51
Педагогикалық шеберлік
– болашақ мұғалім тұлғасының жеке дара,
психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттерінің өзін-өзі іс жүзінде
көрсетуінің деңгейі. Шығармашылық шеберлік ізденіс процесі арқылы жүзеге
асырылады. Ал, кәсіби шеберлік – мамандығы және өзін-өзі ұйымдастыру
шеберлігін қалыптастыратын тұлға қасиеттерінің жиынтығы.
Педагогикалық шеберлікті көптеген ғалымдар ғылыми заңдылықтар мен
озат педагогикалық іс-тәжірибенің, жалпы кәсіби мәдениеттің, тұлғаның жеке
және шығармашылық қабілеттерінің даму және жетілу нәтижелерінің бірлігі
ретінде қарастырады (5-кесте).
Педагогикалық шеберліктің ерекшеліктері: бағдарлық қабілеттілігі,
педагогтік әдептілік, айқын сөйлеу, педагогтік техника, педагогтік тәуекелділік
және т.б. сапалар болып табылады.
Кесте 5 - Педагогикалық шеберлік ұғымының мәні
№
Ғалымның
аты-жөні
Анықтама
1
Н.Ф.Маслова
Педагогикалық шеберлік
– мұғалімнің жалпы және
кәсіби мәдениетінің дамуы және оқу-тәрбие жұмысын
ұйымдастыруда қолы жеткен жетістіктерінің жоғары
сапасы
2
А.К.Маркова
Достарыңызбен бөлісу: