынды. 
Жеті-сегіз буынды, он бір буынды болады. Алты буынды аяң, онан да қысқарақ 
төрт буынды өлең жоғарыда аталған өлшемдермен салыстырғанда сиректеу 
кездеседі. Он бірден буын саны көбірек, мысалы он төрт, он бес буынды өлеңдердің 
тармағы құрама болып келеді, яғни жеті буынды екі тармақтан, не жеті, сегіз 
буынды екі тармақтан құрылады. 
Қазақ поэзиясындағы буын түрлері: 
Он бір буынды өлең: 
Он бір буынды өлең – қазақ поэзиясында ежелден келе жатқан көне түр. 
Академик Зейнолла Қабдолов былай деп жазады: «Есте жоқ ерте замандағы ауыз 
әдебиетінің әсем үлгілерінің осы күнгі жазба поэзиямыздың ең соңғы 
туындыларына дейін, баяғы суырып салма сөз сайысынан қазіргі қолма қол 
экспромтқа дейін, «Қаратаудың басынан көш келед » (халық әні) бүгінгі 
«Ассалаумағалейкум Алатауыма» (Мақатаев) дейін он бір буынмен жазылмаған 
өлең жоқ». (З.Қабдолов. Таңдамалы шығармалар. Екінші то. «Санат» баспасы. 
Алматы, 2003, 272 б.) 
Өлең тармағы үш бунақтан құралады. Басқа екі бунақ 3 буын, 4 буын, немесе 
4 буын, 3 буын болып еркін ауысып келе береді. Ал соңғы үшінші бунақ үнемі 4 
буынды болып келеді. Он бір буынды өлеңнің тағы бір өлшемдік үлгісі бар, оның 
өзгешелігі – алғашқы екі бунақтың екеуі де 4 буынды болып та, соңғы бунақ үш 
буынды болып келед. 
/Қалың қара/ /бұл аралап/ /басымнан/ 
/Тәңірі жазса, /өш алармын// қасымнан/ 
/Жан бауырым,/ /жыламашы егіліп,/ 
/Мен садаға/ /мөлдіреген/ / жасыңнан/ 
(Мағжан) 
/Арқаның/ /кербез сұлу/ /Көкшетауы/ 
/Дамылсыз/ /сұлу бетін/ / жуған жауын/ 
/Жан-жақтан/ /ертелі-кеш/ бұлттар келіп,/ 


/Жүреді/ /біліп кетіп/ /есен-сауын/ 
(С.Сейфуллин) 
Қобызшы/ Малықбай/ шал матайдағы,/ 
Матайда/ – Кенже, Тұңғат /Сақай дағы/ 
Қазақта/ қобызшының /қалғаны сол,/ 
Жорға еді/ маймаңдаған/ бақайшағы/. 
(І.Жансүгіров) 
Өлең – сөздің /патшасы,/ сөз сарасы,/ 
Қиыннан/ қиыстырар/ ер данасы./ 
Тілге жеңіл, /жүрекке/ жылы тиіп,/ 
Теп-тегіс /жұмыр келсін /айналасы./ 
(Абай) 
Он бір буынды өлең – қазақтың ақындық өнері баяғыда туғызған, 
қалыптастырған дамытқан етене, тума өлшем, адамдардың қуанғанда әні, 
қайғырғанда мұңы болған, қашаннан көңілдегі сырын, өмірдегі шындығын 
сәулелендірумен келе жатқан, аса икемді, сұлу, сазды да назды өлең. Бұл өлшемнің 
ықылым ғасыр жасаса да көнеру орнына жаңарып, қартаю орнына жасарып келе 
жатуы да сондықтан. Бүгінде де бұрынғыша он бір буынмен жазбайтын қазақ 
ақыны жоқ. 
Он буынды өлең: 
Он буынды егіз тармақтар, қазақтың байырғы мақал-мәтелдерінде, ақыл-
нақылдарында жиі ұшырасады. 
/Бардың / пайдасы тиер/ тар жерде/ 
/Жоқтың/ залалы тиер/ әр жерде/ 
(фольклор) 
Бұл өлшем төңкерістен бұрынғы қазақ өлеңінде әнмен айтылып жүрді.
Қазіргі поэзиямызда бұл өлшем берік орнықтырған Қ.Аманжолов болды. Оның бұл 
өлшеммен жазған өлеңі оқырмандарын баурап алды. 
/Өңімде ме еді /түсімде ме еді/ 
/Көріп ем ғой бір/ армандай қызды/ 


/Бір нәзік сәуле/ күлімдеп еді/ 
/Сұрапыл соғыс/ соқты да бұзды/ 
/Сапырды дауыл /тебіренді теңіз/ 
/Тулады толқын/ шайқалды шың-құз/ 
/Қып-қызыл оттың/ ішінде жүрміз/ 
/Қайда екен қайда /дариға сол қыз/. 
Қ.Аманжоловтан кейін он буынды өлең өлшемі өз алдына өлшем боп 
орнығып қалды. Бірінде бұл өлшеммен барлық ақындар жазып жүр. 
Тоғыз буынды өлең: 
Тынысы кең, лепті, ойнақы өлшем. Әрбір үш буыннан кейінгі дауыс 
толқынның соқпа-соқпасы айрықша ырғақпен нақпа-нақ, кейде тіпті тақпақтап 
естіліп, іркіліксіз, жүрдек оқылады. Әнге де келеді, жалпы жұртқа жария айтылар 
талғамды ойды жырлауға да көнеді. 
/Жолдағы /төбелер /жоғалды/ 
/Көк орман /күзетті /арнаны/. 
/Сарқырап /өмірге/ жол алды/, 
/Халықтың/ қашанғы/ арманы/. 
(Х.Ерғалиев) 
Қысқасы, тоғыз буынды өлең де - өмірге жанасымды, шындықты өз 
мүмкіндігінің көлемінде ұтымды суреттей алатын нұсқалы түр. 
Сегіз буынды өлең: 
Ежелгі дәуірде пайда болып, ескірмей, ажарына ажар қосып келе, жатқан аса 
сұлу, сырбаз өлең өлшемі. Бұл өлшемнің тамаша үлгілері атам заманғы ауыз 
әдебиетінде, жыраулық-ақындық поэзияда, қазіргі қазақ поэзиясында кездеседі. 
/Ақ қоян қашар/ жотадан/ 
/Ақ тайлақ өсер/ батадан/. 
(Ауыз әдебиеті) 
/Қырында киік/ жайлаған/ 
/Суында балық/ ойнаған/ 
(Асан қайғы) 


/Арай ма сұлтан/ арай ма/ 
/Астыма мінген/ арғымақ/ 
/Аяңдай түсіп/ марай ма/ 
(Махамбет) 
/Өзгеге көңілім/ тоярсың/ 
/Өлеңді қайтіп/ қоярсың/. 
/Оны айтқанда/ толғанып/ 
/Іштегі дертті/ жоярсың/. 
(Абай) 
/Басыма кидім/ ақ қалпақ/ 
/Оюлап шетін/ сырғызған/ 
/Менің де бетім/ жап-жалпақ/ 
/Айырмам қайсы/ қырғыздан/ 
(Ә.Тәжібаев) 
/Болсаң да қанша/ балажан/, 
/Мейірімді көзің/ мөлдіреп/. 
/Аяма мені/ анажан/ 
/Оқудан шаршап/ келді деп/. 
(А.Шамкенов) 
/Ойшыл орман /мүлгіп-қалғып/ 
/Төңіректің /сырын аңдып/. 
/Жайлап қана/ тартып сырнай/, 
/Сыр шертеді /ну қарағай/. 
(Қ.Аманжолов) 
Жеті буынды өлең: 
Қазақ поэзиясында 11 буынды өлең жүйесімен қатар, көп қолданылатын 
ежелгі өлең жүйесі – 7 буынды өлең болып табылады. Бұл тұрғыда академик Корш 
былай деп жазды: «Мейлінше ықшам, мейлінше мол тараған, түрік жазу-сызуының 


тіпті көне ескерткіштерінен кездесетін жеті буынды өлеңді хронологиялық 
жағынан, сірә, бар өлеңнің басы деп білген жөн болар» (Ф.Корш. Древнейший 
народный стих турецких племен. СПб, 1906, стр.26 
Академик Горлевский де осындай пікірді қоштайды: «Түрік нәсілдес 
халықтардың бәріне жаппай таралуына қарағанда, жеті буынды өлең түрік әнінің 
ең негізгі және ең ескі өлшемі тәрізді» (В.Гордлевский. Из наблюдений над 
турецкой песнью. «Этнографическое обозрения». 1908. кн 79, №4, стр.96 
Түркі тілдес әдебиеттерді былай қойғанда, қазақтың төл әдебиетінде, оның 
фольклорлық үлгілерінде жеті буынды болып келеді және бұл өлшемнің ырғағы әр 
күйге бір түсіп, құбылып отырады. 
Бас бунағы төрт буын: 
/Қайраны жоқ, /көлден без/ 
/Қайыры жоқ/ елден без./ 
Бас бунағы үш буын: 
/Біреудің/ өзі жақсы/ 
/Біреудің/ көзі жақсы/ 
Бас бунағы екі буын: 
/Қайғы /қан аздырды/ 
/Мылжың / ми тоздырады/ 
Жеті буынды өлең екі бунақты болады. Мұның алдыңғы бунағы кілең 4 
буыннан құралады да, соңғы бунағы кілең 3 буыннан құралады. Немесе керісінше. 
Таза 7 буынды өлеңдер бұл өлшемнен аспайды. 
/Ханның кірген /ақ орда/ 
/Бұзуын ойлап,/ кеңестік/ 
/Аламанға/ жел бердік/ 
/Аса жұртты/ меңгердік/ 
/Қара қазақ/ баласын/ 
/Хан ұлына/ теңгердік/ 
/Өздеріндей/ хандарды/ 
/Қарны жуан /билерді/ 
/Қабырғасын/ сөгілтіп/ 


/Қабырғадан/ аққан қан/ 
/Ат баурына/ төгілтіп/ 
/«Әділ» ханнан/ түңіліп/ 
/Ат артына/ өңгердік./ 
(Махамбет) 
Батырлар жырының көбі жеті буынмен жазылған. Ақпа жыраулар, суырып 
салма ақындар – бәрі де 7 буынды жыр үлгісін қолданып, жыр төккен. Махамбет 
поэзиясында да көп кездеседі. Жыр үлгісінің жазба әдебиетімізде жетілген, 
ұстарған түрі Абайда бар. Бұл өлшем кейінгі ақындарға да жат болмаған. 
/Ару өтті/ сымбатты/ 
/Көз күлімдеп /ым қақты/ 
/Үнсіз көңіл/ тіл қатты/. 
(Қ.Ыдырысов) 
Алты буынды өлең: 
Қазақ поэзиясында бұрыннан бар өлшем. Әр тармағы үш буыннан тепе-тең 
екі бунаққа бөлінген бұл өлшем бұрын тақпақтап айтылатын: 
/Жүргенге /жол жақсы/ 
/Қалғанға /үй жақсы/. 
(фольклор) 
Абайда да кездеседі: 
/Мен сәлем /жазамын/ 
/Қарағым /қалқама/ 
/Қайғыңнан/ азамын/ 
/Барушы/ айта ма/. 
Бес буынды өлең: 
Кейіннен туған буын өлшемі. Бұл өлшемде мазмұны ғақлияға жақын 
ділмарлық, кейде жаңылтпашқа ұқсас сипат бар. 
/Шөлде /құм көп пе/ 
/Менде /мұң көп пе/. 


(М.Әлімбаев) 
/Отасқан да бар/ 
/От басқан да бар/ 
/Оттасқан да бар/ 
/Соттасқан да бар/ 
/Жоқтасқан да бар/. 
(М.Әлімбай) 
Аралас буынды өлең: 
Бұл өлшемнің түрлері көп. Қазақ өлеңінде бұл өлшемнің Абай туғызған 
түрлері көп. Сонымен бірге әр ақынның жаңа түр, тың көркемдік ізденісіне орай 
көбейуі де заңдылық. Аралас буынды өлшемнің бірнеше көрнекті үлгілерін 
келтірейік: 
/Бойы бұлғаң/ 
/Сөзі жылмаң/ 
/Кімді көрсем/ мен сонан/ 
/Бетті бастым/ 
/Қатты састым/ 
/Тұра қаштым /жалма-жан/ 
(Абай) 
/Алыстан сермеп/ 
/Жүректен тербеп/ 
/Шымырлап бойға/ жайылған/ 
/Қиуадан шауып/ 
/Қисынын тауып/ 
/Тағыны жетіп/ қайырған/ 
/Толғауы тоқсан/ қызыл тіл/ 
/Сөйлеймін десең/ өзің біл/ 
(Абай) 


/Сайрай бер тілім/ 
/Сарғайған соң /бұл дерттен/ 
/Бүгілді белім/ 
/Жар тойған соң/ әр серттен/ 
/Қамырықты көңіл/ 
/Қайтсе болар жеңіл/ 
(Абай) 
/Ет жүрек/ өртенді/ 
/От боп жанып/ 
/Жалын салып/ 
/Ішіме/ 
/Иттей қормын/ 
/Зармын/ 
/Сен үздің ғой /бұл желкемді/. 
/Кім білер ертеңді/ 
/Өлім айтпас/ 
/Келсе қайтпас/ 
/Кісіге/ 
/Бүгінгі күн/ 
/Бармын/ 
/Жолдас еттің/ сен бөтенді/ 
(Абай) 
/Сүйер ұлың болса, /сен, сүй/ 
/Сүйінерге /жарар ол/ 
/Сүйкімі жоқ/құр масыл би/ 


/Сүйретіліп/өтер сол/ 
/Табылмас қайла/ 
/Ойбайла/ 
/Не пайда/. 
(Абай) 
/Тайға міндік/ 
/Тойға шаптық/. 
/Жақсы киім киініп/. 
/Үкі тақтық/ 
/Күлкі бақтық/ 
/Жоқ немеге сүйініп/. 
/Күйкентай күтті/ 
/Құс етті/ 
/Не бітті/. 
(Абай) 
/Мен паң едім/ 
/Бейқам едім/ 
/Еш нәрседен/ қайғысыз/. 
/Тез дерттендім/ 
/Кейде өртендім/ 
/Кей мұз/. 
(Абай) 
Сырмақ қып, астына 
Байының тоқымын 
Отының басына 
Төрінің қоқымын 
Бүксітіп 
Бықсытып 


Қақсытып келтірді 
Осының бәрімен 
Көңілінде міні жоқ 
Жүзінің нәрі мен 
Байының сыны жоқ. 
Бүкшіп 
Сексиіп 
Түксиіп өлтірді 
(Абай) 
Бұл ән 
Бұрынғы әннен өзгерек 
Бұған 
Ұйқасты өлең сөз керек 
Өзіне орайлы 
Денең 
Жан нұрлы болса жөнделмек 
Өлең 
Әнге өлшеп айтса өңделмек 
Ұйқасса қолайлы. 
Ән-өлшеуіш 
Өлең-күміс 
Қоспаңыз мыс 
Аралас 
Артық алу 
Не кем салу 
Қаркі қашу 
Жарамас 
(Шәкәрім) 
Сәйгүлгім 
Кеше қырдың жабысы 
Дүрілдесін 
Жерді жарып дабысы 
Кер құлашты 
Жер қыл тасты 
Жел қыл қасты 
Тұлпарымның 
Белгілі екпін шабысы 
(Сәкен) 
Ұйқас: 
Поэзиядағы ырғақпен қатар, өлеңді өлең ететін нәрсе – ұйқас екені даусыз. 
Академик З.Қабдолов ұйқасты былайша тұжырымдайды: «Өлеңді өлең ететін 
ырғақпен қатар ұйқас екені белгілі; ал ұйқас, яки рифма (грекше rhythmos - 
өлшемдес, мөлшерлес) - клаузуладағы, кейде тіпті цезурадағы дыбыс қайталаулар, 
дәлірек айтқанда өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, 
дыбыстас естілуі. Ұйқас - өлеңнің сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей 
қатысты нәрсе, яғни өлеңнің сыртқы сұлулыға үшін ғана емес, ішкі жылуы, қызуы 


үшін де ауадай қажет нәрсе» (З.Қабдолов. таңдамалы шығармалар. Екінші том. А., 
2003, 288 б.). 
Ұйқас өлеңдегі әр жолдың, тармақтардың шегін анықтайды. Сөйтіп өлең 
сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, өлеңнің әуезділігін арттырады. Ұйқастың 
түрлерін әкіктегенде алдымен оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара 
қаншалықты үйлестіні еске алынады. Бұл жағынан қарағанда ұйқасты қазақ 
поэзиясында, мысалы, толымды ұйқас, толымсыз ұйқас деп бөледі (орысша- точная
рифма, неточная рифма). 
Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретінде қарай 
сан түрлі 
болып келеді. Ең көп кездесетін ұйқастар:егіз ұйқас (аа), шалыс ұйқас (абба). 
Соңғысы орыс поэзиясында жиі қолданылады, ал қазақ поэзиясында өте сирек. 
Қазақ поэзиясында аса мол кездесетін ұйқас әдетте қара өлең ұйқасы деп аталатын
ақсақ ұйқас (ааба). Бұл әсіресе он бір буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік 
қолднылады. Өлеңдегі бірінші, екінші және төртінші тармақ бірыңғай ұйқасады. 
Қазақ поэзиясындағы жыр ұйқасы да өзінше құрылады. Мұны кейде шұбыртпалы 
ұйқас деп атайды.Жыр ұйқасының басты өзгешелігі – бір ұйқасты ұзақ сақтап, 
көптеген тармақтарды бірыңғай үйлестіру. Көбіне негізгі ұйқасқа (әкелілі ұйқас) 
қосымша, жанама ұйқас ілесіп, қосарланып отырады. Абай қолданған ұйқас – 
аабввб («Бай сейілді» және «Сегіз аяқтың» ұйқасы (аабввгг) тағы басқалар. 
Академик Қ.Жұмалиев қазақ поэзиясындағы ұйқастардың түрінің көп екенін 
айта келіп, оларды төмендегіше жіктейді. 
1) қара өлең ұйқасы, 2) шұбыртпалы ұйқас, 3) ерікті ұйқас, 4) кезекті ұйқас, 
5) шалыс ұйқас, 6) егіз ұйқас, 7)аралас ұйқас, 8) осы күнгі ерікті ұйқастар: 
Қара өлең ұйқасы: 
Астыма мінген атым Бұқпа қара 
Шаң тисе, ақ бетінде – ыққа қара 
Аулыңның сыртынан ән салайын 
Даусымды танымасаң шық та қара. 
(халық әні) 
Шұбыртпалы ұйқас: 
Құланнан атты қодықты, 
Көлден тартты борықты. 
Арада неше қоныпты 
Жетемін деп зорықты 
(Қыз Жібек) 
Ерікті ұйқас: 
Бұлттан шыққан айға ұқсап, 
Тұр еді Назым нұрланып, 
Атлас көйлек үстінде, 
Көк арбаға сүйеніп 
Шыбықтай белі бұралып 
(Қамбар батыр) 
Кезекті ұйқас: 


Еділдің бойы ен тоғай, 
Ел қондырсам деп едім. 
Жоғалмай 
Жатқан сол елге 
Мал толтырсам деп едім… 
(Махамбет) 
Шалыс ұйқас: 
Желсіз түнде жарық ай, 
Сәулесі суда дірілдеп; 
Ауыдың маңы терең сай, 
Тасыған өзен күрілдеп. 
(Абай) 
Егіз ұйқас 
Азамат жүнжіме, жүрме бос, 
Қол ұстас, бірігіп тізе қос. 
Ту ұстап дұшпанға барайық 
Теңдіктің ұранын салайық! 
(С.Сейфуллин) 
Аралас ұйқас: 
Көзінен күлкі өшпейтін 
Өнер мен ойы өспейтін 
Осы бір ағаң, ағаң-ақ 
Сенен артық қасы жоқ 
Мінін айтсаң шамалап 
Мақтай берсең танаң-ақ 
Мақтамасаң қағанақ. 
(Ә.Тәжібаев) 
Осы күнгі ерікті ұйқастар 
Далама біткен биігім-а 
Қабіріңді жасырған ба қу жазық?-б 
Мүрдеңе келіп иілдім,-а 
Өр дауысыңды іздеп кеудем құлазып-б 
Сен,-в 
Елімнің жапан шөлінде-г 
Арқырай аққан сел едің.-д 
Кегінде, жұрттың шерін де-г 
Нажағайлы жырыңмен-ж 
Көк нәрсе бөледің.-д 


Көпіріңнен қалса бір тамашы-з 
Жұтар едім-е 
Қызғышындай қызғанып-б 
Тұңғиығым бұрқаншы,-з 
Тебіренейін,-к 
Жүрегімде толқыныңнан із қалып.-б (Қ.Бекхожин) 
№ 12 дәріс
Тақырыбы: 
Әдебиеттің тегі мен түрлері (жанры)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет