2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Өкпенің құрылымдық-функционалді бірлігі



Pdf көрінісі
бет133/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

119.Өкпенің құрылымдық-функционалді бірлігі.
(Antipagiat.ru- 79,47%) 
Ацинус-өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі.Онда альвеоларлық ағаш және оларды 
қоршап жатқан қан капиллярлары құрайды.Газ алмасу жүретін жер.Қанның оттегіне 
қануы және қаннан көмірқышқыл газының сыртқа шығарылуы.Ацинустар екінші 
құрылымдық негіз-бөлікше құрайды.Екі өкпеде 1000.Әр бөлікшеге бір бронх кіреді,12-18 
ацинустардан тұрады:ауа өткізеді. 
Морфологиялық құрылысы 2 құрылымнан тұрады: 
1) альвеолалық ағаш; 2) қан капиллярлары. 
Өкпенің түзілуі:
Әр өкпенің сегменттері немесе бронхөкпелік сегментінің терең қабаты өте ұсақ, 
қабырғалық бетінің көлемі 4 см-дей, өкпенің екінші реттегі бөлшектерінен, lobuli pulmonis 
secundarii, тұрады. Өкпенің бронхөкпелік сегментінің ұсақ бөлшектерінің сыртқы пішіні 
пирамидаға ұқсас, көлемі 4 см -дей өкпе паренхима тінінен тұрады. Өкпе бөліктерінің 
ұшы өкпе қақпасына, негізі сыртқа қарап орналасқан. Өкпе бөлшектерінің сыртқы беті, 
тыныс алу кезінде қозғалысын жеңілдету үшін дәнекер тіндермен және қантамыр 
торларымен шектелген. Өкпе бөлшектерінің, lobuli pulmones secundarii, меншікті 
бронхтарының диаметрі 1-мм шамасындай. Шеміршек тіні 800-ге жуық ұсақ бронхқа 


бөлінген өкпенің 8-ші бронхта сақталады.Ұсақ бөлшектік бронхтар, одан әрі өту жолы өте 
жіңішкелеу келген диаметрі 0,3-0,5 мм, саны 16- 18-дей, терең қабатында бронх бездері 
мен шеміршектік тіндері жок соңғы бронхшаларға, bronchioli terminalis, бөлінеді. Өкпенің 
басты бронхтарынан, bronchus principalis бастап, соңғы бронхшаларға дейінгі 
бронхтардың жиынтығы бронхиалды тармақ arbor bronchialis деп аталынады. Қызметі: 
тыныс алу кезінде ауаны өткізу
Өкпе бөлшектерінің, lobulus pulmonis secundarii, терең қабатындағы соңғы бронхшалар, 
brortchioli terminates, одан әрі екі-екіге тармақталынып, өту жолы өте жіңішкелеу келген, 
қабырғалары тыныс алу көпіршіктерінен тұратын бірнеше тыныс алу бронхшаларына, 
bronchioli respiratorii, бөлінеді. Одан әрі, тыныс алу бронхшалары сәуле бағытга 
орналасқан өкпенің көпіршіктер жолдарына ductuli alveolares, жалғасады. Көпіршіктер 
жолдары, одан әрі кеңейе, көпіршіктер қапшаларын, sacculi alveolares, құрап тұйықталады. 
Қабырғалары: бір эпителий қабаты бар тамырлы торлардан тұрады.Қызметі: тыныс алу 
қызметін бақылау. 
Тыныс алу бронхшаларымен көпіршіктер жолдары және көпіршіктер қапшалары бір-
бірімен күрделі өзара жалғасып, өкпенің көпіршіктер тармақтарын немесе өкпенің 
паренхимасын құрайды. Сырткы пішіні жүзімнің шоғырына ұқсас, өкпенін анатомиялык - 
функционалдық бірлігі ацинусты немесе arbor alveolaris, кұрайды. Өкпенің 
ацинустарының жалпы саны 30 000, көпіршіктердің саны 300-350 млн. Өкпенің беті, 
ауаны сыртқа шығарған кезде көлемі 35 м 2, ауаны жұтқан кездегі көлемі 100 м2 -тай. 
Өкпенің ацинусында қан мен ауа арасында газ алмасу жүреді. Қысқаша айтқанда, өкпенің 
ацинусы өкпе бөліктерін, жинақталған кезде өкпенің сегменттерін,сегменттерді одан әрі 
өкпе бөліктері, ал бөліктерді оң және сол жақ өкпелер құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет