2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Плевра бөлімдері шекаралары қуысы синусы олардың маңызы



Pdf көрінісі
бет139/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

123.Плевра бөлімдері шекаралары қуысы синусы олардың маңызы


Өкпенің сыртқы бетін жауып орналасқан тұ йық сірлі қабық, өкпекап, pleura деп 
аталынады. Топографиялық орналасуына қарай, қабырға лык немесе париеталді өкпеқап, 
pleura parietalis және мүшелік немесе висцералді өкпеқапқа, pleura visceralis бөлінеді. 
-Висцералді өкпеқап, pleura visceralis, өкпе паренхимасының сыртқы бетін тығыз жауып 
орналасқандықтан, висцералдi немесе өкпелік өкпеқап, pleura pulmonalis деп 
аталынады. Бұл сірлі қабық өкпенің паренхиматозды кабығын жауып орналасқандығы 
соншалықты, бір-бірі нен айыру киынға соғады. Сонымен қатар, вис цералді өкпеқап 
өкпенің төменгі жиектерінде құйғыштәрізді өсінділерді құрап, өкпе қақпасы ның төменгі 
қапталының тұсында бүктеліп, вер тикалді бағытта көкетке өтіп, өкпелік байлам ды, lig. 
pulmonalis құрап, париеталді өкпеқапқа, pleura parietalis жалғасады. 
-Париеталді өкпеқап, pleura parietalis, ол өкпенің сірлі қабығының сыртқы табақшасы бо 
лып саналады. Париеталді өкпеқаптың сырткы беті, кеуде қуысы қабырғаларының ішкі 
бетін жауып орналасқан, тұйық ішкі кеуделік шанды рмен, fascia endothoracica тығыз 
байланысып, өкпеқап қуысына қараған беті сірлі сұйықтықты бөлетін мезотелий 
жасушаларымен көмкерілген
Өкпеқап қуысы. 
Орналасуы
: Өкпеқаптың париеталді және висцералді бөліктерінің аралығындағы саңылау 
өкпеқап қуысы cavum pleuralis. Өкпеқап қуысының аралығында қалыпты жағдайда, 
қимылсыз кезде 1-2 мл шамасындай сірлі сұй ықтық байқалады. Тыныс алу кезінде 
сұйықтық өкпенің сірлі қабық аралығындағы үйкелісті жеңілдету қызметін атқарады. 
Сонымен қатар, кеуде қуысының қабырғаларын кеңейтуші, ин спираторлық күш пен 
өкпенің талшықты тінінің әсерінен өкпеқап қабықтарының бір-біріне бет тесуін 
қамтамасыз етіп, өкпеқап қуысында теріс қысымның пайда болуына байланысты өкпенің 
тыныс алу кезінде еркін жазылып, еркін қозға луына ықпал етеді.Өкпеқаптың жоғарғы 
бөлігі кеуде қуысынан жоғары, мойын аймағына өтіп, өкпенің ұшымен беттесіп, өкпеқап 
күмбезін, сupula pleurae құрайды. Өкпеқап күмбезі, алдынан қарағанда 1-қабырғадан 3-4 
см жоғары орналасып, арқа жағынан VII-мойын омыртқаның қылқанды өсіндісіне сәйкес 
келеді. Өкпеқап күмбезінің алдыңғы беті, бұғанаасты артерия және вен мен беттесіп, 
артқы беті иық өрімімен, plexus brachialis шектелген. 
Өкпеқаптың париеталді бөлігі топографи ялық орналасуына қарай, қабырғалық екпека 
пка, pleura costalis, көкеттік өкпеқапқа, pleura diaphragmatica және көкірекаралық 
өкпеқапқа, pleura mediastinalis бөлінеді. 
Өкпеқаптың қабырғалық бөлігі, pleura costalis, қабырғаның бүкіл ішкі бетін және қабы 
рғааралық ішкі бұлшықетті, оның ішкі кеуделік шандырын жауып орналасқан. Бұл бөлік 
алдын да кеуде маңында, артында омыртқа бағанасы ның тұсында көкірекаралық 
өкпеқапқа жалғаса ды. 
Көкірекаралық өкпеқап, pleura mediastinalis, ол сагиттал жазықтықтың бойында 
орналасып, жүрекқабының, pericardium сыртқы бетін, одан әрі өкпе түбірінің сыртқы бетін 
жауып өкпе қақпағының, hilus pulmonis тұсында өкпенің сы ртқы бетінде висцералді 
өкпеқапқа жалғасады. Ол, алдында және артында қабырғалық өкпеқа пка, төменде 
көкеттік өкпекапқа ұласады. 
Көкеттік өкпекаn, pleura diaphragmatica, кө кеттің кеуде қуысына қараған бетінің 
бұлшықет терін және оның жалпақ сіңірінің орталық бөлі гінен басқа бөлігін жауып 
орналасқан. 


Өкпеқаптың қойнаулары.Өкпеқап синустары немесе қойнаулары, recessus pleuralis деп 
париеталді және висцерал ді өкпеқаптың аралығындағы қуыс.Екі өкпеқаптың төменгі 
бөлігінде, қабырға лық өкпеқап пен көкеттік өкпеқаптың түйіскен жерінде орналасқан кең 
қабырға-көкет қойнауы, recessus costodiaphragmaticus; 
Қабырға-көкірекаралық қойнау,recessus costomediastinalis, ол сол өкпенің алдыңғы жие 
гiнiң жүректік тілігінің, incisura cardiaca бойында орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет