132
туралы орыстың белгілі ақыны Александр Прокофьев былай
дейді:
«Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» деген жыры
жарияланған кез Ленинград қаласының аса бір ауыр шағы еді.
Бұл шақта, немістің қоршауында қалған Ленинградта азық өте аз
болды: күніне жұмыс істейтін адам 250 грамм, жай кісі 150 грамм
нан алды, ет, май дегенді халық өте аз және өте сирек көрді.
Үйлеріне
кіретін су тоқтатылды, отын атымен болмады. Жау
атқан снаряд пен бомбалардың салдарынан шынысы қирап,
терезе біткен аңырайып ашық тұрды, электр жарығы да нашар
жанды, тіпті қаладағы үйлердің көбінде болған жоқ.
Қалаға
жаудың оғы үздіксіз жауып тұрды.
Осындай ауыр кезде Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім»
деген жыры газеттерде жарияланды. Халықтың рухын көтеруде
ерекше көрінген бұл жырды Ленинградтың радиосы күніне
әлденеше
рет оқып тұрды. Жыр үлкен әріппен басылып,
көшелерде плакат боп ілінді. Сол плакатты үймелесіп оқысып,
көздеріне жастары сорғалаған талай адамды көрдім. Немістердің
самолеттері төбеде ұшып бомба тастап жүргенде, адамдар
тығылудың орнына, Жамбылдың жыры басылған газетті алуға
көшеде кезекте тұрған адамдарды талай көрдім»
–
деп жазады [2,
29-
30бб.].
Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі
Ленинград халқын және оның жауынгерлерін жігерлендіруде өте
зор қызмет атқарғанын жоғарыда айтылған естеліктерден айқын
аңғаруға болады.
«Ленинградты қорғау» деген атпен шыққан қалың кітапта
Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім»
деген өлеңі көрнекті
орын алды.
Өмір
мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен
кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай
болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва,
Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген
ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне
қайратына
қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен
«Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады:
Ленинградтық өренім,
133
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін…
Уа, қаһарман, өренім,
Мақтанышым, беделім!..
Қаласындағы
Лениннің
Сайып қыран, өренім! [3,109б.].
Жамбылдың соғыс тұсындағы әрбір жыры, майдан өмірінің
әрбір
асуына, соғыстың кәрлі қабағы қатты түйілген
әрбір
кезеңдердге байланысты туды. Алдырмас қамал Сталинград
қаласына
қауіп
-
қатер түйілгенде, Жамбыл атақты «Алынбас
қамал» деген жырын шығарды. Фашизмнің еңбір сұрыптап әкеп
салған ауыр қолы айлар бойы оқ пен оттың астына алып жатса да,
Сталинград мойымады.
Тыныштық күнде сөйлесем,
Төгілген тілден шекер
-
бал.
Қатерлі
күнде сөйлесем,
Сөзімде менің қаһар бар...
Жалын мен түтін ішінде,
Алынбас қамал пішінде.
Сталинград қалаң тұр,
Жартастай берік күшінде! ,
–
дейді Жамбыл [2,46б.].
Сталинградты қорғаушылардың ішінде Жамбылдың ең
жақсы көретін ұлы Алғадай бар еді. Жетінші гвардия Қызыл Ту
дивизиясының хабарлауы бойынша Алғадай өз пулеметінен
сексен фашисті өлтірген. Жамбыл жырлаған сұраншы, Саурық
батырлардың ұрпағы сияқты
Жамбылдың ұлы Алғадайда
соғыста ерлерше ерлікпен қаза тапқан.
Баласының ерлігіне сүйсінген Жамбыл «Алынбас
қамалында», Алғадай туралы былай дейді:
Жапырған жауды шалғындай,
Жібердім сонда баламды,
Сталинград қалаңда!
134
Қорғас
деп жүрек жанындай!
–
Алғадай,
–
дедім
–
аянба!
Әкеден
тудың Жамбылдай,
Жырымды жеткіз ерлерге.
Майданға қаққан дабылдай,
Толқыны жойқын Еділге,
Қосылсын
үнім дауылдай! [2,47б.].
Ұлы
Отан соғысы тұсындағы Жамбыл жырлары совет
дәуірінде туған жалынды жырлардың бірегейі. Ұлы Отан соғысы
жылдарында патриоттық рухта жазылған толғаулары үшін
Жамбыл Жабаевқа КСРО Халық Комиссарлар кеңесі 1941 жылы
Мемлекеттік сыйлық берді.
Достарыңызбен бөлісу: