2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет12/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Жауырын беттері: 
-ішкі қабырғалық беті-facies costalis .Қабырғалық бетінде жауырын астылық ойыс-fossa 
subcostalis пен бұлшықеттің сызықшалары-linea muscularis байқалады. 
-артқы немесе дорсалды беті-facies dorsalis ажыратылады. Онда латералды бағытта 
орналасқан жауырын қылқаны-spina scapulae кездеседі және оның басы бұғанамен 
беттесіп буын құрайтын акриомиалді өсіндігіге -acriomion ұласады.Жауырын қылқаны 
жауырынның артқы бетін шағын келген жоғарғы қылқанүстілік ойысқа-fossa supraspinata 
және көлемділеу келген қылқанүстілік төменгі ойысқа -fossa infraspinata бөліп тұрады. 
-акромиалдық буын беті,facies articularis acromialis.Ол акромиалді өсінді ұшында 
орналасқан. 


Бұғана,os claviculae- ұзартылған S-тәрізді сүйек, ол кеуде қуысының жоғарғы бөлігінде 
және жауырынның акромиальды ұшында көлденең орналасқан.Бұғананың денесі-corpus 
claviculae және екі ұшы ажыратылады.Денесінің алдыңғы,артқы қыры және 
жоғарғы,төменгі қырлары ажыратылады. 
Бұғананың төстік ұшы –extremitas sternalis төс сүйегімен беттісіп төс-бұғана буынын 
құрайды.Бұл ұшында төстік буын беті және қабырға-
бұғана байламының,ligamentum 
costoclavicularis бекитін батыңқы,impressio costoclavicularis орналасқан. 
Бұғананың акромиальді ұшы- extremitas acromialis жауырынның акромиальді өсіндісімен 
беттесетін буын беті-facies articularis acromialis және төменде конус тәрізді байламның 
төмпешігі- tuberculum conoideum ажыратылады. 
9.Тоқпан жілік: құрылысы.
Уникальность: 100%
 
Тоқпан жілік,humerus-бұл қолдың ұзын түтік тәрізді сүйек, ол иықтан шынтаққа дейін 
созылады. 
Оның проксимальды бөлігі иық буынын қалыптастыру үшін жауырынның буындық 
ойысымен, cavitas glenoidalis байланысады. Дистальды, кәрі жілік басымен және шынтақ 
сүйектің шығырлық тілігі ,incisura trochlearis байланысады. 
Бұл сүйек проксимальды,дистальды денесінен немесе эпифизінен тұрады. 
Тоқпан жіліктің проксимальды эпифизі баспен,caput humeri, анатомиялық мойынмен, 
collum anatomicum,хирургиялық мойынмен,collum chirurgicum ,үлкен және кіші 
төмпешіктерімен ,tuberculum majus et minus және төмпешікаралық жүлгесі,sulcus 
intertubercularis белгіленеді. 
Жоғары ұшы басынан,caput humeri тұрады. Ол ішке, жоғары және артқа қарайды және 
анатомиялық мойын арқылы үлкен және кіші төмпешіктерut ,tuberculum majus et minus 
бөлінеді.Төмпешіктерден төмен,олардың қырқалары орналасады,crista tuberculi majoris et 
minoris ал олардың аралығында төмпешікаралық жүлге,sulcus intertubercularis 
орналасқан.Бұл жүлге арқылы екі басты бұлшықеттің сіңіршесі ,musculus biceps brachii 
өтеді. 
Проксимальды ұшы мен денесінің аралығында хирургиялық мойын,collum chirurgicum 
орналасқан. 
Дистальді эпифизінде:жілік айдаршығы condylus humeri,айдаршықтың бүйір беттерінде 
латеральді және медиадьды үстіңгі айдаршықтар яғни epicondylus medials et 
lateralis,орналасатын айдарша басы яғни capitulum humeri,және шығыр секілді буын беті 
trochlea humeri-ден тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет