2.Екі білікті буындар – буындар екі білік айналасында, көбінесе фрондалды және
сагиталды біліктер айналасында және бес қимыл – бүгілу, жазылу, әкелу, әкету және
айнала қимыл кезінде қимылдайды.Екі білікті буындарға:
- айдарщық тәрізді articulationes bicondylares
- эллипс тәрізді articulatio ellipsoidea
- ер тоқым тәрізді articulatio sellaris буындар жатады.
3. Көп білікті буындар – буындардағы қимыл үш біліктің немесе оданда көп біліктің
айналасында жүреді.
Көп білікті буындарға:
-шар тәрізді буын articulatio spheriodea
- тостағанша
буын articulatio cotylica
-жалпақ буын articulatio plana жатады.
Буындардағы қимыл-қозғалыс үш біліктің айналасында болады: фронталды білік
бойынша буындарда бүгілу және жазылу flexio, extensio; сагиталды
білік бойынша әкелу
және әкету adductio, abductio; вертикалды білік
бойынша айналдыру rotatio, ол ішке
айналдыру және сыртқа айналдыру pronation, supinatio қызметтерін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: