2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Аталық без құрылысы және қызметі



Pdf көрінісі
бет152/199
Дата10.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#136372
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   199
Байланысты:
2. Омырт а жотасыны жалпы рылысы, б ліктері, иілімдері

 
138.Аталық без құрылысы және қызметі. 
УНИК:94 процент
 
Аталық без ,яғни латыншасы testis ,ал грекше orchis не didymis-қос аталық жыныс безі 
болып табылады. 
Локализация:
шат аймағындағы- perineum арнайы жерде,яғни ұмада scrotum орналасқан. 
Қызметі:
аталық без ішкі және сыртқы секреция бездерінің екеуіне де жатады.Жыныс 
жасушалары сперматозоидтарды түзеді және қан мен лимфаға аталық жыныс 
гормондарын бөлу қызметін атқарады. 
ЕРЕКШЕЛІКТЕР:Сол аталық без оң аталық безден сәл төмендеу орналасады.Өзара ұма 
қалқасы sertum scroti арқылы бөлініп,бұлшықетті қабық арқылы tunica dartos 
қапталады.Беті тегіс, жылтыр болып келеді.Ұзындығы шамамен 4 см, ені – 3 см құраса, 
қалыңдығы - 2 смдей болады. Салмағы 20-30 г.Аталық без сәл қысыңқы, сопақша пішінді. 
Аталық бездің латералді facies lateralis және медиалді facies medialis беттері,алдыңғы 
margo anterior және артқы, margo posterior жиектерін ажыратады.Аталық бездің екі шетін 
ажыратады: жоғарғы шеті, extremitas superior және төменгі шеті extremitas inferior. 
Жоғарғы шетінде аталық без өсіндісі,яғни appendix testis бар,ол бізде парамезонефралді 
өзектің краниалді шетінің рудименті болып келеді. 


Жалпы, аталық бездің құрылысына келер болсақ, сыртынан аталық без ақ қабық немесе 
tunica albuginea, деп аталатын фиброзды ақшыл болып келетін қабықпен қапталады.Бұл 
қабықтың астында аталық без паренхимасы,parenchyma testis орналасады. Ак қабықтың 
артқы шетінің ішкі жағынан аталық без паренхимасына -mediastinum testis,яғни аталық 
бездің орталығы енеді. Одан аталық без қалқашықтары, septula testis, тарайды,ол 
паренхиманы аталық без үлесшелеріне, lobuli testis бөледі. Аталық бездің үлесшелері 
конус секілді болып келеді. Аталық безде шамамен 250-ден 300-ге дейін үлесшелер 
болады. Әр аталық без үлесшелерінің паренхимасының құрамында 2-3 ирелендеген 
шәуеттің өзекшелері, lubuli seminiferi contorti болады,олардың сперматогенді эпителийі 
бар болып келеді. Бұл шәует өзекшелері үлесшелері ұшы аймағында бір-бірімен қосылып, 
тік шәует өзекшелерін, tubuli seminiferi recti түзеді. Бұлар аталық бездің торына, rete testis, 
ашылады. Аталық без торынан аталық без қосалқысының түтігіне, ductus epididymidis, 
ашылатын 12-15, ductuli efferentes testis немесе аталық бездің шығарушы өзекшелері 
басталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет