24
Халық өмірінің барлық саласын қамтыған фольклорлық шығармалардың өмірлік,
философиялық мәні. Өмір заңдарына терең бойлаудан, салыстырудан, адамзат қауымының сан
қилы белестерінің шындығынан жасалған ауыз әдебиеті мұрасының танымдық белгілері.
Фольклордық жанрлардың қызметі мен қоғамдық мәні, халықтық сипаты. Жанрлық түрлері,
көркемдік ерекшеліктері, эстетикалық, тәрбиелік маңызы. Әдет-ғұрып, салт-сананың фольклорлық
жанрлар сюжетінен алатын орны. Отаншылдықты дәріптейтін мұра — эпостық жырлардың
жасампаз қаһармандары. Елін, жерін сырт жаулардан қорғаған батырлар туралы жыр-
дастандардағы халық мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған батырларға деген
халықтың сүйіспеншілігі. Қазақ халқының эпикалық мұрасы – ешқашан ескірмейтін, еліміз бастан
кешірген замандар ақиқатын өзгеше көркемдік тәсілмен жеткізген асыл қазына. Ол мұра бүгінгі
және келешек қауымға отаншылдықтың, ерліктің, намыстықтың аманат сөзін ұқтыратын асыл
жәдігер.
Бекіту сұрақтары:
1.
Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттейтін ғылым қалай аталады?
2.
Фольклордың утилитарлық (қолданбалы) қызметі дегенді қалай түсінесіздер?
3.
Халық әдебиетінің көп қырлы болмыс-бітімі мен синкреттілігі деген ұғымға анықтама
беріңіздер.
Әдебиет
1.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Фольклорлық кезеңі. 1-том., «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасының кітап сериялары. Алматы, 2017.
2.
Қазақ халық әдебиеті: екі томдық хрестоматия. І том. Өңд., толықт.екінші бас. Құрастырған
С.Садырбайұлы. Алматы: «Қазақ университеті», 2015. –275 б.
3.
Қазақ халық әдебиеті: екі томдық хрестоматия. ІІ том. Өңд., толықт.екінші бас. Ред. басқ.
Ғ.М.Мұтанов. Алматы: «Қаз.унив.», 2015. – 276 б.
4.
Қасқабасов С. Жаназық. Әр жылғы зерттеулер. Астана, 2002.
5.
Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. Алматы, 2014. – 288 б.
6.
Т.Тебегенов. Халық аңыздары шығармаларындағы әдебиет пен фольклор дәстүрі. – Алматы,
2001. – 332б.
Тақырыбы
:Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жазбаларындағы ел бірлігі
Сағат саны
1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі эпикалық дәстүр.
2.
Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі.
Достарыңызбен бөлісу: