21
ғұрыптың бөлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып, туындайды. Ал қазақ халқының салт-
дәстүрі малмен, көшіп-қонумен байланысты туып-дамыған. Наурыз тойлары, көшіп келген
ағайынға ерулік немесе көшерде көршілерге көшерлік беру, бие байлау, қымыз жинау, малдың
төлдеуімен байланысты уызға, күздікте қарын майға, қыста соғымға шақыру, отқа май құю,
келіннің отқа салар әкелуі, т.б.ырым, жол-жоралар, тіпті қыздың қалың малын немесе ердің құнын
да мал санымен есептеу сияқты салт-дәстүрлердің халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен байланысты
туғанын дәлелдейді. Сөйтіп, салт-дәстүрлер, бір жағынан, халықтың тұрмыс-тіршілігінің айнасы
іспетті болса, екіншіден, сол арқылы ғасырлар бойы өз ұрпағын еңбекке, адамгершілікке, өнерге,
өмірге икемдеуде тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Халықтық ырымдарда шаман, ислам дінімен
байланысты наным-сенімдер көптеп кездеседі. Мысалы, малға топалаң, ауру-індет келгенде немесе
қуаңшылық, аптап ыстық болғанда, құдайға жалбыранып мал сойып, ақсарбас айту, тасаттық беру,
құдайдан жаңбыр тілеу немесе бала көрмеген ата-аналардың әулиелер басына түнеп, мал сойып,
ақтық байлауы, т.б. діни наным-сенімдермен байланысты туған ырымдар. Халыққа сөзбен әсер
етудің сан түрлі тәсілдері белгілі, сезім мен санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлері бар.
Халықтық тәрбие түрлері халықтың әлеуметтік өмірінің бүкіл өзге салаларымен, сенім-
нанымдарымен, дәстүрлерімен, салттары және әдет-ғұрыптарымен, шаруашылық кәсібі түрлерімен,
қоғамдық тәртіп қалыптарымен ажырамас бірлікте алға шығады. Халықтық педагогика ата-баба
мұрасына негізделген. Халықтың ықпалы неғұрлым басым болса, соғұрлым оның мәдениеті
жоғары болады. Педагогикалық мәдениет – бұл балалар тәрбиесімен тікелей байланысты рухани
және материалдық мәдениет саласы.
Достарыңызбен бөлісу: