Қр денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Байланысты:
Далелді мед

 

Жүйелі қате
 
немесе ауытқу (bias) – қорытындының шынайы мағынасынан 
жүйелі (кездейсоқ емес, тұрақты) түрде ауытқуы. Айталық А дәрісі Б 
дәрісінен жақсы әсер етеді десек, ал осы ұғым қате болса, сол қатенің 
жүйелі түрде ауытқуына қандай қорытындылар әсер етуі мүмкін? А дәрісі 
аурудың жеңіл түрлеріне тағайындалуы немесе А дәрісінің дәмі Б 
дәрісінен тәттілеу болуы, әйтпесе, А дәрісі жаңадан шыққан болса
науқастар мен дәрігер оны жақсы әсерлі деп ойлаулары мүмкін. Міне, 
жүйелі қателердің пайда болу мүмкіндігі анықталды. Жүйелі қателердің 
барлық зерттеулерде болуы шарт емес, сондықтан оның бар-жоқтығын 
анықтап және олардың зерттеудің нәтижесіне қалай әсер ететінін білу 
керек. Клиникалық бақылаудағы жүйелі қателер:
 
1) Іріктеуге байланысты жүйелі қате. Мысалы: салыстырып 
отырған топтағы науқастардың негізгі белгісі бірдей емес.
2) Өлшеуге байланысты жүйелі қате. Мысалы: салыстырмалы 
топтардағы науқастардың көрсеткіштері әртүрлі өлшемдер 
арқылы анықталған.
3) Әсер ететін факторларға байланысты жүйелі қате.Мысалы: әсер 
ететін бір фактор, екінші фактордың әсерін өзгертіп жіберуі 
арқылы туындайды.
 
Зерттеушілер жүйелі қатемен күресу және оның әсерін болдырмау үшін қатені 
қайдан және қалай іздеуді білуге тиісті.
 

Кездейсоқ қате. Популяцияны іріктеу кезінде шынайы маңызды бірлі-
жарым кездейсоқ қорытындының ауытқуын кездейсоқ вариация дейді, ол 
клиникалық бақылаудың кез келген сатысында кездеседі. Теориялық 


13 
тұрғыдан алғанда, кездейсоқ қатені жөндеуге болады. Ол үшін 
клиникалық бақылауды дұрыстап жүргізу керек. Кездейсоқ қатені 
болдыртпау кейде мүмкін болмайды, бірақ дұрыс жоспарлау мен 
зерттеулер арқылы оның әсерін төмендетуге болады. Сонымен, 
клиникалық эпидемиологияның негізгі мақсаты - барлық медициналық 
деректердің жиынтығын, жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге ең соңғы 
жаңалықтарға (дәлелді медицинаға) сүйене отырып, жеткізу арқылы 
көмектесу. 

Зерттеудің нақтылығы мен дұрыстығын анықтаудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет