1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



Pdf көрінісі
бет25/49
Дата10.12.2023
өлшемі1,93 Mb.
#136377
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49
Сағат саны

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
1. ХІХ ғасыр әдебиетінің саяси-әлеуметтік, көркемдік негіздері. 
2.
Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Дулаттардың ақындық мектебінің басты идеялық 
нысанасы.
3.
Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармаларына өзек болған 
мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік өркениет жаңалықтары.
Дәріс тезисі 
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің 
тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы болғандығы. Бүгінгі таңда қазақ әдебиетінің ерекше 
тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру 
заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан саралануы. ХІХ ғасырдағы үлкен-үлкен құбылысты 
оқиғалар мен күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстардың қазақ әдебиетінен көрініс табуы. 
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің заңдылықтарын сол кезеңдердегі қазақ халқының тарихымен 
сабақтастықта қарау қажеттігі. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мен қазақ қоғамының тарихы 
арасындағы жанды байланыс.
Жаңа әдебиет пен дәстүрлі әдебиеттің өзара үндестігі мен көркемдік-эстетикалық 
бағыттарының аражігі. Тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы. Махамбет 
Өтемісұлы поэзиясындағы қаһармандық рух. Ғасырдың екінші жартысында пайда болып ұлттық 
әдебиетті әлемдік мәдени процесс биігіне көтерген Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Абай 


27 
Құнанбаев тұлғалары мен олардың әдебиеттегі мәртебелі реформаторлық қызметі. Отаршылдық 
қысымның сөз өнеріндегі көрінісі. Зар заман ақындары шығармашалығындағы басты идея мен 
әлеуметтік шындық. 
Бекіту сұрақтары 
1.
Ұлттың тарихы деген ұғымды қалай түсініп, бағалайсыздар? 
2.
Он тоғызынша ғасыр қазақ даласына қандай өзгерістер алып келді? 
3.
ХІХ ғасыр әдебиетін ақиқат тұрғысынан бағалауға кедергі келтірген қандай саяси оқиғалар 
еді? 
Әдебиет
1.
Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер. – Алматы, 1967 
2.
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. - Алматы. 1960
3.
Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. – Алматы, 2000 
4.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. –Алматы, 1967 
5.
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы, 1997 
6.
Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы, 1973 
7.
Қирабаев С. Әдебиеттегі ақтаңдақтар. Алматы, 1995 
 
Тақырыбы
:Хакім Абайдың адамгершілік мұраттары 
Сағат саны

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Абай поэзиясының жанрлық қырлары, өлең құрылысы, сөз өрнегі. 
2.
Абайдың қара сөздері. 
3.
Абайдағы дін, дүниетаным мәселелері. 
Дәріс тезисі 
Абай Құнанбаев – ұлы реформатор ақын, қазақ әдебиетінің классигі. Абай Құнанбаев қазақ 
әдебиетіндегі, жалпы қазақ руханиятындағы болмысы бөлек дара тұлға. Ол өз шығармашылығы 
арқылы өзіндік танымын, адамгершілік ілімін жасаған ойшыл, өлеңдері мен қарасөздерінде 
оқырманына «адам бол» деп қана қоймай, сол адам болудың, адамгершіліктің қалыбын, ілімін 
жасаған ойшыл ақын. Толық адам, жәуәнмәртлік, иманигүл танымдарын жарыққа шығарған Абай 
танымы. Қайырымдылық сөзін араб ұғымынан қазақшаласақ, жақсылық дегенді білдіреді. Арғы 
тегіміз түркілер қайырымдылықты жәуәнмәртлік деп атаған. Қайырымдылықтың ең үлкені, 
бастауы мен негізі – жомарттық, мырзалық. Адамгершілік ілімін еуропалықтар этика деп атаса
түркілердегі кісілік қалыбы жәуәнмәртлік делінген. Осы жәуәнмәртлік атауы Абайдың 38-сөзінде 
ұшырасады, ал ол ұғымды ғылыми айналымға енгізген – абайтанушы ғалым 
М.Мырзахметұлы.Абай мектебі, Абай дәстүрі мен дүниетанымы ХІХ ғасырдың соңынан бастап 
жаңа қазақәдебиетінің алтын арқауы. Абай шығармашалығы арқылы қазақ әдебиеті жанрлық, 
түрлік тұрғыдан, мазмұн мен халықтық мұрат жағынан жедел өсіп өркендеуі. Абайдың көркемдік
әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара 
сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық 
дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы 
саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта 
жазылмаған, әр алуан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет