Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет51/123
Дата11.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#137267
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   123
Байланысты:
Академ письмо

сипаттамалы
және 
ақпараттық
деген екі негізгі стилі 
бар. Сізге басшылыққа алатын нақты стильді көрсеткен болар, егер де 
олай болмаса, сізге дұрыс бағытты өзіңізге табуға тура келеді. Әдетте, 
ақпараттық абстрактілер келемді зерттеулер үшін, ал сипаттамалы 
абстрактілер қысқа мақалалар үшін қолданылады.
Сипаттамалы абстрактілер сіздің жұмысыңыздың мақсаты мен 
міндеттерін, қолданылған әдіс-тәсілдерін түсіндіреді, бірақ нәтижесі бар 
бөлігін қамтымайды. Ол, әдетте, барлығы 100-200 сөзден тұрады.
Ақпараттықабстрактілерсіздіңзерттеулеріңізді нәтижелерімен бірге 
шолуға арналған мақалаңыздың ықшамдалған нұсқасынан тұрады. Олар 
сипаттамалы абстрактіден анағұрлым көлемдірек және бір параграфтан 
толық бір бетке дейін көлемнен тұруы мүмкін.
Екі стильде де мазмұндалған негізгі ақпарат бірдей, басты ерекшелігі 
нәтижелер тек ақпараттық абстрактіге енгізілген, ал ол сипаттамалы 
абстрактіден анағұрлым көлемдірек.
4.4 А бстракт жазу
1) Сіз а лд ы ңы зға қойы лған міндетті аны қтаңы з.
Мысалы, мектептердегі тоя тамақ жемеу мен теменгі 
бағалар арасындағы байланыстар туралы жазасыз. Бұдан 
шығатын қорытынды не? Неге бұл маңызды? Оқырман сіздің 
зерттеуіңіз неге маңызды және оның міндеті не екенін білуі 
керек. Өзіңіздің сипаттамалы абстрактіңізді төменде берілген бір немесе 
барлық сұрақтарға жауап беруден бастаңыз:
75



Сіз неге бұл зерттеуді жүргізуді шештіңіз?

Оны неге маңызды деп санауға болады?

Неге барлық мақаланы оқу керек?
2) Қаралы п оты рған проблеманы түсіндірЁңіз. Енді оқырман сіздің 
мақаланы неге жазғаныңызды немесе сіз бұл тақырыпты неге маңызды 
деп санайтындығыңызды біледі, сонымен қатар оған сіз қарастырған 
басты мәселені білу де қажет. Кейде мәселені өзектілікпен біріктіруге 
болады, бірақ анықтық үшін бұл екеуін бөлген жөн.
Қандай мәселені сіз езіңіздің зерттеуіңізде жақсырақ шешуге 
немесе түсіндіруге тырысасыз?
Сіз зерттеудің қай саласын таі-щайсыз - бұл жалпы мәселе ме 
немесе анағұрлым нақтырақ нәрсе ме?
Сіздің басты дәлеліңіз немесе пайьімдауыңыз қандай?
Ө зің ізд ің әдістеріңізді түсін д ір ің із. Өзектілік бар. Мәселе бар. 
Әдістер ше? Енді біз сіздің зерттеуіңізді қалай орындағаныңызға шолу 
жасайтын бөлікке келеміз. Егер сіз ез жұмысыңызға аңдатпа жазып 
жатсаңыз, оның сипаттамасын қосыңыз. Егер сіз басқа біреудіңжұмысын 
қысқаша мазмұндап жатсаңыз, оны қысқаша түсіндіруге болады.
Өзіңіздің шешімдеріңізді бекіту үшін пайдаланылған дәлелдемелік 
базаны сипаттаңыз.
Өзіңіздің барынша маңызды дереккөздеріңізді қысқаша белгілеңіз.
3) А л ы н ға н нәтижелерді сипаттаңы з (тек ақпаратты қ абстракт 
үш ін). Міне, осы жерде сіз өзіңіздің абстрактіні сипаттамалы немесе 
ақпараттық деп анықтай бастайсыз. Ақпараттық абстрактіде сізге өз 
зерттеуіңіздің нәтижелерін келтіру қажет. Сіз қандай нәтижеге қол 
жеткіздіңіз?
Сіз өз зерттеуіңізде қандай сұраққа жауап алдыңыз?
Сіздің дәлеліңіз немесе болжамыңыз расталды ма?
Сіздің жалпы қорытындыларыңыз қандай?
4) Қ о р ы ты н д ы ж асаңы з. Сонымен сіз өзіңіздің баяндауыңызды 
бітіріп, абстрактіні аяқтайсыз. Өзіңіздің қорытындыларыңыздың мәніне 
және барлық мақаланың маңыздылығына тоқталыңыз. Қорытындының 
мұндай форматтарын сипаттамалы абстракт үшін де, ақпараттық 
абстракт үшін де пайдалануға болады, бірақ сіз тек ақпараттүрінде мына 
мәселелерді қозғай кетуіңіз керек.
Сіздің жұмысыңыздан қандай қорытындығы келуге болады?
Алынған нәтижелер жалпы сипатқа ие ме немесе олар нақты ма?
А бстракт ж азам ы з
Бұл ғылыми жанр соңғы уақытта ерекше белгілі бола бастады. Оны 
аңдатпамен шатастыратындар да бар. Бұл екеуі бір нәрсе емес, сонымен 
абстракт жазуды үйренеміз.
А бстракт - бұл оқырманға бірқатар материалды қарауға және 
ақпараттың өзіне қажетті зерттеу міндеттерін таңцауға мүмкіндік беретін
76


қысқаша мазмұндама. Осы ретте абстрактжарияланыммен қоса жүретін 
болғандықтан, оқырманға ұсынылған жазбаша жұмыстың бір бөлігін 
ғана қамтыса да, мағыналық жағынан дербес болуы керек. Сондай- 
ақ жазбаша тапсырманың бір бөлігі ретінде абстракт жазуға болады. 
Абстракт жазбаша тапсырманың бірінші бөлігінде болса да, ол жұмысты 
аяқтағаннан кейін жазылады.
Абстракт жазудың бірнеше жалпы ережесі бар:
- абстрактіні титулдық беттен кейін жеке бетке жазыңыз;
- парақтың ортасына үлкен әріптермен АБСТРАКТ деп жазыңыз;
- негізгі жазбаша жұмыстың көлеміне байланысты 150-200 сөз 
абстракт жазыңыз;
- ғылыми стильді ұстаныңыз, жұмыстың негізгі мазмұны мен мәніне 
қатысты қысқа сөйлемдерді, тірек сөздер мен фразаларды пайдаланыңыз.
А бстракт жазуға 6 қадам
1. Зерттеліп отырған ғылыми мәселені көрсетіңіз, ол мәселенің неге 
өзекті екендігін айтыңыз.
2. Жұмысты құраушы негізгі компоненттер мен олардың сипаттамасын 
көрсетіңіз. Бұл ғылым саласына байланысты зерттеу материалы, 
экспериментке қатысушылар болуы мүмкін.
3. Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
4. Атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасаңыз.
5. Жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдерді көрсетіңіз.
6. Негізгі қол жеткізілген нәтижені, зерттеу нәтижелері нені 
растайтындығын керсетіңіз.
Тексеруді ұм ы тпа ң ы з. Абстракт - бұл жазба жұмысының бір түрі, 
сондықтан тапсырудың алдында тексеруді қажет етеді. Дұрыс жазу мен 
қатенің жоқ екеніне кез жеткізіңіз, форматтың дұрыстығын тексеріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет