4. Жоғарыда көрсетілген типтерге сәйкес тезис құрылымын құрыңыз.
Әр белімде не айтатыныңызды, тезистің негізгі идеясын бір сөйлеммен
беріңіз. Әдетте, тезис мәтініндегі бір белімге (нақтырақ айтқанда, әрбір
идеяға) бір абзацтан сәйкес келуі керек. Егер сіздің бір беліміңізде
бірнеше идея болса, бұл белім бірнеше абзацтан тұрады. Осылайша, сіз
тезистің жоспарын түп-түгел жасап аласыз.
5. Жазған тезисіңізді мұқият оқып шығыңыз, тақырыптың толық
ашылуына бөлімдер мен абзацтар жеткілікті ме, тағы бір рет тексеріңіз.
Егер жеткіліксіз болса, толықтырыңыз. Әрбір абзацтағы ой жұмыстың
негізгі идеясын - нәтижесін // тұжырымын дәлелдеу үшін логикалық
байланыста болуы қажет. Қажет болған жағдайда абзацтардың ретін
ауыстыруыңызға болады. Мүмкін жұмыстың атауына түзету енгізу де
қажет болар. Бәрін қайта тағы бір рет пысықтап шығыңыз.
6. Тезисті ресімдеу талаптарын мұқият оқыңыз. Тезистің көлеміне мән
беруді ұмытпаңыз.
7. Дайын болған тезисті ғылыми жетекшіңізге, танысыңызға көрсетіп,
тезистің мазмұны, жаңалығы, жұмыстың стилі туралы олардың ой-пікірін
тыңдаңыз. Егер айтарлықтай түзетулер мен толықтырулар қажет десеңіз,
енгізіңіз.
8. Дайын тезисті конференцияның ұйымдастыру комитетіне жіберіңіз.
Тезис жазуға қой ы л а ты н ж а л пы талаптар
•
Әрбір пайымдау (тезис) қысқа әрі нұсқа болуы керек.
•
Әрбір пікір, пайымдау не логикаға, не ой-пікірге (эмпирика)
негізделуі тиіс.
Интернеттен немесе бұрын жазылған мақаладан «көшіріп»
алмаңыз.
Баяндама, реферат жазып кетпеңіз.
•
Ғылыми стильді сақтаңыз.
•
Оқырман дайындықсыз-ақ, сіздің тезисті түсінетін болсын.
П рактикалы қ тапсы рм а
Достарыңызбен бөлісу: