Жалпы, аталық бездің құрылысына келер болсақ, сыртынан аталық без ақ қабық немесе
tunica albuginea, деп аталатын фиброзды ақшыл болып келетін қабықпен қапталады.Бұл
қабықтың астында аталық без паренхимасы,parenchyma testis орналасады. Ак қабықтың
артқы шетінің ішкі жағынан аталық без паренхимасына -mediastinum testis,яғни аталық
бездің орталығы енеді. Одан аталық без қалқашықтары, septula testis, тарайды,ол
паренхиманы аталық без үлесшелеріне, lobuli testis бөледі. Аталық бездің үлесшелері
конус секілді болып келеді. Аталық безде шамамен 250-ден 300-ге дейін үлесшелер
болады. Әр аталық без үлесшелерінің паренхимасының құрамында 2-3 ирелендеген
шәуеттің өзекшелері, lubuli seminiferi contorti болады,олардың сперматогенді эпителийі
бар болып келеді. Бұл шәует өзекшелері үлесшелері ұшы аймағында бір-бірімен қосылып,
тік шәует өзекшелерін, tubuli seminiferi recti түзеді. Бұлар аталық бездің торына, rete testis,
ашылады. Аталық без торынан аталық без қосалқысының түтігіне, ductus epididymidis,
ашылатын 12-15, ductuli efferentes testis немесе аталық бездің шығарушы өзекшелері
басталады.
Достарыңызбен бөлісу: