Силлабус ќ±рылымы



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата10.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#136298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәріс 4-15

 
Дәріс жоспары
 
1.
Әл –Фараби мұралары 
2.
Ш.Уәлиханов көзқарастары 
3.
Ы.Алтынсаринның эстетикалық принциптері 
4.
Абайдың өнер, ақындық туралы ойлары 
5.
А. Байтұрсыновтың әдебиеттанушылық еңбегі «Әдебиет танытқыштың» 
мән- маңызы 
Дәріс мазмұны 
 


Әл-Фараби ұлы философ, математик, музыкант қана емес, үлкен әдебиетші 
болған. Әдебиет пен өнерге байланысты данышпан ғалымның «Музыканың ұлы 
кітабы», «Музыка ғылымына кіріспе», «Музыка жайлы талдау», «Ырғақтарды топ- 
топқа бөлу» т.б. әр алуан ғылыми еңбектері бар. Бұл еңбектер әл-Фарабидың ірі 
эстетик, іргелі теоретик болғандығын көрсетеді. Ғалымның «Поэзия өнерінің 
канондары туралы трактаты» мен «Поэзия өнері туралы» еңбегі өлең жайлы жалпы 
өнер хақындағы аса бағалы байыптау еңбектер. 
«Поэзия өнерінің канондары туралы трактатында» әл- Фараби өлең 
жазатындарды 3 топқа бөледі: бірі- тумысынан ақпа- төкпе, ағыл- тегіл дарындар; 
екіншісі – туғанынан соң жетілген, өлең өнерінің барлық құпиясымен жете таныс 
«ойлампаз» таланттар; үшіншісі – тума қабілеті де, табиғи таным- дарыны да жоқ, 
жоғарғы екеуіне еліктеумен ғана жүретіндер. Бұлардың біріншісі - ауыз
әдебиетіндегі суырып салма – импровизатор жырауларға, екіншісі – жазба 
әдебиеттегі профессионал ақындарға, үшіншісі – әр тұста да бола беретін әшейін 
әуесқойларға берілген мінездемелер секілді. 
Әл-Фарабидың «Поэзия өнері туралы» трактаты түгелімен өлең құрылысына 
– өлең өлшемдерін талдауға, өлеңдегі ырғақ пен буын мәселелерін тексеруге 
арналған. Аталмыш трактататардың қай-қайсысында болмасын әл-Фараби өнер 
атаулының ақиқат өмірден ғана туатынын терең білгірлікпен тап басып, дәл түйген. 
Әл-Фараьи еңбектерін Әбу Райхан Бируни (973 – 1050), Әбу Әли Ибн-Сина(980 – 
1037), Омар Һәйям(1048 - 1130), Әбдірахман Жәми секілді әлемге әйгілі ойшыл-
ғұламалар үлгі-өнеге еткен. Орта ғасырлық Абдул Баһир ал-Журжани «Асрар ул-
балаға», Ибн Халдун «Ал-Мухамадия» атты теориялық-зерттеу еңбектерінде әл-
Фарабиды ұстаз тұтты. 
Ш.Уәлиханов (1835 – 1865) қазақтың үлкен оқымысты ойшылы, қабілет-
дарыны зор әдебиеттанушы ғалымы еді. Ол ауыз әдебиетін жинаушы және оларды 
терең білгірлікпен саралаушы, зерттеуші болды. Ол «Дала Илиадасы» атанған 
қырғыздың атақты эпосы «Манастың» бір тарауы(«Көкетай ханның асы») тұңғыш 
жазып алушы және орыс тіліне аударушы. Даланың абыз ақыны Жанақтан 
халқымыздың ең сұлу жыры «Қозы-Көрпешті» де жазып алып, терең пікірлер 
білдіріп, ғылыми қауымға таныстырушы. «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы 
жайындағы» жазбаларында Шоқан мынадай қызық топшылаулар жасайды: «Дала 
көшпенділерінің поэзия мен шынайы сезімге бейім болуына өмір бойы табиғат 
құшағында жүруі- жасыл майса дала, ашық мөлдір аспан, көші-қоны көп тұрмыс 
әсер етпесіне кім кепіл?» 
Ғалымның сөз өнерінің таным және тәрбие тарапындағы мәні мен маңызын 
белгілеуі, сондай-ақ қазақ поэзисын 5 түрге (жоқтау, жыр, өлең, қара өлең, қайым 
өлең) бөліп, бұлардың әрқайсысына өзінше мінездеме беруі – әдебиет теориясына 
қатысты толғамдар, талғам-қисындар. 
Ы.Алтынсаринның әдебиеттануға қосқан үлесі жұртқа белгілі. Ағартушылық 
бағыттажазған еңбектерімен өзектес. Бұл ретте ерекше атап айтар нәрсе – педагог, 
қайраткердің тарихта тұңғыш рет орыс әліпбиімен жазып, бастырған «Қазақ 
хрестомптиясы(1879)». Бұл кітап – қазақтың әлеуметтік тіршілігінде болған ірі 
оқиға, мәдени құбылыс. Бұл еңбегінде Ы.Алтынсаринның ғылыми-педагогикалық 
әрекеттеріндегі прогресшіл сипат қана емес, оның әдебиетші ретіндегі қалыптасқан 
эстетикалық принциптері жатыр. Әдебиет оқулығын жасау мақсатында Ыбырай 
Алтынсарин қазақтың ауыз әдебиетін жинау, жариялау ісіне көп еңбек сіңірді. 


Ыбырай Алтынсарин қазақтың әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың 
халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. 
Қазақтың жазба әдебиетінің басында тұрған қазақтың хас ақыны, Абай өзінің 
эстетикалық көзқарастары мен байлам тұжырымдарын арнайы ғылыми еңбек не 
болмаса трактат түрінде жазған зерттеуші-ғалым болған жоқ. Ол өзінің саф 
алтындай жарқыраған өміршең эстетикалық ойларын көркем шығармаларында 
айшықтады. Оның құнды шығармашылық принциптері, сөз өнері хақындағы ұғым-
түсініктері мен ой-пікірлері өлеңдері арқылы өріс тапты. Мысалға «Адамның 
кейбір кездері», «Қуаты оттай бұрқырап», «Өлең сөздің патшасы», 
«Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап» т.б. өлеңдерін атауға болады. Ол 
өзінің ақындық болмысы мен реализм принциптерін бұлжытпай жүзеге асырып, 
әдебиеттің халықтығын, поэзия халық өмірінің айнасы екенін, поэзияда бәрінен 
бұрын халықтық мәні бар келелі шындықтар суреттелуін талап етті. Қоғамның 
кескін-келбетін жіті таныды. Өз өнеріне де, өзге өнер иелеріне де қояр эстетикалық 
талап-талғамы бұрын-соңды болмаған биікке көтерілді. Оның ақындық кредосы 
поэтикалық манифесі мынадай еді: 
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, 
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. 
Көкірегі сезімді,тілі орамды 
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. 
Поэзияда тек қана «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын келістірудің» 
жолдарын нұсқады, суреткерлік шеберлік құпияларын ашып көрсетті. Мазмұн мен 
пішіннің әсем үндестігін(изоморфті) қадағалаған Абай, мазмұнның пішіннен 
басымдығын(примат) жете аңғарып: «Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін...» 
деді. Мұның өзі көркем творчествоның психологиясын нәзік әрі терең сезінуден 
туған зерде еді.
Қазақ тіліндегі ең алғашқы әдебиеттің теориялық мәселесіне арналған еңбек 
Ахмет Байтұрсыновтың(1872 – 1937) «Әдебиет танытқыш» еңбегі. «Ахмет 
Байтұрсынов 1926 жылы өзінің әйгілі «Әдебиет танытқышын» кітап етіп бастырып 
шығарды. Бұл біздің жыл санауымыздан 326 жыл бұрын Эллада елінде жарық 
көрген Аристотельдің «Поэтикасы» тәрізді сөз өнерінің болмысы мен бітімін 
жүйелі байыптайтын қазақ қоғамындағы тұңғыш теориялық зерттеу еді. Егер 
Лессинг өзінің «Гамбург драматургиясында» Аристотель «Поэтикасын» мінсіздік 
тұрғысынан «Евклид элементтерімен» қатар қойған болса, біз бүгін Ахаңның 
«Әдебиет танытқышын» Аристотель «Поэтикасымен» салыстырар едік». 
(З.Қабдолов, Ахмет Байтұрсынов) 
«Ғалым әдебиеттің барлық жанрларына, көркемдік құралдарына қатысты 
европалық, орыс әдебиеттануындағы ұғым, термин, категорияларға шып-
шырғасын шығармай түгелдей қазақша балама табады.Баспасөзде, кітаптарда, 
оқулықтарда, радио-теледидарда қазір кең де еркін қолданылатын сөз дұрыстығы, 
тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл дәлдігі, көрнектілігі, оның тараулары, көрнектеу, 
меңзеу, теңеу, ауыстыру,бейнелеу, алмастыру, кейіптеуі әсірелеу,арнау (сұрай 
арнау, жарлай арнау, зарлай арнау), қайталақтау, шендестіру, дамыту, үдету, 
түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу сияқты ұғымдарды тұңғыш рет енгізіп, осы 
сөздерді термин дәрежесіне көтерген, дәл анықтап берген Ахмет Байтұрсынов 
екенін айту – тарихи әділет». (Р.Нұрғали) 
Өлең айшықтары, шумақ түрлері, тармақ талғаулары, бунақ, буындар, 
ағындар, тармақ кезеңдері, ұйқас түрлері – осы сияқты өлеңтануға қатысты 


категориялар да «Әдебиет танытқышта» жасалды. Қазақ әдебиетінің өзіне тән 
жанрлық формаларын топтап, жіктейді. 
Эпосты – әуезе, лириканы-толғау, драманы – айтыс деп алып,оларды сала-
салаға жіктейді: шежіре,заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат 
шешенсөз, билік шешен сөз, қошамет шешен сөз, ділмар(білгір) шешен сөз, уағыз 
шешен сөз. Шешен сөз ауызша айтылады, ал көсем сөз(публицистика) жазбаша 
шығарылады дейді. Ауыз әдебиеті түрлерін жіктейді. 
Қазақ әдебиетін дәуірлерге бөліп жіктеуде де құнды пікірлер, құнарлы ойлар 
да жеткілікті.
 
Мысалға діндар дәуір әдебиетіне: хисса, хикаят, насихат, мінажат, мақтау, 
даттау, сындар дәуір әдебиетіне: ұлы әңгіме(роман), ұзақ әңгіме(повесть), әңгімені 
жатқызады. 
Лирика түрлерін сап толғау, марқайыс толғау, налыс(мұңайыс) толғау, 
намыстаныс толғау, сұқтаныс толғау(даттау, қаралау, наз) десе,сатираны мазақ, 
мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп сараласа, тартыс(айтыс, драма) түрлерін әлектеніс, 
әуреленіс, азаптаныс деп таратады. 
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі секілді, қазақ әдебиеттануындағы әдеби 
терминдердің басым көпшілігінің баламын ойлап тапқан да – Ахмет Байтұрсынов; 
көріктеу, кейіптеу, ауыстыру, алмастыру, түйіндеу,түйдектеу, айқындау, айшықтау 
т.б. – осылардың бәрі Мұхтар Әуезовтің «Ахаң түрлеген ана тілі» дейтін еңбегінің 
әдебиет аясындағы нақты да затты көрінісі. 
Әлемдік эстетика, орыс әдебиеттану ғылымы принциптері мен орайласқан, 
астарласқан әдеби формалардың дамуы, өнер мен өнер арасындағы диалектикалық 
байланыс,творчество психологиясы, ақындық,талант табиғаты, шабыт стихиясы 
туралы айтылған қызықты, құнарлы пікірлер, байсалды тұжырымдар бар. Бұл 
еңбекті әлі де түбегейлі қарастыра түссек, эстетикалық ойлау жүйемізді алда да 
байыта түсетін қазыналар бар екенін бағамдаймыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет