46
Мұғалімнің ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін
кешіреді. Керісінше мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез көрсетсе,
оқушылардың көңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады.
Педагогикалық әдеп талаптары:
1) Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу: оқушыны ұдайы қолдау,
сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту.
2) Ықпал жасау шамасын білу: Қалай және қай шамада кінәлайды? Қай
шамада мақтайды? Қай сөзді қашан және қалай айтады?
3) Ұтымды шешім қабылдау: Ақыл – ең жақсы шешім, ашу – нашар
кеңесші.
4) Ешқашан да оқушынының көңілін қалдырмау: көңіл қалдыру мұғалім
мен оқушы арасындағы психологиялық кедергіге жол ашады.
5) Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мұғалімнің өзін-өзі ұстай алуы.
6) Білімді әділ, обьективті бағалау.
7) Ұдайы көтеріңкі көңіл-күйде жүру. (Егер көңіл-күйіңіз нашар болса,
оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай
болғанда да тек қана жайдарлы, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс).
8) Әзіл, тапқыр сөздерді орынды қолдана алуы (20-сурет).
Сурет-20. Педагогикалық әдеп талаптары
Достарыңызбен бөлісу: