Реферат жазуға арналған нұСҚаулық


Рефератты жазу бірнеше кезеңді қамтиды



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата11.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#137779
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
referatnusqau

Рефератты жазу бірнеше кезеңді қамтиды: 

Дайындық кезеңі.
Бұл кезеңде түрлі библиографиялық көздерді 
пайдалана отырып, белгілі бір тақырыпқа байланысты әдебиеттерді іздейсіз. 
Соның ішінде тақырыбыңызға сай ғаламтор желісіндегі мәліметтерді, 
ғылыми жұмыстарды, энциклопедияларды, анықтамалықтарды, сөздіктерді 
және т.б дереккөздерді табасыз. 

Орындаушылық
кезең
. Бұл кезеңде тапқан кітаптарды және 
өзге де әдебиеттерді оқисыз, оқылған еңбектерден мәтін жазбасын жүргізесіз, 
яғни тақырыбыңды ашатын жазбаларды, цитататаларды, тезистерді, 
конспектілерді жазып аласыз. 

Қорытынды кезең.
Бұл кезеңде қарастырылған материалдарды 
өңдеп, рефераттың негізгі бөлімін жазасыз. Соңынан пайдаланған әдебиеттер 
тізімін жасайсыз. 

Рефератты рәсімдеу
кезеңі. 
Соңғы кезеңде рефераттың титул 
бетін әзірлейсіз. Оған ең біріншң құжат шапкасы кіреді (министрліктің 
атауы, мектеп, колледж, ЖОО атауы, оның эмблемасы). Ол қағаздың 


жоғары жағының дәл ортасында орналасады. Келесі «РЕФЕРАТ» деген сөзді 
қағаздың дәл ортасына бас әріптермен, қалың қаріппен жазасыз. Оның 
астына «Тақырыбы» деген сөзден соң ұос нүкте қойып (:), рефераттың 
тақырыбын жазасыз. Келесі автор туралы мәліметтерді жазасыз. Онда 
рефератты жазған оқушының, не студенттің аты-жөнін, курсын, тобын, 
мамандығын көрсетесіз. Ол тақырыптан соң 7-9 интервал төменде, қағаздың 
оң жағында «Орындаған» деген сөзден соң жазылады. Ал оның астына 
«Тексерген» деген сөзден кейін рефератты өткізетін адамның аты-жөнін 
жазасыз. Титул бетінің ең соңына, қағаздың дәл ортасына мекеменің 
орналасқан қаласын және рефераттың жазылған уақыты көрсетесіз. 
Титул 
бетінің үлгісін 1-қосымшадан қараңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет