Дәріс тезисі: Көпмәдениетті тұлға – бұл индивид, өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерді
игеруге бағытталады. Туған тілін, жалпы мәдениетін терең білу – бұл өзге мәдениеттерге
қызығушылық қатынастың негізі, көптеген ұлттық, көркем мәдениеттермен танысу рухани баюға
және дамуға негіз болады.
Көпмәдениетті тұлға қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда мынадай мақсаттар
қойылады:
1) жан-жақты, үйлесімді дамыған, ұлттық салт-дәстүрлер, қазақы құндылықтар мен әлемдік
мәдениеттің негізінде шығармашылықпен өзін-өзі дамытуға қабілетті және этномәдениеттілік пен
азаматтық позициясын анықтап, оны іске асыра алатын тұлғаны қалыптастыру;
2) мектеп пен жоғары оқу орны түлектерін қазіргі өркениет пен көпұлтты еліміздің өмір
жағдайына тиімді дайындау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік өсуі мен өмір
сапаларын арттыру;
3) еліміздің білімдік және кәсібилік деңгейі дәрежесін арттыру, жастарды ашық көпмәдениетті
және көптілді әлемде жауапкершілікті және зиялы етіп дайындау, белсенді ұйымдастырушы етіп
тәрбиелеу.
Сондықтан да көпмәдениетті тұлға:
*өмір сүру жағдайларына бейімделген әрі өзге адамдармен әріптестік қатынас орната білетін;
*жеке, өзіне ғана тән ойы бар және өзге мәдени қоғамдар туралы көзқарастарын талдай алатын;
*дербес, өз ойын үнемі білдіре алатын, тәуелсіз болуы тиіс.
Көптілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты, бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік
және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Бекіту сұрақтары: 1.«Көпмәдениетті тұлға» дегеніміз?
2. Көпмәдениеттілік және көптілділік айырмашылығы қандай?
3. Көптілді білім беру жағдайында көпмәдениетті тұлға қалыптастырудың қандай жолдары бар?
3. Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделінің жүзеге асуы қандай?
4. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы қоғамдық және ғылыми көзқарастар дамуы қандай?
5. Көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің ролі қандай?
6. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құрудың алғышарттары болып табылатын
себептер?
Әдебиет: 1. Мәдени мұра: Қазақтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары //Қошқар ата
конференциясының материалдары. – 2005. – 26-27 мамыр.
2. Кул-Мухаммед М. Основы национального бытия // Казахстанская правда. 20.08.2004г.
3. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.
4. Құдайбердиев Ш. Үш анық. Алматы, 1996.
5. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы.Алматы:Мектеп баспасы, 2017. - 396б.
6. Жүсіпбек Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. 3-т. А., «Ғылым, 1997. - 240 б.
7. Ахмет Байтұрсынұлы. Маса. Өлеңдер мен көсемсөздер. А., «Раритет», 2005. - 208 б.
8. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. «Арыс», 2004.
9. Момынова Б. Шәкарім поэзиясының тілі. «Арыс», 2008.
10. Жанпейісов Е. М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы, 1976.
11. Нуржанов Б.Г. О национальной идее. К постановке проблемы. //Журнал «Вестник», №31. -
2008.
12. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995.
13. Бахтиярова Г.Р. Халық тағылымы – тәрбие қайнары. – Алматы: Ғылым, 2002.