Қорытынды . Әсіресе Оралхан Бөкеев шығармаларында
бірден көзге түсетін, ішкі мазмұны бар пейзаж
-
қыс пейзажы.
Аппақ, таза қар барлық таза нәрсенің
-
өмірдің, қуаныштың,
бақыттың символы іспеттес. Табиғаттың әрбір құбылысынан
деталь тауып, сол арқылы есте қаларлық, динамизм мен
сұлулыкка толы образдар жасайды. Оралхан Бөкеев сонымен
бірге дәстүрлі эстетикалық пейзажды да шебер қолданады.
Оралхан Бөкеев табиғат қаталдығын, сұлулығын суреттей
отырып, оның адам өміріне тигізер әсерін тек шаруашылық
жағынан ғана емес, биологиялық жағынан да қарастырады.
Белгілі жазушы Оралхан Бөкеевтің көркемдік әлемін
қарастыра
отырып, оның адам, табиғат туралы ғажайып ойларын
түсінуге тырыстық. Жалпы параметрде алынған жазушының
негізгі тақырыбы үлкен бір доға
-
кемпірқосақ іспетті болса, оның
қаламынан
туған «Мұзтау», «Құм мінезі», «Қар қызы», «Сайтан
көпір», «Атау
-
кере» секілді повестері кемпірқосаққа өн беретін
түрлі
-
түсті реңктері сияқты.
Жазушы адамның өмірдегі орнына, бір
-
бірімен және
табиғатпен қатынасына көңіл бөле отырып, жұмыр басты,
сырттай қарағанда ешқандай айырмашылығы жоқ адамдарды
бір
-
бірінен ерекшелейтін не, олар неге ұмтылады, мақсаты
қандай
деген сауалдарға барынша жауап береді.
ӘДЕБИЕТТЕР
:
1. Горький М. Әдебиет туралы. Алматы, 1982
2. Қирабаев С. Шығармалар. (Сын
-
мақалалар) ІІ Т. Алматы. 1992
3. Бөкей.О. Таңдамалы шығармалар. І
-
том. Алматы, 1994
4. Бөкеев О. Біздің жақта қыс ұзақ. Алматы, 1984
5. Дербісалин Ә. Мезгіл және қаламгер. Алматы, 1968