2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет135/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

Өкпенің жиектері: 
-алдыңғы жиегі (margo anterior) өкпенің алдында facies costalis және facies mediastinalis-
тың бір-біріне өтетін жері (солжақ өкпенің алдыңғы қырының төменгі бөлімінде жүректік 
тілік, incisura cardiacа, орналасқан); 
-төменгі жиегі (margo inferior) өкпенің негізін айнала орналасқан, facies costalis және facies 
diaphragmatica-ның бір-біріне өтетін жиігі; 
-артқы жиегі (margo posterior) жалпақтау келеді және омыртқа бағанасының екі 
жағындағы жүлгеге кіріп жатады. 
Өкпе түбірі (radix pulmonis) өкпенің медиалді бетіндегі басты бронхтардан, өкпе 
артерияларынан, веналарынан, лимфатамырлары мен лимфа түйіндерінен және оларды 
жауып жатқан дәнекер тін мен плеврадан тұратын құрылым .Оңжақ өкпенің түбірін 
жоғарғы жағынан арттан алға қарай иіліп сыңар вена (v.azygos), ал солжақта, керісінше, 
алдан артқа қарай аорта доғасы асылып өтеді . 
Өкпе қақпасы (hilum pulmonis) өкпенің медиалді бетінің pars mediastinalis-індегі өкпе 
түбірінің элементтерінің орналасатын жері болып табалады. 


Өкпенің сегменттерінің саны тұрақсыз 4-12-дей. Соңғы халыкаралық анатомиялық 
номенклатурасы бойынша екі өкпенін бронхөкпелік сегменттері он-оннан тұрады. 
Сегменттердің атаулары топографиялық орналасуына қарай аталады.
I. Оң өкпенің сегменттері. 
1. Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің сегменттері: 
- Ұштық сегмент, segmentum apicale, (S1) –он окпе ұшының медиалді капталында, өкпеқап 
күмбезін, cupula pleurae жауып орналасқан. 
- Артқы сегмент, segmentum posterius, (S 2) - табаны артқа қарап, ұшы өкпенің жоғарғы 
бөліктік бронхыға қарап, II-IV -қабырға аралығында орналасқан. 
- Алдыңғы сегмент, segmentum anterius, (S3)- табаны кеуде қуысынын алдыңғы 
қабырғасына карап, I-IV-кабырғаның шеміршектік бөлігінің аралыгында орналаскан. 
2.0ң өкпенің ортаңгы бөлігінің сегменттері: 
- Латералді сегмент, segmentum laterale, (Sv) - табаны алға және латералді орналасса, ұшы 
жоғары және медиалді орналаскан. 
- Медиалді сегмент, segmentum mediate, (Sv) -кеуде қуысының алдынгы кабырғасына 
карай, IV-VI- қабыргалар аралыгында орналаскан. 
3. Оң өкпенің төменгі бөлігінің сегменттері: 
- Ұштық (жоғарғы) сегмент, segmentum apicale, {superius (SYI)) -оң өкпенің төменгі 
бөлігінің сынатәрізді ұшын жауып, омыртка бағанасының тұсында орналаскан. 
- Медиалді базалді (жүректік) сегмент, segmentum basale mediate, (cardiacum) ( S YII) - 
табаны он өкпенін төменгі бөлігінің көкірекаралық және көкеттік беттерімен беттесіп 
орналаскан. 
- Алдыңғы базалді сегмент, segmentum basale anterius, (S viii) табаны оң өкпенің көкетгік 
бетіне қарап орналаскан. Сегментгің бүйір бетінің көп бөлігі қолтық маңында VI VIII 
қабырғалардың тұсында орналаскан. 
- Латералді базалді сегмент, segmentum basale laterale (SIX) -көршілес сегментгердің 
аралығында орналасып, табаны көкетпен беттесіп орналаскан, бүйір қапталы ҮІ-ҮІІІ 
қабырғалар аралығында, колтык шұңқырына қарап орналаскан. 
- Артқы базалді сегмент, segmentum basale posterius (S x),-омыртка жанындағы сызықтың 
бойында, оң өкпе сегменттерінің арткы қапталында қабырға-көкет койнауының қалтасына 
reccessus costodiaphragmaticus, бағыт алып орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет