жоғары жағының дәл ортасында орналасады. Келесі «РЕФЕРАТ» деген сөзді
қағаздың дәл ортасына бас әріптермен, қалың қаріппен жазасыз. Оның
астына «Тақырыбы» деген сөзден соң ұос нүкте қойып (:), рефераттың
тақырыбын жазасыз. Келесі автор туралы мәліметтерді жазасыз. Онда
рефератты жазған оқушының, не студенттің аты-жөнін, курсын, тобын,
мамандығын көрсетесіз. Ол тақырыптан соң 7-9 интервал төменде, қағаздың
оң жағында «Орындаған» деген сөзден соң жазылады. Ал оның астына
«Тексерген» деген сөзден кейін рефератты өткізетін адамның аты-жөнін
жазасыз. Титул бетінің ең соңына, қағаздың дәл ортасына мекеменің
орналасқан қаласын және рефераттың жазылған уақыты көрсетесіз.
Титул
бетінің үлгісін 1-қосымшадан қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: