Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет49/123
Дата11.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#137267
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   123
Байланысты:
Академ письмо

2-кесте

Тест та псы р уш ы л а р тобы
Саны
1
Мемлекеттік қызметтің «А» корпусының ваканттық 
лауазымына үміткерлер
197
2
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды 
реттеу жөніндегі агенттігінің қызметшілері
70
3
Мемлекеттік қызметтің «А» корпусы қызметшілері
1364
4
¥лттық қауіпсіздік комитет қызметшілері
11
5
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа 
технологиялар министрлігінің қызметшілері
303
6
Қазақстан Республикасы Статистика женіндегі 
агенттігінің қызметшілері
26
7
Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық 
басқармасының қызметшілері
23
8
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комитетінің 
қызметшілері
34
9
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 
Қазынашылық комитетінің қызметшілері
49
10
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік 
жоспарлау министрлігінің қызметшілері
55
11
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 
қызметшілері
54
12
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
қызметшілері
153
13
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 
қызметшілері
160
14
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау жөніндегі 
агенттігінің қызметшілері
47
Барлығы
2546
[7]-
2014 жылдан бастап бұл тест «Қазмұнайгаз», «Қазақстан теміржолы» 
сияқты ұлттық және мемлекеттік компаниялардағы қызметкерлер 
аттестациядан өткенде міндетті болды. Осы жылы ҚАЗТЕСТ жүйесі мен 
Назарбаев университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға 
қол қойылып, оқу орнының -курс студенттерінің қазақ тілін игеру деңгейін 
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағалау жайында шешім қабылданды.
Мәліметтерден көрініп тұрғанындай, ҚАЗТЕСТ жүйесі жылдан- 
жылға күш алып келеді. Жүйе қоғамдағы барлық салада жұмыс 
жасайтын тұлғаларды қамти бастады. Құрылғаннан кейінгі алғашқы
68


жылдарында мектеп оқушылар мен студенттер арасында жүргізілген 
ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын кейін түрлі мемлекеттік қызметшілер, әуе 
компанияларының бортсеріктері, орта және жоғары оқу орындарының 
мүғалімдері мен профессорлық-оқытушылық қүрамнан бастап Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
Іс 
басқармасының, 
Парламентінің, 
Премьер-Министр Кеңсесінің, Жоғарғы Сотының, Орталық сайлау 
комиссиясының, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің түрлі деңгейдегі 
басшылары, облыстық деңгейдегі қалалардыңәкімдері, елімізідегі барлық 
облыстардағы аудандар әкімдері, қалалардың әкімдері тапсыра бастады.
Қазақстан Республикасы - 130-дан астам үлт өкілдері өз отаны 
санайтын көпұлтты мемлекет. Әлемдегі басқа да көпұлтты мемлекеттер 
сияқты Қазақстан Республикасында да тілдік саясат осы ұлттардың тілі мен 
мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеу бағытында жүргізіледі. «Қазақстан 
Республикасындағы тілдер туралы» Заңға сәйкес қазақ тілі мемлекеттік 
тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде бекітілген. Мемлекеттік 
ұйымдарда, жергілікті басқару органдарында орыстілі мемлекеттіктілмен 
қатар қолданылады [9].
Қазақ жерлерінің XVIII ғасырда Ресей империясына қосылғанынан 
бастап Кеңестер Одағының құрамындағы 80 жыл ішінде елдегі адам 
өмірінің барлық қатынасында, қоғамдағы барлық коммуникативтік салада 
орыс тілі басты тіл болған тілдік жағдай қалыптасты. Қазақ тілі қызмет 
ететін коммуникативтік салалар халық ағарту (балабақша, мектеп т.б.), 
ғылым (қоғамдық ғылымдар), көркем мәдениет (керкем әдебиет, сахна 
өнері т.б.), бұқаралық қатынас (радио, телевизия, кино т.б.), дін, тұрмыс пен 
жанұя салаларымен шектеліп, қоғамдық-саяси өмір (мемлекеттік өкіметтің 
басқару жүйесі, сыртқы, ішкі саясат, экономика т.б.), ауылшаруашылығы 
мен өнеркәсіп өндірісі, құрылыс, көлік (транспорт), байланыс, тұтыну мен 
қызмет көрсету, ақпарат (жарнама, хабарландыру т.б.) салаларда орыс 
тілі жетекші тіл болды.
Патшалық Ресей үкіметінің жаулап алған ұлттық территориялардағы 
ұлттық саясаты жергілікті халықтың бостандығы мен еркіндігін, мәдениетін 
басу бағытында болды. Орыс мемлекеті үшін Қазақстан өзге тілді 
аудан ретінде отаршылдық саясат жүргізетін аумақ болды, ал қазақтар 
«азаматтық деңгейі төмен», «өз тілі жоқ» халық ретінде орыстандыру 
саясатына ұшырады. Патша үкіметінің жаулап алған жерлердегі тілдік 
саясаты тілді таңдауға ешқандай мүмкіндік берген жоқ.
Кеңес Одағы кезінде де одақ құрамындағы басқа да республикалар 
сияқты Қазақстан да орталықтандырылған әлеуметтік-экономикалық 
құрылымныңэлементі ретінде Ресейдің ықпалында болды. Қазақтілі білім 
беру ісінде, көркем әдебиетте, театр өнерінде, ішінара бұқаралық ақпарат 
құралдарында қолданылғанымен, мемлекет басқаруда, экономикада, 
саясатта мүлдем дерлік қолданылмайтын тілге айналды. Шамамен 1917-
1990 жылдарды қамтитын ұзақ уақыт аралығында ана тілін білмейтін, 
түсінгенмен, сөйлей алмайтын адамдардың екі ұрпағы өсіп, қалыптасты. 
Халқының саны аз Қазақстан үшін бұл қатерлі жағдай болды.
69


1991 
жылы өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған Қазақстан 
Республикасының алғашқы қабылдаған заңдарының бірі - «Қазақстан 
Республикасындағы тілдер туралы» Заңы [9]. Заңда қазақ тілінің 
мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі анықталды. Мемлекеттік тілдің 
қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар мемлекеттік тұрғыдан 
жүргізіле бастады. Тәуелсіздік алғаннан бері әрбір он жыл сайын Тілдерді 
дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, оның 
орындалуы Үкімет тарапынан бақылауда ұсталады. Республикадағы 
тілдік жағдай езгерді. Қазақ тілі қызмет ететін қоғамдағы коммуникативтік 
салалардыңсаны көбейді. Бүгінгі күні қалыптасып отырғантілдікжағдайды 
былайша сипаттауға болады: Кеңестік Одақ кезінде білім алған ана тілін 
шала білетін немесе қазақ тілін мүлде білмейтін қазақтар және өзге 
ұлт өкілдері орыс тілін қолданады, ал тәуелсіздік кезеңінде білім алған, 
саналы өмір жолын бастаған қазақтар мен өзге ұлт өкілдері екі тілді де 
пайдаланады.
Елдегі тілдік жағдайдың бұлайша өзгергені мемлекет басшылығының 
Қазақстанда тұратын өзге ұлттардың тілі мен мәдениетін сақтап қалуына 
барынша жағдай жасай отырып, қазақ тілінің Қазақстанның көпұлтты 
халқын біріктіруші тіл ретіндегі рөлін барынша көтеруге бағытталған тілдік 
саясатының арқасында болып отыр.
Бүгінгі күні республикада Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011- 
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жұмыс жасап 
жатыр [6]. Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан 
Республикасындағы тілдер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, 
Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасына, ¥лт бірлігі 
доктринасына сәйкес әзірленген бағдарламаның “Мемлекеттік тіл - ұлттық 
бірліктің басты факторы” атты негізгі мақсатын іске асыру аясындағы 
міндеттердің қатарында мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау және 
бақылаужүйесіненгізу керсетілген. Қазақтілінбілудәрежесінбағалаутілдік 
саясат қағидаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бағалау қазақ 
тілінің мемлекеттік тіл ретінде дамуына және оның бәсекелестік қабілетін 
көтеруге кемектеседі. Осы орайда ҚАЗТЕСТ республика азаматтарының 
мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың тетігі ретінде анықталды.
ҚАЗТЕСТ жүйесін құрудың алдында тілдік білімді бағалаудың 
халықаралық үлгілері зерттелді деген болатынбыз. Олардың ішінде 
ағылшын тілінің американдық үлгісін бағалауға арналған ТОЕҒІ_ (Тезі о^ 
Епдіізһ аз а Ғогеідп Іапдиаде), британдық үлгісін меңгеруді бағалауға 
арналған ІЕІ-ТЗ (Іпіегпаііопаі Епдіізһ Ьапдиаде Тезіз Зузіет), француз тілін 
меңгерудің РАІҒЮ ЕІҒ (йіріоте АрргоТопсІі сіе Ьапдие ҒгапдаізеЮірІоте 
сГЕІисІез еп Ьапдие Ғгапдаізе) жүйелері, неміс тілінің меңгеру деңгейін 
бағалаудың ОЗН (Реиізсһе Зргасһргй^ипд Шг сіеп Носһзсһиігидапд) 
жүйесі, орыс тілін меңгеру дәрежесін анықтайтын ТОРҒІ (Тезі оҒ Киезіап 
аз а Ғогеідп Іапдиаде) жүйелері талданды [7].
Аталған жүйелерді АҚШ, ¥лыбритания, Франция, Германия, Ресей 
сияқты ірі мемлекеттер мемлекеттік тілін сақтап қалу, оның қолданыс
70


аясын ұлғайту, тілді білуді міндеттеу сияқты мемлекеттік тіл саясатын 
жүргізудің құралы ретінде қолданып жатқаны сөзсіз. Бұл елдерде жұмыс 
жасау үшін, білім алу үшін мемлекеттіктілді білу міндетті болып саналады. 
Тілдік білімді бағалаудың шетелдік жүйелерін, тіпті олардың қандай да 
бір деңгейін меңгеру қандай да бір әрекеттің бір түрімен ғана айналысуға 
мүмкіндікбереді. Мысалы, Кембридж емтихандарының (ІЮІ_Е5) КЕТ (Кеу 
Епдіізһ Тезі) тестісін жақсы тапсырған адам қонақүй немесе мейрамхана 
бизнесі саласында қызмет етуге, РЕТ (Ргеіітіпагу Епдіізһ Тезі) тестілері 
Затзипд сияқты белгілі компанияларда жұмыс істеуге, ҒСЕ (Ғігзі 
СегІіЛсаіеіп Епдіізһ) тестісі ҮикозЗегл/ісез немесе ВМ
У\І
сияқты ірі шетелдік 
фирмаларда, ал САЕ (СегШсаІіе оі АскапсесІ Епдіізһ) тестісінен өту кез 
келген университеттің қызметкері болып еңбек етуге мүмкіндік береді. 
АҚШ, Канада, Австралия елдеріне барып белгілі бір оқу орнында оқу үшін 
міндетті түрде ТОЕҒІ_ нәтижесі талап етіледі, Үлыбританияда білім алу 
үшін ІЕИЗ сертификаты керек.
Олай болса, тілдікбілімді бағалау жүйелері тілдіктұлға қалыптастыруға 
септігін тигізеді және, тәжірибе керсеткендей, тілді меңгертудің тетігі. 
Жоғарыда айтылған елдерде қандай да бір қызмет түрімен айналысу, 
білім алу үшін адам мемлекеттік тілді қаншалықты білетіндігін дәлелдеуі 
керек. Тілдікбілімді бағалаудыңхалықаралық дәрежеге көтерілген аталған 
тестілеу жүйелері осы мемлекеттердің жүргізіп отырған тіл саясатының 
бір тетігіне айналып отыр.
Тілдік білімді бағалаудың қазақстандық ҚАЗТЕСТ жүйесі әлі мұндай 
халықаралық дәрежеге жеткен жоқ, әзірге республика азаматтарының 
қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау құралы ғана болып отыр. Болашақта 
бұл жүйе бойынша тестілеуден өту саяси, экономикалық, мәдени жақтан 
жедел дамып келе жатқан Қазақстан Республикасында жұмыс жасағысы 
келетін, өмір сүргісі келетін шетел азаматтары үшін де міндетті болады 
деген сенімдеміз.
ҚАЗТЕСТ 
жүйесінің 
тапсырмалары 
қазақ 
тілін 
меңгерудің 
коммуникативтік құзыреттеріне қойылатын талаптарды анықтайтын 
Қазақстан Республикасыныңмемлекеттікстандарттарыменбекітілген [10]. 
Коммуникативтікқұзыретлингвистикалық, сөйлеу, әлеуметтік, дискурстық, 
стратегиялық және әлеуметтік-мәдени құзырет сияқты компоненттерден 
тұрады.
ҚАЗТЕСТ жүйесінің тілді білу деңгейін бағалайтын белгілі жүйелерден 
басты ерекшелігі - тест тапсырушы тұлғаның әлеуметтік-мәдени 
құзыретін айқындау. Тест тапсырушы қазақ тілін тек қатысым құралы 
ретінде ғана емес, сол тілді қолданушы қазақ ұлтының мәдениетін, салт- 
дәстүрін, ұлттық дүниетанымын түсіну, білу тұрғысынан да игергенін 
көрсете алуы тиіс. Біз мұндай талапты тілді білу дәрежесін бағалаудың 
Кембридж емтихандары базасы бойынша жіктелетін деңгейлердің ішінде 
САЕ (СегііИсаіе о! Асһ/апсесі ЕпдІізһ) емтиханының тапсырмаларынан 
кездестірдік. Осыған ұқсас талап, атап айтқанда, жекелеген мемлекет 
бойынша елтанымдық білім мен мерзімді баспасөзбен таныс болуды
71


міндеттейтін талап Оксфорд университетінің емтиханында (Тһе Охіогсі 
\Л/гі1:іеп Ехатіпаііопіп Епдіізһаз а Ғогеідп Іапдиаде) бар.
ҚАЗТЕСТ жүйесінде тілдік білімді бағалаудың деңгейлік жүйесі 
негізге алынған. Бұл деңгейлер тілді білудің еуропалық стандарттарына 
сәйкес келеді, атап айтқанда: А1 деңгейі (Вгеакіһгоидһ) - қарапайым 
деңгей, А2 деңгейі (АА/аузіаде) - базалық деңгей, В1 деңгейі (Тһгезһоісі)
- орта деңгей, В2 деңгейі (Уапіаде) - ортадан жоғары деңгей, С1 деңгейі 
(ЕІТесіме ОрегаііопаІргоЛсіепсу) - жоғары деңгей, С2 деңгейі (Мазіегу) -
жетік деңгей.
Тестілеу екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңце тест тапсырушының 
қазақ тілін меңгеруінің жалпы деңгейі анықталады. Оған қарапайым 
немесе базалық деңгей тапсырмалары беріледі. Екінші кезең - қазақ 
тілін меңгеру деңгейін бағалау кезеңі Тест тапсырушыға орта деңгейдің 
тыңдалым белігі бойынша 30, лексика-грамматикалық блок бойынша 70, 
оқылым бөлімі бойынша 50 тапсырма тапсырма ұсынылады. Тестіленуші 
150 минут ішінде тілді білу деңгейінің пайыздық көрсеткіші анықталатын 
150 тапсырманы орындауы керек. Тест тапсырмалары мүмкін болатын 
жауаптардан бір дұрыс жауапты таңцау нысанында ұсынылады. Осы үш 
бөліктегі тест тапсырмаларын сәтті орындаған адам жазылым бөлігін 
тапсыруға жіберіледі. Орта деңгейдің 150 тапсырмасы бойынша (бір 
тапсырма - 1 балл) 110 балл жинаған адам қазақ тілін орта деңгейде 
меңгерген деп есептеледі. Бұл баға тест тапсырушы қазақ тілін білу 
дәрежесіне қойылатын талапқа сай деп саналып, ҚАЗТЕСТ жүйесінен етті 
деген сертификат беріледі.
Жүйенің жоғарыда аталған бөліктері бойынша жүйеге ауқымды тест 
тапсырмалар қоры жинақталған. Деңгейлік шкала бойынша белгілі бір 
көрсеткішке жеткен және өз көрсеткішін кетергісі келетін тестіленушілерде 
даярлық курсында оқуға және ниеттенген деңгейге жетуіне мүмкіндігі 
бар, өйткені ҚАЗТЕСТ сатылы бірізділікке бағынады. Тестіленушінің 
тілдік деңгейі орындалған тестінің жалпы сандық көрсеткіш нәтижесімен 
анықталады. Тапсырмалар түрі қарапайымнан күрделіге қарай принципі 
бойынша орналасқан.
Осы жерде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тілді меңгеру деңгейін 
бағалаудыңкемшінтұсынайта кету керек. Мысалы,дамығанбағалаужүйесі 
саналатын ТОЕҒІ. бағдарламасының тыңдалым және грамматикалық 
бөліктері тестілерінің күрделілігі сіздің тапсырманы қалай орындап 
жатқаныңызға байланысты өзгеріп отырады. Бұл, бір жағынан, қиын 
тапсырмаларды шешуге кідіріп қалмай, тест тапсыруға берілген уақытты 
тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Оның есесіне, бағалау кезінде балл 
көрсеткіші бойынша оңай тапсырмалар «арзанға», қиын тапсырмалар 
жоғары баллға, «қымбатқа» бағаланады. Ал ҚАЗТЕСТ жүйесінде бір 
тапсырма бір баллға бағаланады. Мысалы, емтихан барысында белгілі 
бір тапсырмаға тест тапсырушылардың барлығы бірдей дұрыс жауап беруі 
немесе бәрі бірдей дұрыс жауап бермеуі мүмкін. Мұндай тапсырмалар 
сынаққа қатысушының тілді белгілі деңгейде білуін анықтай алмайды.
72


Емтихан 
нәтижелерін 
математикалық-статистикалық сараптамалар 
бойынша әрбір тест тапсырмасының қасиеттерін анықтау арқылы нығайта 
түсуге болады. Осындай іріктеу арқылы әрбір тест нұсқасында әрбір тест 
тапсырмасының орналасу ретін де анықтауға болады [12].
Қорытыиды
1
.
ҚАЗТЕСТ жүйесі - Қазақстан Республикасы басшылығының 
республикада тұратын езге ұлттар тіліне қамқорлық көрсете отырып, 
Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретіндегі қазақ тілінің мәртебесін 
кетеру бағытында жүргізіп отырған тіл саясатының бір керінісі.
2. Мемлекеттік қызметшілердің «А» корпусына өтуге үміткерлердің, 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
«Болашақ» 
халықаралық 
бағдарламасынан үміткерлердің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тілдік 
білімдерін дәлелдеу талабының қойылуы қазақ тілінің мемлекет басқару 
тілі, халықаралық қатынастар тілі, мемлекетаралық ісқағаздар тілі 
дәрежесіне кетерілуіне үлкен септігін тигізеді.
3. ҚАЗТЕСТ жүйесінің енгізілуі кепұлтты Қазақстан халқының 
мемлекеттік тілді құрметтеуге, қазақ тілін оқып-үйренуге ұмтылысын 
арттырып, республикадағы тілдік жағдайдың жағымды жаққа өзгеруіне 
ықпал жасады.
4. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді жеткілікті дәрежеде 
меңгергені туралы сертификаты бар қазақ тілін екінші тіл ретінде 
қолданушы адам тілді лингвистикалық, сөйлеу, әлеуметтік, дискурстық, 
стратегиялық құзырет деңгейінде ғана емес, әлеуметтік-мәдени құзырет 
дәрежесінде игерген тұлға ретінде танылады.
5. ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының спецификасын нақтылай түсу 
арқылы жүйенің бағалау критерийлерін жетілдіру қажет. ҚАЗТЕСТ 
жүйесін дамытудың келесі кезеңінде тест тапсырмаларының мазмұнын, 
құрылымын жақсарту мәселесі күн тәртібінен түспеуі тиіс.
6. Тілдік білімді өлшеудің ұлттық жүйесін жетілдіру үшін Қазақстан 
азаматтарының, 
педагогикалық 
қауымдастықтың, 
ғалымдар 
мен 
техникалық мамандардың өзара әрекеттестігі қажет. Осы бағытттағы іс- 
қимылға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер

\Л/гідһі В. Затріе-Тгее іезі саІіЬгаііоп апсі регзоп теазигетепі. ЕТЗ 
Іп^ііаііопаІ Сопіегепсе оп Тезііпд РгоЫетз. МЕЗА Кезеагсһ Метогапсіит. 
пйр: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет