5
Дәлелді медицинаны заманауи түрдегі медициналық практиканың
контекстінде ғана емес, қазіргі заманғы дәрігердің өмірге деген көзқарасы
қалыптасуының және дәрігердің күнделікті жұмысында кездесетін
медициналық проблемаларды шешудің әдістемелік негізін құрайтындығында
қарастыру керек. Мұндай жағдайда мамандарды дайындау стратегиясын
анықтау үшін медициналық университеттердің рөлі белгілі дәрежеде
жоғарылайды. Денсаулық сақтау жүйесіне дәлелді медицина негіздерін
енгізуді студенттерді дипломға дейінгі оқыту кезінде және дәрігерлердің
біліктілігін жоғарылату барысында жүргізген тиімді. Дәлелді медицинаны
оқып, оның негіздерін күнделікті жұмысында қолдану үшін дәрігерге үздіксіз
түрде білім алу және жүйелі түрде көзқарас қажет болады. Медицинаға тән
жалпы сұрақтарды шешу - жұмыстың методологиясын оқуға бағытталуы
керек. Дәлелді медицинадағы білім –белгілі бір жағдайларға негізделген,
дәлелденген шешімдерді қабылдау қабілетінің болуы. Алдағы уақытта
клиникалық ғылыми зерттеулер мен медициналық білім қабылданатын
шешімдердің дәлелділігі жөнінде бір жүйеге шоғырлануы керек. «Дәлелді
медицинадағы сұрақтар мен оның жауаптары»- деген осы оқу-әдістемелік
оқулық медициналық жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен
студенттеріне дәлелді медицина негіздері жөнінде білімдерін жетілдіруге
көмегі болады деген ойдамыз.
Достарыңызбен бөлісу: