24
қазіргі заманғы әдістердің көмегімен зерттейтін және емдеудің нәтижесін,
олардың сапасын жинақтап бағалайтын зерттеу.
Ол ерекше клиникалық зерттеулердің қорытындылары жинақталатын
ғылыми зерттеу. Жүйелі шолу - зерттеулердің жаңа нәтижелерін алған
сайын тұрақты түрде жаңартылып отырылады. Жүйелі шолу істелетін іс
- шараның пайдасын немесе залалын және оны қолдануға болатынын
немесе болмайтындығын анықтайтын мәліметтерді жинақтайды. Жүйелі
шолудың нәтижесінде кері әсер анықталуына байланысты кейбір іс-
шараларды қолдануға болмайды.
Артықшылықтары:
нақты дәлелденген қорытынды алынады;
біріккен зерттеулердің статистикалық қуатын күшейту арқылы ғылыми
дәлелдемелердің сенімділігін жоғарылатады:
әртүрлі нәтиже беретін біртекті зерттеуге қорытынды баға береді;
соңғы тұтынушы - дәрігерге арналған ақпараттың көлемін азайтуға
мүмкіндік береді;
ең жақсы жалпы баға алу үшін дәлелдерді топтастырады.
Достарыңызбен бөлісу: